Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23827 материал табылды

Тұлға • 08 Ақпан, 2025

Мұқағалитану орталығы керек

Ойлап қарасақ, Қонаев қаласынан «Мұқағалитану мәдени орталығын» ашатын мезгіл жеткен секілді. Оның ұлтқа да, ұрпаққа да пайдасы тиер еді. Себебі Мұқағали Мақатаев екінің бірі емес. Бірегей ақын! ХХ ғасырдың шекарасынан тоқтаусыз өткен, ХХІ ғасырға жарқырап жеткен жампоз.

Руханият • 08 Ақпан, 2025

Жылдам хабар алғызған

«Өткен күннің артта қалып елесі, жылжи берер уақыттың кемесі» демекші, зымыраған уақыт шіркіннің бір орнында тұрмайтыны ақиқат-ау! Сонау сексенінші жылдардың басына таман талдырмаш келген қараторы келіншек Рысбала Әбдіқадырова «СҚ»-ның табалдырығын имене аттап, меншікті тілшілер қосынының жетекшісі Кеңесхан Зәкен ағамыздың қарамағында қызмет атқаруға кірісіп еді. Кейін «Егемен Қазақстан» атанған айтулы басылымның маңдайалды қызметкері болған ол күн сайын тыным таппай, облыстағы меншікті тілшілермен хабарласып, өзекті деген материалдарды жеделдетіп қабылдап алып отырудың хас шеберіне айналды.

Қоғам • 08 Ақпан, 2025

Рухани мұрат және отбасы құндылығы

12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толды. Бұл – бағалай білгенге ауқымды істерді атқаруға бе­рілген үлкен мүмкіндік. Кезінде Алматыдағы шағын ғана ғимаратта өз жұмысын бастаған мүфтият бүгінде үлкен рухани ордаға, Қазақстан мұсыл­мандарының қарашаңырағына айналды.

Пікір • 07 Ақпан, 2025

Ең алдымен өзгеріс санада болуы қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кіріскелі елде халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бірқатар саяси-экономикалық реформа іске асырылды. Мемлекеттік басқару, азаматтық бақылауды күшейту, сот жұмысында ашықтықты қамтамасыз ету секілді бас­тамалар көптің көкейіндегісін дөп басты деуге болады.

Пікір • 07 Ақпан, 2025

Отбасыны қолдау орталықтары көбейіп келеді

Заң үстемдігі қағидатын нығайту және әйелдер мен балаларды заңнама­лық қорғау – реформаның әрі мемле­кет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы осы бағытқа, яғни бала құқықтарына барынша назар аударып келеді.

Білім • 07 Ақпан, 2025

Ынтымақтастық ырысқа бастайды

Биылғы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында елордадағы Кәсіп­тік-техникалық колледжде ашық есік күні өтті. Онда атал­­ған білім мекемесі мен қаладағы ірі жұмыс беруші кәсіп­орын­дар арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы сөз болды.

Саясат • 07 Ақпан, 2025

Цифрлық ізденістермен танысты

Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кеңсесінде болды. Онда грузиялық делегацияға Қазақстанда теміржол саласында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер ұсынылды.

Көрме • 07 Ақпан, 2025

«Ленинградтық өренім» көрмесі ашылды

Астанада Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісінің 80 жылдығына орай «Ленинградтық өренім» көрмесі ашылды.

Таным • 07 Ақпан, 2025

Қайтпай сұлтан немесе тарихи тұлғаның беймәлім қырлары

Қасиетті Мәдина қаласындамыз. «Исламның күмбезі» атанған бұл шаһар – миллиондаған мұсылманның бейресми астанасы. Киелі мекенге табанымыз тигеніне сенер-сенбесімізді білмей, ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың қабіріне зиярат етіп, екіұдай сезім құшағында тұрғанбыз. Қатты толқып кеткенімізді сезсе керек, жолбасшымыз Дастан Құрманбаев Пайғамбар мешітінің тарихына арналған музеймен танысып шығуды ұсынды.

Тұлға • 07 Ақпан, 2025

Өлеңмен өрілген өмірбаян (Ақынның «Анкетама қосымша» жыр-баяны хақында)

Жұбан Молдағалиев – ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармашылығы, өмір жолы туралы аңызға бергісіз әңгіме, естелік айтылып та, жазылып та келеді. Қазақ аман болса, әлі айтыла да, жазыла да бермек.