Таным • 01 Қаңтар, 2026
Ғалам қақпасын ашып Жылқы жылы кірді. Қайырлы, құтты болсын! Атам қазақ жылқыны төрт түліктің төресі санаған. Атақты Ақтайлақ бидің «қымыз – қаным, жылқы – жаным» деген аталы сөзі бар. Сол сияқты дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров: «Жанына халқымыздың жылқы жаққан, Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан, Мінсең – ат, ішсең – қымыз, жесең – қазы, Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан» десе, қасиетті кітап Құранның «Ғадият» сүресінде «Тұяғынан от шашып, алқына шапқан, дүбірлетіп дүркіреп жауды жарып кірген аттарға серт» деген аят бар.
Абай • 26 Желтоқсан, 2025
Абай Құнанбайұлының ғасырлық тойы қарсаңында «Социалистік Қазақстан» газетінің (қазіргі «Egemen Qazaqstan») 1945 жылы 15 тамыздағы № 168 санына хакімнің фотосы және жаңадан табылған үш өлеңі жарияланыпты. Бұл фото басылым бетінде тұңғыш жарық көрген суреті екен.
Сұхбат • 26 Желтоқсан, 2025
Қабылаш ӘБІКЕЙҰЛЫ: Атажұртта өнерімді алғаш бағалаған Сәбит Мұқанов еді
– Қабылаш аға, биыл сексеннің сеңгіріне шығыпсыз. Әлем сахналарында өнер көрсеткен қазақтың қаршадай ұлының балалық дәурені қалай өтті?
Мирас • 10 Желтоқсан, 2025
Түз бүркітін қолға түсірудің бір әдісі – жұтпа тұзақ. Бұны құсбегілер «жемтұзақ» деп те айтады.
Білім • 04 Желтоқсан, 2025
Ғылым саласындағы маңызды белес
Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Аида Давлетова IOL халықаралық лингвистика олимпиадасының тапсырмалар комиссиясына қабылданды. Біздің маманның алғаш рет олимпиаданың негізгі сараптамалық құрамына өтуі – отандық ғылым саласындағы маңызды белес деуге болады.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы барын ел білсе керек. Аталған орынмен бірге «Жошы ұлысы» ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ Ә.Марғұлан атындағы Археология институты және К.Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институты елорда төрінде «Жошы ұлысы дәуірі мұрасының контексіндегі Бозоқ: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Жәдігер • 13 Қараша, 2025
Халқымыздың бай тарихының бір пұшпағы жауынгерлік өнері мен өткен ғасырларда қолданған жарағы ауқымды түрде толық зерттеле қойған жоқ.
Таным • 12 Қараша, 2025
Абай Құнанбайұлының алғашқы жыр жинағы 1909 жылы Петербор қаласындағы І.Бораганскийдің баспасынан жарық көргені туралы көпшілік хабардар. Хакім мұрасына өмірін сарп еткен ғалым Қайым Мұхамедханов «Абайдың асыл әдеби мұрасын ең алғаш кітап етіп баспадан шығарған – Ілияс Бораганскийдің есімі мен еңбегін қазақ халқы ұмытпайды», депті.
Мирас • 11 Қараша, 2025
Бұл – түз бүркітін ұстауға таңдалған тиімді тәсілдің бірі. Ол үшін бүркіттің жем аулауға шыққанда жүретін жолы мен аялдап, қонақтайтын мекенін анықтап алу керек.
Тұлға • 05 Қараша, 2025
Биыл туғанына 110 жыл толып отырған қайраткер-қаламгер, қазақ тарихының әдеби нұсқасын жасаған даңғыл жазушы Ілияс Есенберлин шығармаларының басты құндылығы – ұзақ жыл отарланып, санасы сансырап, қара басын күйттеуден басқа қауқары қалмаған ұлтымыздың рухын көтеру еді. Осы мақсатқа жету үшін жазушы ұлт тарихының ерлік кезеңдері мен азаттық жолындағы арпалыстарын әдеби көркем шығарма арқылы насихаттай алды.