Кеше Астанада Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) «Қазақстандағы парламенттік сайлау: негізгі қорытындылар мен пікірлер» тақырыбындағы сараптамалық баяндаманы таныстыру мақсатында арнайы брифинг өткізді.
Басқосуға Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Алуа Жолдыбалина, АҚШ байқаушылар миссиясының өкілі, «Jamestown Foundation» зерттеу орталығының сарапшысы Джейкоб Зенн және саясаттанушы Марат Шибұтов қатысты.
Бірінші кезекте сөз алған Ерлан Қарин «Қазақстандағы парламенттік сайлау: негізгі қорытындылар мен пікірлер» тақырыбындағы сараптамалық баяндамада биылғы ғана емес, өткен жылдардағы сайлау заңнамасы мен сайлауларға салыстырмалы талдау жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы баяндама арқылы халық Қазақстандағы парламенттік сайлауды ұйымдастырып, өткізу тарихымен танысып, қорытынды жасай алады.
Сөзінің соңында Е.Қарин «Қазақстандағы парламенттік сайлау: негізгі қорытындылар мен пікірлер» тақырыбындағы сараптамалық баяндаманың жақын күндері ҚСЗИ-дің сайтында жарияланатынын мәлім етті.
Саясаттанушы Марат Шибұтов баяндамада парламенттік сайлау тұрғысындағы барлық ақпараттар қамтылғанын сөз етті. Сондай-ақ, ол Орталық сайлау комиссиясының сайлау жөніндегі нақты мәліметтері мен түзетулері де баяндамада көрініс табатынын айтты.
ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Алуа Жолдыбалина өз кезегінде сайлау науқанындағы үгіт-насихат жұмыстары барысындағы саяси партиялардың іс-қимылы жөнінде кеңірек талдау жасады.
«Үгіт-насихат бөлінген аралықта барлық партияларға өздерінің мақсат-міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларын насихаттауға теңдей мүмкіндік берілді. Олар өздерінің бұл мүмкіндіктерін барынша пайдалануға тырысты. Партиялардың республикалық басылымдарда насихатталуында айтарлықтай айырмашылықтар болған жоқ. Сонымен қатар, бұл сайлау науқанында барлық партиялар бұқаралық ақпарат құралдары ішіндегі телеарналарға көбірек жүгінді. Нақтылай айтқанда, партиялар телеарналардың мүмкіндіктерін барынша қолдануға тырысты», – деді А.Жолдыбалина.
Сонымен бірге, спикер өңірлердегі үгіт-насихат жұмыстары кезінде партиялар жергілікті телеарналардан кейін аймақтық басылымдарға көбірек назар аударғанын сөз етті. Оның айтуынша, партиялардың белсенділері өңірлердегі үгіт-насихат жұмыстары кезінде аймақтық басылымдардың мүмкіндіктерін қажетінше пайдалана білген.
Одан әрі А.Жолдыбалина саяси партиялар сайттарының да сайлау науқанындағы жұмыстарын атап өтті.
«Партиялардың сайттарындағы материалдардың жариялануы өз деңгейінде ұйымдастырылды. Әсіресе, «Нұр Отан» партиясының сайтын қарағандар саны мейлінше басым болды. Сол сияқты, «Ақ жол» және «Ауыл» партияларының да сайттары жақсы жұмыс атқарды. Олар күнделікті шаралар жөніндегі толық мәліметтер мен бейне көрсетілімдерді жариялауда кідіріс жасаған жоқ. Ал басқа партиялар бұл бағытта бірқатар кемшіліктерге бой алдырды. Нақтылай айтқанда, ҚКХП, ЖСДП, «Бірлік» партиялары өздері өткізген шаралар жөнінде мәлімет бергенімен, оның суреттерін, бейне түсірілімдерін өз сайттарына орналастыруға мүдделілік танытпағандай. Алдағы уақытта барлық партиялар өз сайттарының мүмкіндіктерін мейлінше толық пайдалануға тырысқаны жөн», – деді спикер.
Бұған қоса, сарапшы үгіт-насихат жұмыстары кезінде интернет порталдардың рөліне тоқтала келіп, олардың сайлау жөніндегі арнайы айдарларына көпшіліктің баса назар аударғанын жеткізді.
Сонымен қатар, А.Жолдыбалина әлеуметтік желілердің рөлі де өзіндік маңызға ие болғанын атап өтті.
«Сайлаудағы үгіт-насихат шараларында Партиялар әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін орынды қолдана білді. Әсіресе, саяси ұйымдар «Facebook» желісіне баса назар аударды. Жалпы, әлеуметтік желілерді ҚКХП, ЖСДП, «Ақ жол» және «Бірлік» партиялары кеңірек пайдаланды. Ал «Ауыл» партиясы Инстаграм желісіне көбірек көңіл бөлді», – деді ол. Бұдан бөлек, сарапшы «Нұр Отан» партиясының үгіт-насихат шараларын жүргізудегі тәжірибесінің молдығын, ақпараттық кеңістікті игерудегі ерекше іс-қимылдарын өз сөзіне арқау етті.
Ал АҚШ байқаушылар миссиясының өкілі, «Jamestown Foundation» зерттеу орталығының сарапшысы Джейкоб Зенн өз кезегінде Қазақстандағы парламенттік сайлаудың әділ әрі халықаралық талаптарға сай өткенін жеткізді.
«Мен сайлау науқаны кезінде Астана және Атырау қалаларында болдым. Сайлау барысында қандай да бір келеңсіздікке, заң бұзушылыққа куә болған жоқпын. Халық бұл саяси науқанда белсенділік көрсетті. Бұл Қазақстан халқының ынтымағын, өз еліне деген құрметін білдіреді. Жалпы, сайлау науқаны барысында, дауыс беру күні барлық байқаушыларға жоғары деңгейде жағдай жасалды. Бұдан біз Қазақстанның сайлаудың әділ, таза өтуіне мүдделілік танытқанын аңғарамыз. Бұл сайлау сіздердің мемлекеттеріңіз үшін өте маңызды екенін түсінемін», – деді Джейкоб Зенн. Оның сөзіне қарағанда, елімізде өткен парламенттік сайлау Қазақстанның дамуына тікелей әсер етеді.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50