ОРАЛ. 18 наурыз. Батыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған 40 адам құтқарылды. Бұл туралы batysnewskz.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға Шыңғырлау ауданындағы Қотанкөл мен Қайыңды елді мекендерінің арасында болған. Бұл жөнінде 16 наурыз күні Орал шекара отрядына қарасты «Шыңғырлау» шекара комендатурасына төтенше жағдай бөлімінен хабар келіп түскен. Көктем келді деп жайбарақат жолға шыққан тұрғындар қыстың ақтүтек боранына тап болыпты.
«Қар мөлшерінің көп түскені соншалық, адам бойынан биік болған. Құтқару жұмысына жергілікті қожалықтар да көмек көрсеткен. Абырой болғанда, ешкім үсікке шалынып, зардап шекпей, отбасыларымен аман-есен қауышты. Тілсіз жаудың құрсауынан шыққандар шекарашыларға зор алғыс білдіріп отыр», – дейді Орал шекара отрядының 20/29 әскери бөлімінің өкілі Манарбек Қаракенов.
Шекарашылардың айтуынша, 40 адамның 20-сы мектеп оқушылары. Сондықтан жедел көмек ұйымдастырылып, жеңіл брондалған көп мақсаттағы құтқару көлігіне тиелген жылы киімдер мен ыстық тамақ далада қалғандарға жеткізілген. Қалың қарға батқан көліктерді сүйреп шығаруға тура келген.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: batysnewskz.kz.
• 18 Наурыз, 2016
Батыс Қазақстанда қар құрсауынан 40 адам құтқарылды

Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды
Шаруашылық • Бүгін, 08:27
14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше