Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
321 материал табылды

Руханият • 06 Қаңтар, 2023

Шідер үзген «шедевр»

Қазақ ән-күйін тыңдап жүрген ойлы құлақ пен сезімтал санаға Дәулеткерей Шығайұлының күйлері өзгеше әсер қалдырары сөзсіз. Атақты Бапас (Дәулеткерей) дегенде не түседі есіңізге? Не түспейді Дәулеткерей дегенде еске? Ұлы даланың бүгінгі бір шеті, кезіндегі кіндік ортасы Бөкей ордасынан ақ боз атын ойқастатып Әбілқайыр хан бастаған сұлтандар шыға келгендей елестейді. Ұлтының ары мен жұртының тұтастығына бола ту көтерген ақсүйек тұқымның асыл мұраты атой салады. Күй өнеріндегі төре тартыс, соны жосын не ғаламаттарға жетелейді. Ұлттың табанына кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын деп өскен алтын әулет маңдайына тұтқан ақсүйек өнер салтанат құрады. Бұл айтқандарымыздың өзі үстірт болар еді. Асыл тек, ақсүйек өнер осы құбылыстар ғана ма? Сол асыл, бекзада текке тән махаббат пен мінез. Қысқасы бойлап болмайды, тек күйлерін тыңдай-тыңдай тәрбиелену керек. Сондай асқақ әрі кірпияз сана мен рухқа құлаш ұра алса қандай ғаламат?!

Руханият • 30 Желтоқсан, 2022

Міржақып эпопеясы

Міржақып десе – «Оян, қазақ!», «Оян, Қазақ!» десе – Міржақып еске түседі. Соны санаға орнықтырып, бекіте түсер сериал дүниеге биыл келді десек, артық айтқандық емес шығар. «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген «Міржақып. Оян, Қазақ!» сериалы жарыққа шыққалы елдің ықыласына бөленді. Жақсы пікірлер айтылды. Біз туынды басталған бетте «ойбуй, «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалында ойнаған Міржақыптың өзі дұ­рыс еді-ау» деп қылп ете қалғанбыз. Сөйтсек, шығармашылық топ қате­лес­пепті. Ең бастысы, Жақаң (Міржақып Дулатұлы) рөлін сомдайтын әртіс­ті о баста, Ахмет Байтұрсынұлын түсіргенде жаңылмай дәл тапқан. Бас­ты рөлді сомдаған Бақыт Қажыбаев бұл жолы да алып шыға алған Жақаңды.

Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2022

Қара өлеңнің жеңісі

Жылқышының баласына немесе жылқышыға өмір аттың үстінен, жылқының құлағынан басталады. «С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әні аяңшыл аттың жүрісін еске салады» дегенін бір емес, бірнеше есті адамнан естігем. Қазіргі мотоцикл мінген жылқышылар түсінбеуі мүмкін, негізі аттың үсті, оның елеңдеген құлағы – небір дүниенің көзін ашады. Жүрегі бар адамды табиғи тепе-теңдікке (үйлесім), есті арнаға түсірмей қоймайды. Жол жорғасы бар желісті атқа тақымың бір тиді екен, толқытып ала жөнеледі. Бәлкім сіз бұрын олай толқып та көрмедіңіз? Ал елеңдеген құлағы айналадағы әртүрлі құбылысты аңдатқыш сезім нүктесі секілді... Мұны әріде тамырынан тартып жеткізуші Асқар Сүлейменов болса, беріде ақын Ғалым Жайлыбайдың өлеңдерінен аңғарамыз.

Оқиға • 28 Желтоқсан, 2022

Мейірім мен қайырым

Елдің бәрі үздіге күткен Димаш бұл концертте соңына қарай шықты. «Астаналық тыңдармандармен кездеспегелі де жылдар өтіпті», деді. Аузына алты құрлық қараған әнші қазақы болмысы мен сөз саптасынан танбаған, халықтың арасына кіріп-шығып, елге ықыласын танытты. Сонысына сай шексіз қошеметке бөленді.

