Пікір • 15 Қаңтар, 2026
Бұйырса, тарихи Қызылорда осы жылдың атаулы күнпарағын Ұлттық құрылтайдан бастағалы тұр. Қасиетті де киелі өңірдегі елдік жиын береке-бірлігімізді арттырып, келелі ой-пікірді ортаға салады деп сенемін.
Пікір • 15 Қаңтар, 2026
Өнертабыс ел қажетіне жарасын десек...
Бірде «Оңтүстік Қазақстан» газетінен журналист Аман Жайымбетовтің «Өнертапқыш өгей бала емес, өкімет...» деген проблемалық мақаласын оқыдым. Онда осы Оңтүстік өлкесінде тұратын жас өнертапқыштардың жоқтан бар жасап ашқан жанкешті еңбегі елден қолдау таппай ескерусіз қалғаны жазылған.
Саясат • 15 Қаңтар, 2026
Геологиялық барлаудың мүмкіндігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ел аумағын геологиялық зерттеуді заманауи барлау әдістерін пайдалана отырып орындау аясында Үкімет биыл жер қойнауын игерудің жаңа кезеңіне кіріседі.
Құрылтай • 14 Қаңтар, 2026
Ұлттық құрылтай – қоғам трансформациясының арқауы
Қоғам дамуының әр кезеңінде ел тағдырын айқындайтын, тарихи бағыт-бағдарды белгілейтін ерекше алаңдар болады. Ол – жай ғана жиналыс емес, мемлекеттің болашағына әсер ететін шешімдер тоғысатын, билік пен халық арасындағы жауапкершілік көпіріне айналатын кеңістік. Қазақстан үшін кейінгі жылдары дәл осындай маңызға ие институт – Ұлттық құрылтай.
Пікір • 14 Қаңтар, 2026
Жыл ауысқан шақта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айшықтайтын көлемді мақалалар жариялап, сұхбат беруі игі дәстүрге айналды. Мемлекет басшысы өткен жылдары «Egemen Qazaqstan», «Ana tili» басылымдары арқылы халықпен ой бөліссе, осы жылдың басында «Turkistan» газетіне сұхбат берді. Бұл – халықтың көкейіндегі көптеген сауалға бүкпесіз жауап қатып, қоғаммен ашық диалог орнатудың тиімді жолы.
Пікір • 14 Қаңтар, 2026
Елдік іске жауапкершілік керек
«Turkistan» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы туралы ауқымды мәселелерді қозғады.
Үкімет • 14 Қаңтар, 2026
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте жаңа маусымдағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық жөнінде осы жылғы алғашқы жиын өтті.
Пікір • 14 Қаңтар, 2026
Ел Президентінің «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты ел дамуының қазіргі ахуалын ғана емес, оның ұзақмерзімді стратегиялық бағытын айқындайтын салмақты саяси-публицистикалық ой-толғау ретінде бағалануға тиіс. Президент бұл сұхбатта экономикалық өсім, әлеуметтік саясат, мемлекеттік басқару, рухани құндылықтар, тарихи сана және заманауи технологиялар мәселелерін біртұтас жүйеде қарастырады.
Пікір • 14 Қаңтар, 2026
«Turkistan» газетіндегі Мемлекет басшысының сұхбаты қоғамдағы аса өткір мәселелерге қозғау салды. Онда: «Әлеуметтік желі адамның ойлау ( танымдық) қабілетіне зор зиян келтіріп отыр. Жасы қырыққа жетсе де, білімі мен ой-өрісі он бес жастағы жасөспірімдер деңгейінде қалып қойған азаматтарды қазірдің өзінде кездестіруге болады», деп көрсетеді.
Алматы • 13 Қаңтар, 2026
Шатыр жаңартылып, күн панелі орнатылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі оқу корпустары мен жатақханалардың шатырлары инвестор есебінен жаңартылып, күн панельдері орнатылды.