Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
368 материал табылды

Таным • 28 Тамыз, 2024

Ойқас

Ертеректе ауылдағылар қасқыр, бөрі демей, жаманауыз дейтін. Атқа мінетін үлкен аңшылар бір-бірінен «далаға шықтыңдар ма, жаманауыздан тыныш па екен?» деп сұрап жататыны құлағымызда. Кейін есейе келе кей ауылдар бөріні ит-құс атайтынын да білдік. Ауылда естіген жаманауыздың мәнін сонда ұққанбыз. Қазір олай тыйым сөз қолдана бермейді-ау деймін. Итті ит, қасқырды қасқыр атайды.

Әдебиет • 22 Тамыз, 2024

Абайдың аз күнгі еңбегі

Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған тамаша ән бар. «Арқалықтың ақ таңы» аталады. Әуені әрине, Шәмшінікі. Сөзі де, сазы да керемет туындыны тыңдап отырсаңыз, тамаша сылдырап ағып келе жатқан ән мәтіні аяқ жағындағы үшінші шумақта теткіп кеткендей сезілуі мүмкін. Бабымен есіп қана аққан су өз бойынан үлкен тасқа тиіп, шапшыңқырап барып үстінен аттай салғандай әсер қалдырады. Бір томпақтау тұсқа тіреліп барып өткені байқалмай тұрмайды. Шығарма сол томпақтау көрінген тұсымен шығарма болуы мүмкін.

Таным • 16 Тамыз, 2024

Жылқышы

Бүгінде бұл кәсіп жоқ­қа айналды. Орнын бақ­ташылар басты. Бі­рақ даланың бұрын­ғы жылқышыларының бәсін маман деп түсіруге бола ма? Маман деген бел­гілі бір іспен ғана шұ­ғыл­данушы. Мы­салы, ті­гінші не етікші сияқ­ты. «Ерінбеген етікші болады» демеуші ме еді қазақ? Ал жылқышы ше?

Тәрбие • 15 Тамыз, 2024

Тарихтан тағылым тартқан

Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ұлттық құндылық пен салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы Бурабай ұлттық паркі «Жеті қазына» этноаулында «Кемел жігіт – күйеу бала» атты ұлттық зияткерлік курсын өткізді.

Мәдениет • 14 Тамыз, 2024

Әбікеннің «Қоңыры»

Шертпе күй дегенде Әбікен Хасенұлының есімін жиі еске түседі. Алайда көп айтыла бермейді. Ол кісінің ғаламат күйшілігімен қатар, кісілік келбеті әрі өте талантты әртіс болғаны туралы деректер кейін де шығып жатыр. Бұрындары ашық дереккөздерде ­театрда әртіс болғаны жөнінде және басты рөлдерді сомдағаны туралы деректер көптеп ұшырасар еді. Ал күйші Жанғали Жүзбайдың бертіндегі жазбасына үңілген адам Әбікен Хасенұлы заманында Қазақ драма театрында (Қазіргі М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма ­театры) маңдайалды актердің бірі болғанын біледі.

Оқиға • 14 Тамыз, 2024

Бәсіренің мәні неде?

Ол кезде бәсіренің не екенін білген жоқпыз. Ат жалын тарта бас­тағанымда атам маған тай атағаны есімде. Атқа енді-енді оты­рып үйренген кезім, үлкен­дер ересектеу бір балаға үйреттіріп, құнан ке­зінде біраз қызығына батқанбыз.

Абай • 13 Тамыз, 2024

Ұлттың рухани темірқазығы

Абай күніне орай онкүндікте Астана қаласында әдеби әрі рухани шаралар әр тұста көрініс бергені белгілі. Абай шығармаларын үлгі етуді мұрат тұтқан аудан әкімдіктері бастап, білім, мәдениет салалары мекемелері ұйымдастырған 70-тен астам іс-шараның ішінде атаулысы «Журналистер» саябағында «Алдымда ақын Абай – Темірқазық» атты әдеби кеш өтті. Онда Абай тағылымы бүгінгі күнмен ұштастырылып, өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.

Таным • 07 Тамыз, 2024

Қайдасың, қымызмұрындық?

Осыдан бес жыл бұрын Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойында Жаңаарқа топырағында бір мезетте мың күбі пісіліп, 10 мың литр қымыздың исі даланы алып кеткені ұмытыла қойған жоқ шығар. Аталған ауданның тоқсанжылдық тойы үстінде ел ардақтысы Ақселеу Сейдімбек жатқан Қарауылтөбенің бауырында гүрп-гүрп пісілген мың күбінің қызығын Гиннес рекордтары ұйымынан Юделькис Диас Кубадан келіп тіркегені есімізде.

Мәдениет • 03 Тамыз, 2024

Жалғыз аяқ Әбікей...

Әбікей күйші дегенді естуіміз ғана бар-тын. Білмеймін әйтеуір Әбікей десе, жадымызда күйші деген сөз жаңғырады. Ғаламторды ақтарсаңыз, аз ғана мәлімет ұшырасады. Толымды ақпарат жоқ. Уикипедияда күйші екені, жалғыз күйі қалғаны туралы мәлімет бар. Қобызшылар туралы материалдарда Әбікей жөні біресе Исаұлы, біресе Тоқтамысұлы болып шығады.

Әдебиет • 30 Шілде, 2024

Дүниенің ішкі матрицасы

Қазақ әдебиетінде ит туралы бір шығарма болса, Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» туындысы шығар. Онда ит туралы әңгіме жоққа тән, бірақ. Тазы туралы десе, әңгіме бөлек. Қазақ «иттің бәрі тазы емес, еттің бәрі қазы емес» дейді. Тазыға қасиет деп қараған абзалырақ. Аталған повесте де солай.