Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3266 материал табылды

Пікір • 31 Қаңтар, 2025

Әл-ауқатты жақсарту – басты міндет

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналатынын тағы да еске салып өтті. Осы орайда жұмысшы мамандықтарын игерген азаматтардың беделін, әлеуметтік әлеуетін көтеру мәселесі бас­ты назарда болмақ.

Пікір • 31 Қаңтар, 2025

Жаһандық прогреске жету жолы

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру ісіне, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында осы бағыттағы жетістіктерге баға берді. Әрбір азаматтың мәліметі сапалы түрде жүзеге асып қана қоймай, құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін сенімді жүйеге айналуы өте маңызды.

Салық • 31 Қаңтар, 2025

«Көлеңкелі» экономикаға қарсы күрес күшейеді

Салық-бюджет реформасын іске асыру шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте салықтық әкімшілендіруді күшейту жөнінде кеңес өткізді.

Пікір • 31 Қаңтар, 2025

Отандық өнімді қолдау жалғасады

Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің экономикалық дамуына, инфрақұрылымдық жобаларға, әлеуметтік саясат пен туризмге қатысты өзекті жайттар талқыланды. Негізгі мәселе халықтың экономикалық әлеуетін көтеру туралы болды. Ол үшін аймақ пен қала әкімдері өңірлерге белсенді инвестиция тарту керектігін Президент ерекше атап өтті.

Пікір • 31 Қаңтар, 2025

Нағыз шаруаға субсидия жетпей тұр

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы субсидияға арнайы тоқталып, жермен, малмен жұмыс істейтін нағыз шаруалар туралы мәселені көтерді. Расында, субсидия дегенді шаруашылыққа көлденең келіп қалған кейбіреулер таза бизнеске айналдырып алған. Екпеген егінін ектім деп, жоқ малды бар дейді. Сөйтіп, субсидияны сыпырып алып отырады.

Пікір • 31 Қаңтар, 2025

Көлік инфрақұрылымын өркендету қажет

Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралып, Мемлекет басшысы одан әрі дамыту үшін айтарлықтай әлеуеті бар көлік-логистика саласына баса назар аударды. Жиында Президент еліміздің халықаралық аренадағы бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі ретінде Транскаспий дәлізін дамытудың және транзиттік әлеуетінің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Пікір • 31 Қаңтар, 2025

Жаңа инвестициялық кезең

Инвестициялардың ел экономикасының негізгі драйвері ретінде жаңа кәсіпорындар, озық технологиялар және жұмыс орындарын құруда маңызы аса зор. Бүгінде еліміздің әлеуеті тиімді және ауқымды инвестицияларды қабылдай алатын деңгейде. Оған кейінгі жылдары жүзеге асып жатқан саяси-экономикалық реформалар мүмкіндік беріп отыр. Еліміздің географиялық ерекшелігі де инвестициялық жобалардың стратегиялық маңызын арттыра түседі.

Digital • 31 Қаңтар, 2025

Жасанды интеллект: мүдде мен міндет

Қазір әлем елдері арасында технологиялық бәсекелестік ерекше қарқын алды. Тіпті үдей түсті. Алайда цифрлық дәуірдің көшіне ілесу оңай емес. Алдымен ол үшін әрбір мемлекет өз даму жолын айқындап алғаны жөн. Мұндай жағдайда жасанды интеллектінің әлеуетін тиімді пайдалануға болады. Жақында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор. Жасанды интеллектіні дамыту алдыңғы қатарға шықты, соған байланысты технологиясы дамыған алып елдер арасында бәсеке қыза түспек», деді. Сондықтан еліміздің технологиялық болашағы жасанды интеллектіні қанша­лықты игереді – соған байланысты алдағы уақытта бұл салада қандай өзгерістер орын алады, бәсекеге дайынбыз ба, үкімет қандай қадам жасап жатыр? Осыған қатысты дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдастырып, оған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жасанды интеллект технологиялары кафедрасының меңгерушісі, ғалым Бибігүл Разахованы, Жасанды интеллект технологиялары кафедрасының зерттеушісі, PhD Нұрзада Амангелдіні, Ақпараттық және есептеу технологиялары институты бас директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, PhD Өркен Мамырбаевты, IUTH университетінің аға оқытушысы, PhD Нұржан Әбдіразақовты және ІТ-маманы Мейіржан Әуелханұлын шақырып, өзекті тақырып жөнінде ой бөлістік.

Басылым • 31 Қаңтар, 2025

Оңайгүлдің ой әлемі

Бүгін, міне, тағы бір кітап ортамызға озды. Аты да ерекше. «Ағаштар үнсіз өседі». Неге үнсіз өседі? Неге улап-шулап, айналасын даңғаза қылып, өлерменденіп, өршеленіп өспейді? Атам заманнан бері келе жатқан ағаш философиясын Оңайгүл ақын былайша бедерлепті: «Ағаштар үнсіз өседі, Үнсіздік – оның шыдамы, Ағаштар үнсіз өседі, Үнсіздік оның – құраны». Десе дегендей, өзі де өлеңді үндемей жазады. Яғни жаңағы ағаш кейіпкері секілді үндемей өседі. Бірақ үндемегенімен Оңайгүл шайыр – оңай шағылатын жаңғақ емес. Бұл ойымызды мына жинағына енген ойлы өлеңдері қуаттай түседі.

Жәдігер • 31 Қаңтар, 2025

Танымал отбасының сыйы

Қыш құман қазақ халқының көне дәуірден келе жатқан асханалық ыдыстар тобына жатады. Сұйық тағамды (сусындар, сүт, т.б.) тасымалдау және сақтауға арналған қыш ыдыс бүгінде «Анаға құрмет» музейінің «Ыдыстар эволюциясы» экспозициясында көрмеге қойылған.