Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24062 материал табылды

Зерде • 02 Сәуір, 2025

Босағада қалған кетпен

Көкірегін жүз батпан зіл басып кеткендей болды. Ел-жұрттың көзінше, ду қол шапалақ астында аупартком хатшысы доп-домалақ темірді дәл жүрек тұсына тақты. Тағы да үсті-үстіне қол шапалақ. «Оу, менен басқалар да шауып жатыр ғой кетпенді. Орденді соларға да тақпай ма? Әсіресе анау қосақ­тарын соғысқа шығарып сап, бірінен қара қағаз келіп, бірі сарғайып хат күтіп жүрген келіншектерге тақса... солардың көкірегі сәл де болса исініп қалар еді, темір де болса көкіректеріне салмақ түсіп, көңілдеріне демеу болар еді».

Пікір • 01 Сәуір, 2025

Сөзінің салмағы жоқ сарапшылар

Таяуда медицина ғылымынан кандидаттық диссертация қорғаған, өз саласында ортанқол маман, орта жастағы азаматтың әлеуметтік желідегі сирек металдар туралы жазбасына көзім түсті. Әрі қарай үңілсем, әскери тақырыпқа, әлемдегі саяси ахуалға қатысты пікірін жазған болыпты. Соны дүние емес, талай мәрте БАҚ арқылы да, ғылыми ортада да айтылған, талқыға түскен таптаурын әңгіме. Бәлкім, өз саласына қатысты кәсіби ойын білдірген болар деп қарап едім, таппадым. Жазсын, ой қозғасын. Кең уақыт, әркімнің «өз сөзі өзінде» болған заман ғой.

Сенат • 01 Сәуір, 2025

Күн тәртібі бекітілді

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтіп, онда депутаттар 3 сәуірдегі Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Саясат • 01 Сәуір, 2025

Сенат төрағасы Словения Президентімен кездесті

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен кездесті. Сұхбат кезінде тараптар екі елдің ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ парламентаралық байланысты нығайту барысы әңгімеге арқау болды.

Жансарай • 01 Сәуір, 2025

Тамыры терең бәйтерек

Студент кезімде академик Сәбит Байзақұлынан дәріс тың­да­дым. Кейін ұзақ жылдар бойы бір кафедрада қатар қыз­мет істедім. Сонда мені зерделі ғалымның еңбекқорлығы қай­ран қалдыратын. Уақытты қатты бағалайды. Үнемі қолы­­нан қалам-қағазын түсірмей жұмыс істеп отырады. Шы­ным­ды айтсам, өз басым Сәбит ағадан көп тәлім-тәрбие алдым. Оның жетекшілігімен кан­ди­дат­­тық еңбегімді қорғадым. Сондай-ақ ғылыми жұмыс­тар­ды ұйым­­дас­тырудың қыр-сырын меңгердім. Кейін өзім де кафедра мен деканат басқарғанда ұстазымнан алған үлгі-өнегемді іске асыр­­­­­дым.

Тұлға • 01 Сәуір, 2025

Нұрғиса: Біртуар өнер тұлғасы өмірінің белгісіз беттері

Куә бол, айым… Бұл әңгімені жазуға талай рет оқтал­дым. Отырып та көрдім, ақ қағаз бен қара қаламды әурелеп те көрдім. Бірақ ештеңе өнбеді. Таңғалдым. Неліктен? Нұрғиса ағамен он сегіз жыл бойы араласқан едім. Күндіз-түні десе де болғандай. Мен білмейтін сыры қалмаған сияқты еді. Менсіз дастарқан басына отырмайтын. Шақырып алатын немесе өзі келетін.

Тұлға • 01 Сәуір, 2025

Көпеннің әзілін сағындық...

Әйгілі сатирик-ақын, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының, Отырар ауданының құрметті азаматы Көпен Әмірбек арамызда жүргенде 75 жасқа толар еді...

Қоғам • 31 Наурыз, 2025

Тіл - елдіктің туы

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің терең тамырларында жатқан тіл мәселесі – ұлттың болашағын айқындайтын маңызды факторлардың бірі. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол ұлттың рухы, мәдениеті, дәстүрі мен тарихының сақтаушысы.

Мереке • 30 Наурыз, 2025

Ораза айт құтты болсын!

Аса қамқор ерекше мейірім­ді Алланың атымен бастаймын! Бар­­лық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пай­ғам­барымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Жұмысшы мамандықтар жылы • 29 Наурыз, 2025

Жұмысшы кадрға сұраныс күшейді

2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануы ел арасында еңбегі еленбей жүр­­ген азаматтардың еңсесін бір көтеріп тас­тады. Экономикалық озық көрсеткіштер мен дамып келе жатқан әлеу­меттік хал-ахуалдың арғы жағында білекті һәм білімді азаматтардың тұрғаны белгілі. Білім демекші, осы орайда жұмысшы мамандарды даярлаумен айналысатын білім орда­ларының да мүмкіндігі мен әлеуеті алдыңғы қатарға шыққаны жөн секілді.