Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
158 материал табылды

Тағзым • 26 Ақпан, 2025

Жазушының шалқар мұрасы

Қызылжардағы облыстық әмбебап, ғылыми кітапханаға қазақ әдебиетінің классигі, әйгілі жазушы Сәбит Мұқановтың есімі қайтыс болғаннан кейін 2-3 айдан кейін берілген. Мұндай жеделдіктің себебі – Қызылжардың қақ ортасындағы осы үш қабатты тамаша кітапхананы жазушының өзі депутаттық сауал жолдау арқылы салдырған. Тіпті өз қалтасынан да қаражат қосыпты. Сондықтан кітапхана қызметкерлері 52 жыл бойы жазушының жақсылығын ұмытпай, оның есімін құрметтеп келеді.

Қылмыс • 26 Ақпан, 2025

Заңсыз кәсіптің зардабы ауыр

Солтүстік Қазақстан облысында қолдан жасалған спирттік ішімдік­терді тарату үдеп тұр. Жуыр­да полиция қызметкерлері Ақжар ауданында рейд­тік іс-шаралар жүргізу барысында 39 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан «Mazda» көлігін тоқ­тат­қанда, оның ішінен 100 литр­дей заңсыз алкоголь тәр­­кіленді.

Ұлттық спорт • 25 Ақпан, 2025

СҚО-да құсбегілердің сайысы өтті

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы «Құлагер» ипподромында Қазақстан Республикасының құсбегілек өнерден кезекті чемпионаты аяқталды. Екі күнге созылған саятшылардың сайысына Астана мен Алматы қалаларынан және 12 облыстан іріктелген үздік құсбегілер 62 бүркіт, 29 қаршыға және 17 ителгісін әкеліп қатысты.

Қылмыс • 21 Ақпан, 2025

Ақша бопсалағандар сотталды

Өздерін блогермін деп таныстырып, смартфондарының камерасын көтере ұстап, сауда орындарында, мемлекеттік мекемелерде қоқаңдайтындар Петропавлда да бой көрсетіп қалады. Олар контент жасап, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялайтын адам ғана болғандықтан, заң жүзінде мұндай іс-әрекетке әзірге тыйым жоқ.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 19 Ақпан, 2025

Жұмысшының қолдаушысы – кәсіподақ

Санының көптігі жағынан елдегі ең үлкен қоғамдық ұйым – кәсіподақтар федерациясы. Биыл кеңес одағының кәсіподақ қозғалысына 120 жыл, еліміздегі кәсіподаққа 35 жыл толғалы отыр. Кәсіподақтар жұмысты атқарушының құқын қорғайды, олардың заңға сәйкес әлеуметтік қорғалуын қадағалайды, жұмыс кестесінің сақталуын назарда ұстайды.

Еңбек • 14 Ақпан, 2025

Шебер дәнекерлеуші

Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстанның электр қуатын тарататын компаниясында (СКРЭК) Владимир Белобровенко 28 жыл бойы газэлектр­мен дәнекерлеуші болып жұмыс істеп ке­леді. Кәсіпорында мыңға жуық адам бар, соның 500-ден артығы жұмысшы мамандығын атқарады. Электр­­газ­­дәнекерлеу жұ­мысы – солар­дың ішін­дегі ең күрделіле­рінің бірі.

Қоғам • 05 Ақпан, 2025

Ағылшын тілін тез үйретеді

Облыстық «Зерде» байқауында Мамлют ауданындағы Белое ауылының 7-сынып оқушысы Вероника Печенкина өзі ойлап тапқан «Android»-қа салатын «Magic Dictionary» қосымшасын ұсынып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Аймақтар • 04 Ақпан, 2025

Өндірістің өркенді өрісі

Солтүстік Қазақстан облысы өткен жылды экономиканың 120 пайыз өсімімен қорытындылады. Бұл – соңғы жылдардағы жоғары жетістік.

Форум • 30 Қаңтар, 2025

Бірлігі жарасқан өңір

Солтүстік Қазақстан облысында өткен Рухани және мәдени келісім форумына жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік құрылымдық бөлімшелері, эт­номә­дени бірлестіктер, түрлі конфессия өкілдері қатысты.

Тағзым • 24 Қаңтар, 2025

Майдангер марапаты

Зарып Ержанұлы Жүсіпов 1915 жылы қазіргі Қызылжар ауда­нын­­дағы Новоникольск ауылының маңындағы Киров ұжым­ша­рын­­да дүниеге келіп, Есіл ауданындағы Қарағаш пен Гурьяновка ауыл­­дарының маңындағы қазақ ауылында өмір сүрген. Кеңес өкі­ме­­ті орнағанда бұл аймақ Приишим ауданы атанған, орталығы – Бого­любов ауылы. Зарып ағамыз төрт ағайынды еді. Үлкені Шәріп өмірден ерте өткен, одан кейінгі – Зарып. Үлкен інісі Рама­зан өзі сұранып майданға аттанып, Ленинград қоршауында болып, хабар­сыз кеткен. Екінші інісі Қарып бертін қайтқан.