Азуын айға білеген «Астана арландарының» «Венесуэла Касикес»командасын жеңетіндігіне көңіліміздің сенгені соншалықты, оған балшы, бақсы, құшынаштар көріпкелдігінің түк те керегі жоқ болатын.
Шымкенттегі «Цирк» манежінде өткен алғашқы күнгі айқас 4:1 есебімен «арландардың» есебіне жазылды.
Келесі күні қонақтардың ешқайсысына жеңіс бұйырған жоқ.
52 кило салмақтағы Азамат Исақұловтың қарсыласы Иол Финол он тоғыз жаста болса да 7 рет шаршы алаңға шығып, төртеуінде жеңіске жеткен жігіт. Бірақ, біздің сайыпқыранға ол жағы әсер еткен жоқ. Түлкі індеткен қасқырдай ізіне түсіп шаршы алаңда тықсырды да жүрді. Оңтайы келгенде оң қолмен опыра ұрып, бетпе-бет келгенде бес-алты соққыға көміп тастады. Үшінші раундта Азаматтың соққысынан Финолдың аузындағы капасы ұшып кеткен. Алапат ұрыс салған Исақұловтың өз күшін дұрыс есептемегені төртінші раундтың ортасында байқалып қалған. Қарқыны бәсеңдеген соң Финол алға ұмтылды. Үш төрешінің екеуі венесуэлалық жігітке жақ тартты. Соңғы раундта да солай болды.
Азамат алғашқы үш раундтағы таза алған ұпайларының арқасында 2-1 есебімен жеңіске жетті.
Ал Закир Сафиулиннің (60 кило) қамшы салдырмайтынын білгенбіз. Оның ұрыс мәнері ешкімге ұқсай бермейді. Бір қырындап екі қолын салбыратып жіберіп, қарсыласына дүрсе қоя береді. Ол оңай олжа көріп, тап бергенде оң, сол қол екі жағынан қанжардай қадалады.
Қарсыласы Луис Карбер дұрыс соққы дарыта алмай әбден пұшайман болды.
Қаласа раунд арасында өзін тынықтыра да білетін Закир бес раундқа күшін әбден шамалапты. Бесінші раундтан соң да суытылған жарау аттай ойнақшып тұрды. Ешбір төреші жеңісіне күмәнданған жоқ.
Закирдің шымкенттік жерлесі Бекзот Халметовтің (69 кило) қарсыласы Габриэл Маэстраның қайратын Лондон олимпиадасында көргенбіз. Иықты, қолы ұзын, орта және алыс қашықтықта өзін судағы балықтай сезінетін Маэстраңыз Рио де Жанейроның жолдамасын қалтасына басып алған дөй.
Раунд сайын өкшесін басты да отырды. Габриэлдің екі соққысына намыс тұла бойын жандырған сайыпқыранымыз төрт соққымен жауап беруге тырысты. Рас, Маэстраның әруағы асқан тұстары да болды. Көсеудей қолдары аш бүйірден сүңгідей қадалып жатты. Бірақ, Бекзоттың жеңіске деген құштарлығы Габриэлдің екпінін тау суындай басты да отырды. Төрешілер алғашқы екі раундта Маэстро жағында болғанымен, соңғы үш раундта Халметовтің жеңгеніне күмәнданған жоқ.
Арман Рысбекке (81 кило) көбірек сенген едік. Қоян-қолтық айқастың жігіті еді. Басын қарсыласының басына тіреп қойып, қойғыласуда дес бермейтін. Венесуэлалық Налек Корбаж дегеніңіз де осындай сойқан екен. Нағыз келсең келдің өзі. Қайта біздің Арман «мына пәленің беті құрысын» дегендей, екі-үш мәрте тайқып кетіп, ұрыс салды. Соңғы раундта төрешілердің үшеуі де Налек мықты дегенімен бес раундтың қорытындысымен Рысбек жеңіске жетті. Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев Өскеменде өткен жарыста өзбек боксшысы Абдуллаевты еркін еңсерген еді. Эдгар Мунис бойы тапалдау болғанымен денесі тығыз. Алғашқы раундта Қамшыбекті шаршы алаң бұрышына қуып тығып, соққы астына алғанда «соңы қалай болар екен» деп қылпылдап қалғанбыз. Қамшыбек ердің сойы екен. Екінші раундта жағынан опыра ұрып, еденге жалп еткізді. Нокаут!
Жалпы есеп 9:1. Арландардың жартылай финалдағы қарсыласы – «British Lionhearts».
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:53
Қазақстанның екі дзюдошысы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 17:22
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Бүгін, 16:40
Әскери дипломаттар Қытайда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті
Қоғам • Бүгін, 16:32
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:40
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 15:10
Президент Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 14:50
Мәскеуде Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад басталды
Әлем • Бүгін, 14:31
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Бүгін, 14:03
Жоғарғы Сот төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Тағзым • Бүгін, 13:53
Мәулен Әшімбаев майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды
Тағзым • Бүгін, 13:40
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Қазақстан • Бүгін, 13:37
Франция елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына құрмет көрсетті
Қоғам • Бүгін, 13:07
Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Елорда • Бүгін, 12:28
Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
Спорт • Бүгін, 12:04