АТЫРАУ. 26 сәуір. Атырау қалалық №2 соты облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының бұрынғы басшысы Салават Ишайды қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыс жасады деп таныды. Оған аталған кодекстегі 55-бапты қолдану арқылы 8 млн. 820 мың теңге айыппұл салынды, сонымен бірге, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымды иелену құқығынан айрылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, Салават Ишай Unicorn CCC және «Мистер Доорс-Атырау» жауапкершілігі шектелген серіктестіктерінің жауапты тұлғаларының техника қауіпсіздігі жөніндегі білімін тексеру жөніндегі комиссиясының жетекшісі болып тағайындалған. Компания құрылтайшысы А.Кимнен компанияның техника қауіпсіздігі бойынша оқытудан өткен әр тұлғасы үшін сертификаттар мен куәліктерге қолға қоюға 3000 теңгеден сыйақы талап еткен. Кейін А.Ким бұл талаппен келісіп, арадағы делдал, яғни, компания қызметкері арқылы 294 000 теңге беріп жіберген. Сол күні Салават Ишай өзінің қызметтік кабинетінде жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлерімен параны алғаннан кейін ұсталған» – деді облыстық соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу барысында процессуалдық келісім талаптарын сақталды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Фото: Рахым Қойлыбаев.
• 26 Сәуір, 2016
Атырау соты шенеунікке 8 млн. 820 мың теңге айыппұл салды

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:53
Қазақстанның екі дзюдошысы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 17:22
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Бүгін, 16:40
Әскери дипломаттар Қытайда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті
Қоғам • Бүгін, 16:32
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:40
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 15:10
Президент Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 14:50
Мәскеуде Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад басталды
Әлем • Бүгін, 14:31
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Бүгін, 14:03
Жоғарғы Сот төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Тағзым • Бүгін, 13:53
Мәулен Әшімбаев майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды
Тағзым • Бүгін, 13:40
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Қазақстан • Бүгін, 13:37
Франция елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына құрмет көрсетті
Қоғам • Бүгін, 13:07
Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Елорда • Бүгін, 12:28
Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
Спорт • Бүгін, 12:04