Аймақтар • 04 Ақпан, 2025

Өндірістің өркенді өрісі

40 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы өткен жылды экономиканың 120 пайыз өсімімен қорытындылады. Бұл – соңғы жылдардағы жоғары жетістік.

Өндірістің өркенді өрісі

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды

Көктемгі тасқынның салдарынан 3,9 мың тұрғын үй, 100-ден астам кәсіпкерлік субъектісі, 5 білім беру нысаны суға кетті. Шығынды қалпына келтіруге барлығы 87 млрд теңге бюджеттен, түрлі қорлардан демеушілік қаражат бөлінді. Оның ішінде Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен еліміздің аса ірі компаниялары мен қорлары 63 млрд теңге демеушілік жасады.

Петропавл қаласында «Бірлік» атты шағын аудан бой көтеріп, 700 тұрғын үй салынды, сонымен бірге 1394 пәтер сатып алынды. 1899 үй қалпына келтірілді. Барлық тұрғындарға Үкімет белгілеген көлемде өтемақы төленді.

Қазір су бұзып кеткен дамбаларды, құрылыстарды, гидротехникалық жарақтарды қалпына келтіру жұмыс­тары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биылғы қарғын судың да қауіпті болатын түрі бар. Мамандардың айтуынша, Есіл өзенінің деңгейі қалыптағыдай түспеді, оның үстіне жерасты сулары көтерілген, қардың көлемі де аз емес. Сондықтан облыс барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, былтырғыдай топан суға жол бермеудің қамын жасап жатыр.

Өткен жылы экономиканың барлық салалары, оның ішінде ауыл шаруа­шылығы 140, өнеркәсіп 103,3, құрылыс 131,4, сауда 109,6 көлік 124,1% өсімге қол жеткізді. Егін шаруашылығында 6,2 млн тонна астық жиналып, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Мал шаруа­шылы­ғында 17 тауарлы-сүт кешені іске қосылды.

Облыс экономикасын сараптаған мамандар аймақтық жалпы өнім (АЖӨ) құрамында өнеркәсіп өнімдерінің жыл сайын өсіп келе жатқанын айтады. Мысалы, оның үлесі АЖӨ көлемінде 2022 жылы – 16 пайыз, 2023 жылы 19 пайы­з болса, былтыр тіпті артты. Бұл – экономиканы әртараптандырудың нақты көрінісі. Бір жылдың өзінде ғана панельдер шығаратын «Nord Panels», май экстракциялайтын «Масло-Дел» зауыты, кебекті бөлшектейтін «BioOperations» цехы, «Қызылжар жолдары кз» асфальт зауыты іске қосылды.

Экономикаға құйылған инвестиция жоспары толық орындалып, 556 млрд теңге болды. Бір жылда 1002 ша­қырым жол жөнделді, оның 208 ша­қырымы республикалық маңызы бар, 630 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар. Елді мекендердің 164 шақырымдық ішкі жолдары жөнделді. Қазір облыс жолдарының 84%-ы жақсы, қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланып отыр.

Өткен жылы 281 шақырымдық су құбырын тартудың арқасында солтүс­тікқазақстандықтардың 97,5%-ы таза ауызсуға қол жеткізді. Сонымен қатар 1,5 мың шақырым электр жүйелерінің сымдары мен 10,5 шақырым жылу жүйелерінің құбырлары жаңаланды.

Тұрғын үй құрылысы да облыс­та қарқын алып келеді. Былтыр 7 мыңнан артық отбасы жаңа тұрғын үйге қол жеткізді. 17 көпқабатты үйлердің құрылысы аяқталды, 1200 орындық бір жатақхана пайдалануға берілді.

Облыс бюджетінің кіріс бөлігі алдыңғы жылдан 6,2%-ға артып, 127,1 млрд теңгеге жетті. Шығыс бөлігі де белгілеген жоспар шеңберінде орындалды. Биылғы жоспарлар арасында жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыс­сыздықты, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлесін азайту жөніндегі жұмысты жалғастыру басым бағыттар ретінде белгіленген.

Мемлекет басшысының ауыл шаруа­шылығы өнімін екі жылда екі есеге арттыру жөніндегі міндетін орындауда СҚО көш бастап келеді. 2023 жылы барлық ауыл шаруашылығы өнімінің индексі 756 млрд теңге болса, 2024 жылы 936 млрд теңгеге артты. 2025 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қалыпты, бүгінге дейін 470 мың тонна тұқым құйылды.

Өнеркәсіп саласында «Радуга» ком­паниясы «ТехноЭкоПарк» құру инвестициялық жобасын іске асырады. Жаңа жобалардың қолға алынуына орай «Қызылжар» арнайы экономикалық және индустриалдық аймағы 150 гектарға ұлғайтылды. Онда «Ультрадекор», «ІКЕА» компаниялары ағаш өңдеу, жиһаз жасау цехтарын ашпақшы. Ресейлік «Бейкертон» компаниясы кондитерлік бұйымдар, Қытайдың ауылшаруашылық жарақтарын шыға­ратын компаниясы тракторлар мен тіркемелер құрастыру цехын ашу жобаларын қолға алып жатыр.

 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15