25 Наурыз, 2016

Еуропаны алапат апат елес кезіп жүр

255 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
шар-1Қазақстанда тыйым салынған «Ислам мемлекеті» делінетін халықаралық террорлық ұйым Еуропаға шабуыл жасау үшін 400-ден 600-ге дейін лаңкес дайындаған. Мұны нақтыланбаған дерек көзіне сілтеме жасай отырып, «Ассошиейтед пресс» агенттігі хабарлады. Олардың деректеріне қарағанда, лаңкестер Ирак пен Сирияның аумақтарындағы лагерьлерден шыққан. Терроршылардың, атап айт­қанда, жару және із кесу істеріне оқытып-үйретілгені атап көрсетіледі. Па­рижде бірқатар жарылыстар ұйымдастырған басбұзарлар топтарға бөлінген көрінеді. Бағыттары – Германия, Ұлыбритания, Италия, Дания мен Швеция делініп отыр. Лаңкестердің тағы бір тобы Түркиядан келді деген де ақпарат бар. Пальмира қаласына бақылау орнатты Сирияның үкіметтік әскерлері тарихи Пальмира қаласының батыс бөлігіне бақылау орнатқан. Бұл жөнінде Дамаскідегі сенімді дерек көзіне сілтеме жасай отырып, ТАСС хабарлады. «Қазіргі таңда әскерилер Пальмираның батыс бөлігін бақылауында ұстауда», – депті агенттіктің сұхбаттасы.  «Сирия армиясы Пальмираның тарихи бөлігінен 850 метрдей ғана қашықтықта тұр. Шаһардың толықтай азат етілетін уақыты да алыс емес», – деп қосып қойыпты өзінің сөзіне дерек көзі. Ал Пальмираны «Ислам мем­лекетінің» баскесерлері өткен жылғы жаздың басында басып алған болатын. Бір өкініштісі, лаңкестер шаһардың тарихи құндылықтарын қиратқан және ұрлап-тонап, талан-таражға салған көрінеді. Қаланы босату операциясы бірнеше күнге созылуда. шар-2Шешімді шаралар қабылдауға дайын Қытай үкіметі егер ұлттық экономиканың өсу қарқыны белгілі бір деңгейден төмен тү­сіп кетер болса, шешімді шаралар қол­данбақ. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік ке­ңе­сінің премьері Ли Кэцян мәлімдеді. Премьердің атап өтуінше, өсу қарқынының белгілі бір шектен төмендеуінің алдын алу үшін кешенді шаралар қабылданатын болады. «Қытай экономикасы өсу қарқынының мақсатты көрсеткіші үстіміздегі жылы 6,5-7 пайызды құрап отыр. Біздің құрылымдық реформалар жүргізіп отырғанымызды қаперге ала келгенде, болар-болмас ауытқулар орын алатыны заңды. Бірақ біз мұндай ауытқулардың экономикалық өсімге кедергі жасауына жол беріп қоя алмаймыз», – деп атап көрсеткен Ли Кэцян. Осы арада Қытай экономикасының дағ­дарысты жағдайларды бастан кешіріп отырғанын айта кеткен жөн. Қысқа қайырып айтқанда:
  • 1921 жылы жоғалып кеткен Conestoga әскери кораблі Калифорния жағалауларына жақын жерден табылды. Ол осыдан 95 жыл бұрын АҚШ-тың Сан-Франциско портынан шығып, Гавай аралдарын бетке алған екен. Бортында 56 адам болыпты.
  • Америка Құрама Штаттарының ең үлкен мегаполисі – Нью-Йорк қаласында 30 килограмм кокаин алып өтпекші болған стюар­десса қамауға алынды. Ал осы аралықта америкалық полицейлер АҚШ пен Мексиканың шекарасында ұзындығы 380 метрлік жер­асты тоннелін тапты. Есірткі тасымалдауға арналған бұл жасырын «жол» ақпан айының соңынан пайдаланыла бастаса керек. Операция барысында құны 6 миллион доллар тұратын 612 килограмм марихуана тәркіленген. Күдіктілер тұтқындалыпты.
