ОРАЛ. 28 наурыз. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында Халықаралық театр күні өнер ұжымы жұмысын бастады. Бұл туралы 24.kz телеарнасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Театрдың режиссері әрі көркемдік жетекшісі белгілі актер – Еркін Тасболат. «Ұлы дала» атауын иеленген театр келешекте әлемдік деңгейдегі шығармаларды сахналауды мақсат етеді. Әзірге негізгі көрермені – жеткіншектер. Сондықтан болар, тұсаукесер қойылым шымылдығы да «Сақ бол» атты халық ертегісімен түрілді. Бұл туындыны көрермен жылы қабылдады. Безендірілуі, декорация мен актерлердің ойнау шеберлігі де көпшілік көңілінен шықты.
Театр директоры Айжан Хамидуллинаның айтуынша, бүгінде ұжымның 5 актері өнер саласында білім алып жүр. «Одан бөлек, бір музыкалық операторымыз бар. Әзірге ұжымымыз кішкентай. Соған қарамастан, алдағы уақытта облыс, республика деңгейінде қалып қоймай, Қазақстанның туын әлемдік деңгейде көтеріп, өзге мемлекетке апарып танытқымыз келеді», – дейді өнер ордасының басшысы.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: 24.kz.

Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Президент • Бүгін, 13:13
Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Туризм • Бүгін, 13:05
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда
Президент • Бүгін, 12:57
Мемлекет басшысы: Жаңа Конституцияда ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық
Президент • Бүгін, 12:49
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Медицина • Бүгін, 12:30
Ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 500-ден астам көлік анықталды
Қоғам • Бүгін, 12:23
IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05
Қазақстанда бірыңғай QR-төлем жүйесі қашан іске қосылады?
Қоғам • Бүгін, 12:02
Түркістанда кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:56
Таиланд визасыз режимді неге 30 күнге дейін қысқартты?
Әлем • Бүгін, 11:35
Елімізде электронды кітапхананы пайдаланғандар саны 3,6 миллионнан асты
Кітапхана • Бүгін, 11:24
Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 11:06
Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:52
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Технология • Бүгін, 10:44