Ғалымдар ойлап тапқан құрылғы қандағы қант құрамының деңгейін оңай, әрі әп-сәтте анықтай алады. Сондай-ақ, инновациялық жоба денедегі сұйықтықты басқаруға да мол мүмкіндік береді. Оқымыстылардың айтуынша, аталған тетіктің жақсы жұмыс істеуі үшін науқас жіпсіп, терлеуі керек.
– Бұл құрылғыны жасап шығаруда біз сан түрлі тәжірибе жүргіздік. Соның нәтижесінде қант диабетімен ауыратын науқастың қан құрамы құрылғы арқылы бақыланады, – деді оңтүстіккореялық ғалымдар.
Айта кетейік, адам денесіне жаңа құрылғының бақылаушы тетігі орнатылады. Сол арқылы дәрігерлер науқастың көңіл-күйін, дертпен күресу мүмкіндігін біліп отырады.
– Тәжірибе кезінде біз науқастың денесіндегі қант құрамының артқанын байқадық. Сондықтан, тетік арқылы қандағы глюкозаларды ыдыратып, қант мөлшерін төмендеттік. Бұл ем жүргізу тәсіліміз оң нәтиже берді, – дейді ғалымдар. Сондай-ақ, олар бұл тәжірибені екі ер азаматқа жүргізіп, құрылғының дәл жұмыс жасайтынына көз жеткізген.
Оңтүстіккореялықтардың жетістігіне шетелдік ғалымдар қызығушылық танытуда. Қант диабетімен сырқаттанатындар үшін аталған медициналық құрылғы алдағы жылдары қолданысқа енуі ықтимал. Әзірге олар бұл жобаны әлі де жетілдіруді көздеп отыр.
Төребек ТҰРМАНОВ.
• 25 Наурыз, 2016
Қандағы қанттың құрамы енді тез анықталатын болды

Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21