
Үкімет • 15 Ақпан, 2025
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Тұлға • 15 Ақпан, 2025
Қайраткер мерейтойы: алаң мен үміт
Қостанай облысының әкімі Қ.І.Ақсақалов жуырда арнайы мәжіліс өткізіп, Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына дайындық жайын ақылдаса келіп, біраз міндеттің орайлы орындалуына қатысты тапсырма жүктеді. Осы ретте келелі ойлардың тоқайласқан тоқтамы – айтулы кезең барысында 140 іс-шараның белгіленіп, жүзеге асырылатыны көңілге медет болғандай еді.
Сатира • 14 Ақпан, 2025
Бірінші оқиға Пітуа алғаш рет қыз болып жаратылмағанына өкінді. Үшінші күн — уақытша тұруға пәтер іздеп табанынан таусылғаны. Пәтер жалдаушы атаулыға керегі қыз бала... О баста ақ бас профессор ағасы: «Бізде жатақхана жетісе бермейді, мен сізге стипендия бергізейін, ер азамат емессің бе, үй тауып аларсың...» дегенінде, бас изеп пәтуаға келгеніне жыны келді. Тік жүріп, тыным көрмегендігі ме, кеш баласы кескен теректей құлайды. «Үйің болмай — күйің болмайды» деген мәтелді мойындағандай.
Егемен Қазақстан • 14 Ақпан, 2025
Мекеніміз – бірлігі жарасқан қазақ елі Қазақстан – әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем ел. Сан ұлттың өкілі татулық пен достықты ту етіп, бірлігімізді нығайта түсудің нәтижесінде ғана қай бағытта да ілгерілей беруімізге даңғыл жол ашылатыны мәлім. Бізге алыс-жақын кейбір елдердің халқы қырық пышақ болып, өзара қырқысып жататынын көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Ондай елдердің болашағы бұлыңғыр болатыны айтпаса да ұғынықты.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2025
Кәсіпкерлер ұсынысы ескерусіз қалмайды
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай еліміздің өңірлерінде жергілікті бизнес-қоғамдастықпен Салық кодексіндегі түзетулер талқыланып жатыр.
Үкімет • 14 Ақпан, 2025
Әлеуметтік нысан құрылысына қаржы бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жұмысын жалғастырып жатыр.
Қоғам • 14 Ақпан, 2025
Алдағы 24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгеріс күшіне енеді. Бірақ бұл ереже биылғы 24 наурыздан бастап елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты болмақ.
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Өмірде талай тағылымды, таңданатын оқиғалар болып жатады. Әсіресе ұлы адамдар, таланттар тіршілігінде. 2024 жылы 20 наурызда «Egemen Qazaqstan» газетінде Абзал Мақаштың «Тілендиевтің тұяғы» атты ақпараты жарық көріп, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінде күйші, композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің ұлы Алмас-Әлкенмен кездесу өткені хабарланды. Шараны үйлестірген – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Кенжеғали Мыржықбай. Осы тәлімді мәліметтен кейін жадымда Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, марқұм күйші-композитор Орынбай Дүйсен жеткізген «Нұрғиса Тілендиевтің өз аузынан Серік Малаевқа «Кереку жақта Алмас деген ұлым бар» депті» деген дерек жаңғырды.
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Сейдолла Байтереков – талай орындаушының жолын ашқан композитор. Сахнада 50 жыл орындалып келе жатқан «Әлия» әнін орындаған Роза Рымбаева небәрі 19 жасында бүкіл кеңес одағына танымал болды. Сондай-ақ Нағима Есқалиева, Бағдат Сәмединова, Мақпал Жүнісова, Нұрлан Өнербаев, Медеу Арынбаев сынды отандық әншілер Бәйтерековтің әндерін орындады.
Дін • 14 Ақпан, 2025
Иманды ұрпақ елін төрткүл дүниеге танытады
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?» дегеніндей қазақ жастарына бағыт-бағдар көрсету – аға буынның еншісінде. Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін ұстайды. Ұлттық құндылығымыз бен бабалар мұрасын арқалау – солардың міндеті. Тарихтың тағылымын бүгінгі біліммен сабақтастыру заманның озық ғылымын меңгерумен жүзеге асады.