Андрей Иванов қазақ тілін Францияда жүріп-ақ үйренген
Француздың белгілі актері Жерар Депардьенің аудармашысы Андрей Иванов қазақ тілін Францияда жүріп-ақ үйренген болып шықты. Рас, Андрей Қазақстанның тумасы екен. Өскемен қаласында туып-өскен ол бұдан 7 жыл бұрын Парижге барып тұрақтапты. Бір қызығы, Қазақстанда жүрген кезінде назар аудармаған тірлігі – қазақ тілін үйренуді ол осында келгеннен соң қолға алған.
Андрей бала жасында музыкант болуды армандапты, бірақ негізгі кәсібі аудармашылық болып шыққан. Ол баянда ойнауға қатты ықыласты болыпты, нәтижесінде фортепиано, баян, гобой және скрипка аспаптарында ойнауды үйреніп алыпты. Ал өмір жолын Өскемендегі өнер колледжінде халық аспаптары факультетінде оқудан бастайды. Оны бітірген соң Алматыға келіп, консерваторияға тапсырады. Бірақ оқуға түсер алдында кенет тап осы оқуды оқығысы келетініне күмәндана қалады. Паркте ойланып отырғанында жанынан афроамерикалық бір жігіт өтіп бара жатады. Сол сәтте өзінің шетел тілдері факультетіне оқуға түсуі керек екенін ұғына қояды. Бұл уақытта ол француз тілін өз бетінше үйреніп те жүрген екен. Сөйтіп, Қазақ халықаралық қатынастар университетіне құжат тапсырады. Ақырында оқуға түсіп те кетеді.
Ал Парижге келгеннен кейін француздың Софи Марсо, Жерар Депардье, Кристофер Ламберт, Эммануэль Беар, Патрисия Каас, Мирей Матье, Мэтт Покора сынды өнер жұлдыздарының, сондай-ақ, боксшы Майк Тайсонның жаттықтырушысы Кевини Рунидің аудармашысы болады.
Руслан Игілік.

Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46