Кино • 14 Ақпан, 2024
1969 жылы қазақ даласы қарқылдап тұрып бір күлді. Күлкісі мынау Алатаудан анау Мәскеуді шарпыды. Бұл 1936 жылы Мәскеудегі Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде қойылған «Қыз Жібек» операсында Бекежан болып күлген Құрманбек пен көп айтыла бермейтін ақын Тайжан Қалмағамбеттің «Сақ-сақ» күлкісінен кейін естілген Әмина Өмірзақованың күлкісі еді.
Әдебиет • 13 Ақпан, 2024
Бұрынырақтағы қазақтар білген шығар. Ғайыптан тайып арыстан не жолбарыс тап келсе, қандай әрекетке көшу керегін. Себебі даламызда бертінге дейін жолбарыс болғаны белгілі. Кейіннен тұқымы құрып кеткен соң, жоқ нәрсеге кім бас ауыртсын? Мұхтар Шаханов «Гималай жолбарыстары» деген өлеңінде осы туралы толғанады ғой. Ақын онда жолбарыспен кезіге қалған адам не істеу керегін шетелде жүргенде жолбарыс аулаушыдан естігенін келтіреді.
Байқау • 12 Ақпан, 2024
Оқушылар мен мұғалімдер арасында кітап оқу мәдениетін көтеру мақсатында А.Байтұрсынұлы Білім академиясы республикалық «Үздік оқырман» мұғалімдер байқауын ұйымдастырып, қорытындысы салтанатты жағдайда өтті. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы байқау Астанадағы Ы.Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде қорытындыланды.
Жәдігер • 08 Ақпан, 2024
Домбыра мен қобызсыз қазақтың күні болмаған. Бұл аспаптар елдің есін кіргізеді десе артық емес. Атам заманғыны ғана емес, алдағыны да байыптауға үндейді. Рухтандыру арқылы. Бұдан бес мың жыл бұрын тасқа қашалған таңбалардағы домбыра, қобызды айтпай-ақ қояйық, тіпті Қазақ хандығы заманындағы жырларды қозғамағанның өзінде Абай айтпай ма? «Қобыз бен домбыра алып топта сарнап...» деп. «Қобыздың шанағында есіл «Ерден» (Ғ.Жайлыбай) болып өрби береді. Өлген баласын аза тұтып басын көтермей жатып алған сол Сандыбайдың Ерденін күй тәңірі Ықылас қобызымен барып жұбатқанда бір-ақ тұрғаны туралы дерек жетерлік ел аузында. Әдебиетке де аз енбеген бұл туралы.
Ән • 08 Ақпан, 2024
Иә, Зұлқияның әнін орындамаған әнші кемде-кем шығар. Сонау Сәкендер заманында да, бүгінгі біздің уақытта да. Әріде Майра Уәлиқызы, беріде Рамазан Стамғазиев салғанынан-ақ ертеден келе жатқан шоқтықты туынды деуге болар. