ҚАРАҒАНДЫ. 21 сәуір. Теміртау қаласында бес қабатты үйдің қапталына тұтастай граффити үлгісімен сурет салған белгісіз автордың өнері қала тұрғындарын ғана емес, желі қолданушыларын да тәнті етті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Белгісіз суретші бір түннің ішінде Теміртаудың 9-шы ықшам ауданындағы №96 тұрғын үйдің қаптал қабырғасына Францияның әйгілі суретшісі Анри Матисстің «Би» деп аталатын картинасын көшіріп салған. Картинаға енгізілген бір ғана өзгеріс – граффити суретте бишілер түтіні будақтап жатқан алып мұржаны айнала би билеп жүр.
Көп ұзамай граффити суретті салған Павел Кас деген қазақстандық стрит-арт-суретші екені анықталды. Ол өзінің мұндай әрекетке қаладағы экологиялық ауыр ахуалға жұртшылықтың назарын аударту үшін барғанын желідегі Instagram парақшасына жазып, граффити салынған үйдің суретін жүктеген.
Граффити авторы белгілі болғаннан кейін Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов суретшіге қатысты ешқандай жауапкершілік шарасының қолданылмайтынын мәлімдеді. Мұны облыстық ішкі істер департаменті де қуаттады.
Ал түн жамылып сурет салған Павел Кас 13-15 мамырда Шымкент қаласында өтетін Shymkent Art Days 2016 заманауи өнер фестиваліне шақырту алды.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: egemen.kz.
• 21 Сәуір, 2016
Теміртаудағы ең үлкен граффити суреттің авторы табылды

Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Технология • Бүгін, 12:47
Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды
Білім • Бүгін, 12:43
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
Қоғам • Бүгін, 12:37
Ұлттық банк электронды ақшаға қатысты өзгеріс енгізді
Қоғам • Бүгін, 12:28
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Оқиға • Бүгін, 12:19
Диқандар биыл дизельді қанша теңгеге сатып алады?
Шаруашылық • Бүгін, 12:02
Астанада LRT осы аптада іске қосылады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Елімізде қандай мамандар тапшы?
Еңбек • Бүгін, 11:42
Әлем • Бүгін, 11:27
Қазақстанда жан басына шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллардан асты
Экономика • Бүгін, 11:13
«Астана» футболшысы әлем чемпионатында ойнайды
Футбол • Бүгін, 11:12
Арыста ағайындылар ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген
Есірткі • Бүгін, 11:00
Месси футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?
Футбол • Бүгін, 10:50
«Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевтың голына тәнті болды
Футбол • Бүгін, 10:45