Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
377 материал табылды

Аймақтар • Кеше

Арғымақ, сені сақтадым!..

Қызылжардың кіреберісіне ерекше ескерткіш орнады. Қаланың оңтүстік бекеті жағынан орын тепкен өнер туындысы алты мың жыл бұрын алғаш жылқыны Ұлы даланың осы тұсында қолға үйреткенін әйгілейді.

Әдебиет • 11 Шілде, 2025

«Шөп түгіл хан жабыспас шалғайына...»

«Менің атым Махамбет» деп жалынды жорық жырауының өзі жырласа керек-ті. Шоқтығы биік, биік қана емес, таудай ақынның жалғыз ауыз лепесінің өзі қалай аруақты естіледі. Осылай басталар сөзі небәрі бес-алты жол ғана, алайда жыр болып түскен. Әңгіме үшін айта салған салмақсыз сөз емес қой, ұлан-ғайыр даланы жамауға жеткен жүрек пен рухтың қуатынан ­домалай салған бір тамшының өзі осылай зілді, алапат шығады. Иә, мүмкін бұдан да ұзағырақ бір толғауының үзіліп жеткен жұқанасы, бәлкім ел аузында шашырандысы ғана сақталып қалған, соның өзі біраз жайдан хабар береді.

Таным • 11 Шілде, 2025

Қара түлкі – қармалжық

Бұқар жыраудың «Бағаналы орда – басты орда» толғауында «Қара түлкі қармалжық, Қас сыпайы киген жұрт» деген жолдар бар. Астаналы азат елдің мамыражай тірлігін сипаттаған осы туындыдағы қармалжық немесе қарамалжық сөзіне бұрын мән бермеппіз.

Руханият • 09 Шілде, 2025

Жыраулар есімі бедерленген ескерткіш

Елорданың оң қанатындағы Күйшілер аллеясы барын біреулер білсе, біреулер білмес. Мұндай қызғылықты жерді қасиетті тұғырға айналдыруға күш салып жүрген осындағы «Күй анасы» қоғамдық қоры, жергілікті биліктің қолдауымен, әрине. Бұл Күйшілер аллеясының маңдай алдындағы Дина күйші ескерткішінің қапталында дәл Ұлттық домбыра мерекесі мен Астана күні қазақ жыраулары мен жыршыларының есімі қашалған ескерткіш ашылуының куәсі болдық.

Руханият • 06 Шілде, 2025

Жыраулар есімі тасқа қашалды

Ұлттық домбыра мерекесі мен Астана күні елорда Жерұйық саябағындағы күйші Дина ескерткішінің қасында ұлы жыраулар мен жыршылар есімі қашалған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. "Ғасырлар үні" атты ескерткіштің ашылуына Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, жыршы, жырау Алмас Алматов бастаған руханият өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Руханият • 05 Шілде, 2025

Хан Кене өз тұғырында

Азат ел мен айбынды Астананың жөні бөлек. Әуелде азаттық деп, атасы хан Абылайдың жолы деп отарлаушыларға қарсы ұлт азаттық соғыс ашқан Кенесары хан алғаш Ақмола бекінісін алғаны белгілі. Ел еркіндігін аяқасты еткен отрядтардың жолын кесуді Қараөткелде бастап, Атбасар мен Қорғалжын тұсынан шабуылдап, Ақмолада қанға бөктіргенін тарих аңыз етеді.

Елорда • 05 Шілде, 2025

Тұрғындарға тосынсый

Астана күні қарсаңында елордада коммуналдық сала қызметкерлеріне арналған ерекше нысан ашылды. Абай даңғылы мен А.Янушкевич көшесі қиылысынан орын тепкен «Ком­муналдық қызметкерлер ­аллеясы» тұр­ғындардың көзайымына айналды десе де болғандай.

Пікір • 02 Шілде, 2025

Елдік сана ертегіден басталады

«Ертегі уатпай ма баланы да,Сөз сиқыр ғой – жазбай ма жараны да...Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған,Еркімен өзі-ақ отқа барады да...»Атақты Мағжан Жұмабаев осы шумақтарында баланы ақынға, ақынды балаға теңейді.

Кино • 02 Шілде, 2025

«Қажымұқан» қара үзіп келді

Кеше «Қажымұқан» фильмі үшін қуандық. Италияда үздік деп танылыпты. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы түсірген туынды Италияда өткен XXIX халықаралық «Ipaaf – Apoxiomeno» кинофестивалінде жоғары бағаланыпты.

Таным • 20 Маусым, 2025

Шыбын жанның салмағы...

Қазақ шыбын жан дейді. «Шыбын жаным шырқырап», «шыбын жаным көзіме көрінді» деген сөз тіркестері таңсық емес. Кісі басы мен кеудесін көтеріп тұрған және оған қосымша қаншама жүкті арқалауға қуаты жеткен жанның салмағы әлде көлемі дейсіз бе, шыбындай-ақ. Құдайдың құдіреті деген осы шығар.