  • Қытай үкіметі француздың ПСЖ және Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимовичке мансабын Аспанасты елінде жалғастыруға ұсыныс жасайтын секілді. La Reppublica басылымының жазуынша, Қытай үкіметі 34 жастағы фут­болшыға жылына 75 миллион еуроның келісімшартын ұсынбақ екен.
  • Украиналық боксшы, аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Владимир Кличко үстіміздегі жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпия ойындарына қатысу ниеті бар екенін мәлімдеді. Ол осыдан 20 жыл бұрын АҚШ-тың Атланта қаласында ұйымдастырылған Олимпиадада алтыннан алқа таққан болатын.
шар-3Пхеньянды өздері арандататын секілді Соңғы апталарда АҚШ пен Оңтүстік Корея Корей түбегі аумағында аса ірі әскери оқу-жаттығуларын өткізіп жатыр. Осы аралықта Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы тұрақты негізде шағын және орта қашықтықтағы зымырандарын сынау үстінде. Мәселен, КХДР қатты отын пайдаланылатын зымыран қозғалтқышын жерүсті сынағынан сәтті өткізіпті. Мұны ТАСС хабарлады. Сынаққа Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ынның өзі басшылық жасаған. Агенттіктің атап өтуінше, КХДР басшысы бұл сынақтың тарихи және стратегиялық маңызы зор екенін атап көрсетіпті. Өйткені, қозғалтқыш отандық технология негізінде өмірге келген. Ким Чен Ын қорғаныс өнеркәсібіне тартылған технологтар мен ғалымдарды табыстары үшін мақтап, мадақтай келе, олармен бірге ескерткіш суретке түсіпті. Аргентинаға сапар көңілді басталды АҚШ президенті Барак Обама мен оның зайыбы Мишель Аргентинаға сапарлары барысында танго биін билеуге мәжбүр болған. Олардың әріптестері ретінде кәсіби бишілер өнер көрсеткен. Аргентина президенті Маурисио Макри ұйымдастырған қабылдауда жоғары мәртебелі меймандарды осылайша көңілдендіруге шешім қабылданса керек. Сөз ретінде АҚШ президентінің өзінің сапарлары кезінде алғаш рет билеп отырмағанын атап көрсеткен жөн. Мәселен, 2015 жылдың 3 қыркүйегінде ол Аляскаға сапарлап барған еді. Сол кезде оған жергілікті халықтың биін билеуге тура келген-тін. Ал сол жылдың шілде айында бабаларының отаны – Кенияға сапары кезінде де жергілікті халықтың биін билеген болатын. Б.Обама Аргентинаға өзінің Латын Америкасына турнесі  шеңберінде 23 наурызда келсе, бұған дейін ол өзі «тарихи мүм­кіндік» деп атаған сапармен Кубада болған еді. шар-4Зардап шеккендер саны 300-ден асты Шығыс халықтары Ұлыстың ұлы күнін тойлап жатқан 22 наурыз күні Бельгияның астанасы – Брюссель қаласындағы «Маальбек» метросының стансасы мен Завентем әуежайында жарылыстар жасалғаны белгілі. Соңғы деректер бойынша, террорлық актілер салдарынан қаза тапқандар саны 31 адамға жетіп отыр екен, шамамен 300-дейі жараланыпты. 150 адам аурухана төсегіне таңылыпты. 61 адам интенсивті терапия бөлімінде жатқан көрінеді. Олардың ішінде халдері мүшкілдері де бар секілді. Бұл ақпаратты Бельгияның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып, ТАСС таратты. Ал бүгінде  жарылыс жасаған екі жанкештінің кім екені анықталған. Үшіншісі жарылыстан аман қалып, із жасырып үлгеріпті. Бүгін  үш күнге жарияланған қаралы күн аяқталады. Елдегі террорлық қатер деңгейі ең жоғары – 4-ші деңгейде тұр. Интернет материалдары негізінде әзірленді.