Тағзым • 29 Наурыз, 2025
Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қарағанды ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жұмекен – қазақ поэзиясының алтын сандығы» атты библио микс іс-шарасы өтті. Оған 2 «а» сынып оқушылары қатысты.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2025
Президент тапсырмасымен Екібастұзда ашылған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы қала балаларына шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше мүмкіндіктер ұсынады. Орталық 9 мыңнан астам жас талантты, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды да қабылдай алады.
Зерде • 29 Наурыз, 2025
Шатыршадан шығып, елінің шарапатына бөленген
Шатырша – Арқаның асқақ биігі Ақсораңның бауырласы іспетті. Көкке шаншыла біткен жақпар тасты ұшар басы өміршеңдік пен өршілдікті, тектілік пен асқақтықты танытқандай. Қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, публицист, алаштанушы, тіл жанашыры, суретші, сазгер, мемлекеттік қызмет ардагері, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Қайырбек Сәдуақасовтың қайраткерлік жолы осы Шатыршадан басталды.
Тарих • 29 Наурыз, 2025
Тауарихтың 1680–1688 жылдары аралығында Тәуке хан таққа отырғанда Шеген би жетірудың атақты билерінің бірі болғаны белгілі. Рубасылар, билер елдің тұтастық, тыныштық және басқа саяси мәселелеріне тікелей араласуы осы кезден басталады. Тәуке хан билік жүргізудің бұрын-соңды болмаған жаңа түрін енгізуді ұйғарды. Осы себептен елдегі ең беделді, сенімді, әділ және өте шыншыл адамдарды іріктеп, «билер кеңесін» құрған. Бұған қазақтың ұлы жүзінен, орта жүзінен, кіші жүзінен бір-бір би енген. Бұлардан басқа осы хандыққа қарайтын қарақырғыздан, қарақалпақтан және өзге тайпалардан өкілдер еніп, «Алаштың алты биі» атанған. Міне, осы «билер кеңесіне» халықтың аманатын арқалаған Шеген би бабамыз да сайланған. Тарихшы Мұхаметжан Тынышбаев «Великие бедствия» (Ақтабан шұбырынды) деген кітабының 78-бетінде Әйтеке биден бұрын кіші жүздің төбе биі Шеген би болғанын жазады.
Аңдатпа • 29 Наурыз, 2025
Аңдатпа: «Кішкентай ханзаданың оралуы»
30 наурыз - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзаданың оралуы» ертегі-әпсанасы көрерменін қуантады. Режиссері – Дмитрий Курочкин.
Пікір • 28 Наурыз, 2025
Құрылтай – нәтижеге жеткізетін формат
Ұлттық құрылтай кейінгі жылдары маңызды алаңға айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, ауқымды реформалар мен нақты өзгерістердің бәрі халықтың тілегі мен заманның талабына сай жасалып жатыр. «Бұл жердегі түпкі мақсат – барлығын өзгерту емес. Ең бастысы – атқарылып жатқан шаруаны оңтайландырып, оның тиімділігін арттыру», дейді Мемлекет басшысы.
Пікір • 28 Наурыз, 2025
Стратегиялық бағыттарды айқындайды
Бурабайда өткен ІV құрылтайда ел үшін маңызы зор бірнеше мәселе сөз болды. Президент ұрпақ тәрбиесінен бастап, экономикалық жетістіктерге жетудің нақты іс жоспарын жариялады. Бүгінгі ұрпақты жаңа деңгейде тәрбиелеу мәселесі айтылды. Ел экономикасын индустриалдық бағытта дамытуда техникалық және кәсіптік мамандарды көбейту мақсаты қойылып отыр.
Банк • 28 Наурыз, 2025
«KMF» компаниясы екінші деңгейдегі банкке айналады
Қазақстанның жетекші микроқаржы ұйымы «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ екінші деңгейдегі банкке айналуға рұқсат алғаны туралы хабарлайды. Рұқсатты Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) берді.
Саясат • 28 Наурыз, 2025
Парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаомен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жайы мен келешегін талқылады.
Университет • 28 Наурыз, 2025
Farabi University: ғылым, инновация, өндіріс интеграциясы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазіргі заманда экономика инновацияға негізделуі керек екені сөзсіз. Біз ғылымды дамыту, соның ішінде қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыруға, ғылым мен өндірістің байланысын күшейтуге баса мән беріліп отыр», деп атап өтті. Сондай-ақ «Қазақстанда әлі күнге дейін бірде-бір ғылым қалашығы жоқ» екенін айта келе, «Үкімет осы бастаманы жан-жақты зерделеп, тиісті заң дайындауы керек» деп нақты тапсырма берді.