Әдебиет • 21 Желтоқсан, 2022

Тарихи аналар бейнесін сомдаған

Дала сыры дәуірлердің мұңы мен жыры, адамзаттың үні арқылы әспеттеліп жатса, ел мен жер тарихындағы аналар рөлін қайда қоясыз? Осынау ұлы даладағы ұлағатты ұрпақты дүниеге әкеліп қана қоймай, бағып-қағып жеткізуші, махаббат пен мейірім сыйлау­шы, керек кезде елдік пен ерліктің туын көтерген аналар бейнесінің тұтас галереясын халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Шәрбану Бейсенованың шығармашылығынан көре аламыз.

Руханият • 16 Желтоқсан, 2022

Ұлт ұраны – азаттық

Қатты жерге тұрған қақ емес, ұлт деген өзіне жайлы ұлы мекенге лықсып кеп біткен теңіз не мұхит сияқты. Ол өз еркімен шалқып жатуы үшін маңдайына алтын әріппен жазылған азаттығы болуы тиіс. Біз күн сайын қызметке соны сезініп барып кіріссек, алтын басымыз төрде! Демек ұлт аяулы азаттық сөзін ұран қылып ұстап өтуге борышты.

Әдебиет • 13 Желтоқсан, 2022

Ақ түн, аппақ сезім...

Сырбай Мәуленовтің «Ақ түн» деген өлеңі бар. Ақынның тамаша туын­ды­ларының қатарынан сол кездегі Ленинград (қазіргі тарихи Петер­бор) түнінің сыр-сипатын өлең тілінде өзгеше әспеттейді. Әсіресе Есіл бо­йында Астананың ақ түн­дерін кешіп келе жатқанда Сырбай­дың осы өлеңі еске түседі. Біз Петербордың ақ түндерін көрген жоқпыз.

Өнер • 05 Желтоқсан, 2022

Тоқсан тарау, мың толғау...

«Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген» дейді ғой Мұқағали Мақатаев қа­зақтың қара өлеңі туралы. Тура осы сөзді қазақтың күй өнеріне де қарата айтуға әбден болады. Тек Алаш топырағына тән өнер атаулының ішінде күй, оның ішінде Кетбұғаның «Ақсақ құланы» екібастан солай. Тыңдаған сайын әрі-сәрі күйге салады. Қазақ күйлері, оның ішін­де домбырада тартылатын туындылардың ілкі бастауы осы туынды­дан бас құрайтындай сезіледі. Домбыра аспабына қа­тысты кейбір тарихи оқи­ғалардың осы күйдің шы­ғуы мен аяқталуына бай­ланысты айтылатыны тағы тегін емес.

Өнер • 30 Қараша, 2022

Шертпе күйлер шеруі

Қазақ күй өнері дегенде, оның үлкен мектебіне жататын шертпе күйлерге соқпай кете алмаймыз. Осы орайда, 1-3 желтоқсан аралығында Алматыда өтетін республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі – ұлт руханиятын насихаттауда үлкен оқиғаға айналмақшы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші Жанғали Жүзбаев мәлім етті.

Әдебиет • 29 Қараша, 2022

Ажалды жеңген Аспан

Бұл да бір қызық әңгіме, оқырман! Бұл да бір қызық сұрақ. Менімен келіспеуіңізге де, келісуіңізге де болады. Әлемді құтқаратын адамзаттың аяулы сезімдерінің бірі десек, ол – түпсенімі шығар. Әрине, сіз бұған дейін өткен ғұламалардың сөздерін келтіріп, бірнеше қисынға жыққаныңызбен, оларға да неше түрлі уәж бен дау айтылып, жазылып жүргенін білеміз. Мәселен, Достоевскийдің «әлемді құтқаратын сұлулық» деген сөзі кең таралғанымен, оған да әркім әртүрлі дау айтады. Біреулері «сұлулық емес, мейірім, махаббат құтқаратынын» дәйектейді. Ақыры әлемді қандай қасиет, нендей сезім құтқарады деген сұрақ сол қалпы жауапсыз қалғанға ұқсайды. Анығында әлемді адамзат баласы құтқарып қала алмайтын сияқты көрінеді. Тіпті адамзаттың кейбір сезімдерін техникалық құбылыстар жалмап бара жатқанда мұндай әңгіме айтудың өзі... Күлкілі сияқты сезіледі, кейде. Ал әдебиеттегі кейіпкерлер әлемі арқылы саралай бастасақ, біраз жайдың беті ашылардай көрінеді.