Кеше Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындыларын жариялады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов атап өткендей, облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларынан келіп түскен алдын ала деректерге сәйкес, 2016 жылғы 20 наурызда болған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда сайлаушылар дауысы төмендегідей бөлінді: «Нұр Отан» партиясына – 82,15%, Қазақстан Коммунистік халық партиясына – 7,14%, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына – 7,18%, «Бірлік» саяси партиясына – 0,29%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына – 1,18%, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 2%.
«Осылайша, «Нұр Отан» партиясы алда. Одан кейін Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Қазақстан Коммунистік халық партиясы тұр. Бұл партиялар заңда белгіленген 7%-дық кедергіден өтеді, бұл оларға Парламент Мәжілісінде болуына мүмкіндік береді», – деді Ортсайлауком басшысы Қ.Тұрғанқұлов брифингте.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде 2016 жылғы 26 наурыздан кешіктірмей белгілеуі тиіс.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Астанада жалдамалы пәтерлерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды
Есірткі • Бүгін, 23:00
Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Оқиға • Бүгін, 22:41
Хоккейші Уэйн Гретцкидің жейдесі 1,2 млрд теңгеге сатылды
Хоккей • Бүгін, 22:19
3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04