26 Сәуір, 2016

Содырлар қаланың бір бөлігін басып алды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-04-2016 talibanАСТАНА. 26 сәуір. Ауғанстанның Түркменстанмен шекаралас жатқан Бадгис провинциясындағы Кадис уездінің бір бөлігі «Талибан» лаңкестерінің қарамағына өтті. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәліметтер бойынша, аталған топтың содырлары Кадис – Калаи-Нау тас жолын жауып алған. Кадис уездінің басшысы шабуыл кезінде 1 полицейдің жарақат алғанын, ал қарсы топтан 5 экстремистің көзі жойылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, оның айтуынша, қақтығыс әлі де жалғасады. Бадгис провинциясы губернаторының баспасөз хатшысы Халед Софи үкімет әскері қаланы лаңкестерден құтқару үшін барын жасап жатқанын айтты. Ал Ауғанстанның қорғаныс министрлігі өткен күні «Талибан» тобына қарсы арнайы операциялар кезінде 33 терроршының қаза тауып, 29 содырдың жараланғанын хабарлады. Аян Әбдуәли. Дерек: «Интерфакс». Фото: tvc.ru.
Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15