АСТАНА. 28 сәуір. Осы күндері Мадрид қаласының «Реал» мен «Атлетико» клубтары бүкіл Еуропаны дүрілдетіп тұр. Қазір олар Испания чемпионатын былай қойғанда, қарт құрлықтың басты клубтық жарысын жеңіп алуға жанталасып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кеше Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Реал» Манчестер қаласынан Пиреней түбегіне бір ұпай әкетсе, бүгін Мадридте «Атлетико» Германияның «Бавария» клубын 1:0 есебімен жеңіп, финалға бір қадам жасады.
Бұл кездесуде «Атлетиконың ойыншысы Ньигес 11 минутта есеп ашты. Оның осы добы ойынның тағдырын шешті. Бұдан кейін де командалардың гол соғуға мүмкіндіктері болды. Әсіресе, «Бавария» екінші таймда есепті теңестіруге талай мүмкіндіктерді жіберіп алды. Германия клубының Левандовски, Коман, Рибери, Видаль мен басқа да ойыншылары қауіпті жағдайлар жасады. Алайда, олар таблодағы есепті өзгерте алмады. Кездесуде командалар «Висенте Кальдерон» стадионынан тең есеппен тарқасты. Енді келесі аптада Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионы«Атлетико» мен «Баварияға» нағыз сынақ алаңы болады. Осы ойында Чемпиондар лигасының финалына қай жасақтың баратыны анықталады.
УЕФА Чемпиондар лигасы 1/2 финалындағы қарсыластардың бірінші матчы.
27 сәуір. Мадрид. «Висенте Кальдерон» стадионы.
Төреші: Марк Клаттенбург (Англия)
«Атлетико»(Мадрид): Облак, Луис, Савич, Хименес, Хуанфран, Аугусто, Коке, Габи (капитан), Ньигес (Томас 85’), Гризманн, Торрес
«Бавария»:Нойер, Бернат (Бенатиа 77’), Алаба, Мартинес, Лам (капитан), Алонсо, Видаль, Алькантара (Мюллер 70’), Коста, Коман (Рибери 64’), Левандовски
Ескерту алды: Ньигес 85’ — Коста 40’, Нойер 82’, Бенатиа 82’ , Видаль 88’
Гол: Ньигес 11’
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: eurosport, euro-football.ru, EPA/URG
Видео: vkontakte әлеуметтік желісі.
• 28 Сәуір, 2016
"Атлетико" Чемпиондар лигасының финалына бір қадам жасады

Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30