Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3620 материал табылды

Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025

Нашақорлыққа қарсы күрес қарқынды

Астана қаласында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оған мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Ғалам ғажаптары • 24 Қыркүйек, 2025

Дыбыстың жасырын мекені

Судың ерекше қасиеті – дыбысты ауаға қарағанда әлдеқайда жылдам таратады.

Тарих • 24 Қыркүйек, 2025

Азаттық үшін күрескен Асау-Барақ

Халқының азаттық жолында күрескен атақты батырлар аз емес. Көзі тірісінде әулие атанған әкелі-балалы қос батыр жөнінде әңгімелемекпіз. Олардың азаттық жолындағы күресі отандық және ресейлік архивтер қорларында сақталған.

Ғалам ғажаптары • 24 Қыркүйек, 2025

Мұз астындағы от

Исландия – мұздықтар мен жанартаулар қатар кездесетін ерекше аймақ. Ғалымдардың дере­гін­ше, елдің ең ірі мұздығы – Ват­найёкюдльдің астында сегізге жуық жанартау орналасқан.

Тұлға • 24 Қыркүйек, 2025

Тектіден туған тарлан

Бар саналы ғұмырын мәдениет пен халық ауыз әдебиетін насихаттауға арнаған, өзінің адами қасиетімен, қара­пайымдылығымен, ортасына сыйлы болған Мәдениет қайраткері, лирик-сазгер, айтыскер ақын Әбдікерім Манапов арда азамат еді.

Ғалам ғажаптары • 24 Қыркүйек, 2025

Әлемдегі ең тыныш бөлме

Жер бетінде толық тыныштық орнаған орын барын білесіз бе? Ол – АҚШ-тың Миннеаполис қала­сындағы Орфилд зертханасында орналасқан анэхоикалық камера. Бұл бөлме әлемдегі ең тыныш орын ретінде Гиннестің рекордтар кіта­бына енген.

Саясат • 23 Қыркүйек, 2025

Ішкі саясаттың маңызды мәселелері талқыланды

Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалы­ғымен биылғы Жолдаудың қорытындысына арналған дәстүрлі кеңес өтті. Оған Үкімет мүшелері, Президент Әкім­шілігі құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, облыс­тар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орын­­басарлары, өңірлік басқармалардың басшылары қатысты.

Саясат • 23 Қыркүйек, 2025

Мүмкіндігі мол стратегиялық серіктестік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды.

Президент • 23 Қыркүйек, 2025

Қазақстан – АҚШ: Экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың негізгі бағыттары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорктегі жұмыс сапары кезінде АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен өткен дөңгелек үстел отырысына қатысып, сөз сөйледі.

Руханият • 23 Қыркүйек, 2025

Мөңке би және қырғыз ақындары

Қазақ пен қырғыз халқының мәдени, рухани, әдеби байланы­сының тамыры тереңде жатыр. Біз осы асыл арқауымызды жаңа заманмен байланыста салмақтай білуіміз қажет. Былтыр сәуірде Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров бастаған делегация Астанада болып, қырғыз-қазақ зиялылар фору­мына қатысып, Манастың ескерткішін ашып, тарихи және бүгін­гі ынтымақтастығымызды жүйелі саралаған едік. Биыл тамыз айында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Бішкекке келіп, М.Әуезов пен Ш.Айтматов сынды даналардың ескерткішін ашу салтанатына қатысып, бауырластықты биік деңгейге көтерді. Бұйырса, осы күндері Манас елінде қазақ-қырғыз зиялыларының форумы өтпек. Біз бұған бек қуаныштымыз. «Манас» эпосында: «Ақ бөкеннің қылындай суырылысқан, ақ бидайдың ұнындай жұғысқан егіз ел» деп, қырғыз бен қазақты сипаттайды. Бүгін біз соның бір тарауы Орталық Азияға танымал Мөңке би жөнінде ой қозғамақпыз.