АЛМАТЫ. 25 наурыз. Кеше Алматыда М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Театр көктемі – 2016» фестивалі басталды. Бұл туралы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жыл сайын Наурыз мерекесі және Халықаралық театр күніне орай өткізілетін дәстүрлі фестиваль театрдың бүгінгі бағыт-бағдарын анықтауға, репертуар саясатындағы ізденістерге жол ашуда, сондай-ақ драматургия, режиссер, актер өнерінің бүгіні мен ертеңін зерделеуге мүмкіндік береді.
Фестивальде алдымен кіші залда әлемнің көптеген елдеріндегі театрларда сан мәрте әртүрлі интерпретациялармен сахналанған «Медея» трагедиясы қойылды.
Шараның салтанатты ашылуында театр директоры Ерлан Біләл сөз сөйлеп, фестивальге қатысушыларды өнер мерекесімен құттықтады. Содан кейін КСРО халық артисі Асанәлі Әшімовтің қоюымен «Қаза мен жаза» спектакліне кезек берілді. Бұдан кейін көрермендер назарына өткен маусымдағы «Ай мен Айша» және «Қаза мен жаза» драмалары, биылғы премьелар - «Қоштасқым келмейді», «Алмас қылыш» ұсынылады.
Театр үшін 90-маусым үлкен табыстармен басталды. Тараз қаласында аталып өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесінде Мұхтар Әуезов театры «Қилы жол» тарихи драмасын ұсынды. Театр ұжымы Қырғызстанда өткен ARD ORDO халықаралық фестивалінде «Қас-қағым» трагедиясы үшін, Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы халықаралық фестивальде «Бейбарыс сұлтан» тарихи драмасы үшін бас жүлделер алды.
Айнаш Есали.
Дерек: М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі.
Сурет: silkadv.com.
• 25 Наурыз, 2016
Алматы қаласында «Театр көктемі – 2016» фестивалі басталды

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12