Футболдан Қазақстан құрамасы 26 наурыз күні Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құраманың биылғы бірінші ресми ойыны болған бұл матч Түркияның Анталья қаласында өтті.
Ойынды біздің жігіттер өте ширақ бастады. Бірден допқа иелік етіп, алға ұмтылған қазақстандықтар бар болғаны 8-минутта есеп ашып үлгерді. Атап айтқанда, Серікжан Мұжықов пен Бауыржан Исламханның ұйымдастырған шабуылына Мақсат Байжанов нәтижелі нүкте қойып, голдың авторы атанды.
Голдан қанаттанған жерлестеріміз бұдан кейін де бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Алайда, олар шешуші сәттерде мүлт кетіп, есепті еселеу мүмкіндігін пайдалана алмады. Әзербайжан ойыншыларының таразы басын теңестіру үшін жасаған әрекеттері де ешқандай нәтиже әкелмеді.
Екінші таймды қос команда да өте белсенді бастады. Тіпті, 56-минутта Сергей Хижниченкода есепті еселейтін тамаша мүмкіндік те болды. Бірақ оның қақпаға бағыттаған добы нысанадан қиыс кетті. Артынша Мақсат Байжанов дубль атану мүмкіндігін мүлт жіберді. Оның жолына Әзербайжан қақпашысы Кямран Агаев тосқауыл болды.
Ойын соңына дейін қарсыластар алма-кезек шабуылдағанымен, гол соғылмады. Жаттықтырушылардың тыңнан қосқан ойыншылары да ойын өрнегін айтарлықтай өзгерте алмады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетіп, футболшыларымыз отандық жанкүйерлерді бір қуантты.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Юрий Красножан қызметінен кеткелі бері футболдан ұлттық құрамамыздың бас жаттықтырушысы әлі тағайындалған жоқ. Сол себепті, аталған ойынға бас командамызды ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Нұркен Мазбаев пен «Ақжайық» командасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов бастап шықты. Сондай-ақ, жаттықтырушылар құрамында Андрей Ферапонтов пен Юрий Новиков бар. Бұл мамандардың жетекшілігімен Қазақстан тағы бір жолдастық кездесу өткізеді. Атап айтқанда, бүгін Тбилисиде футболшыларымыз Грузия құрамасымен сынға түседі.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25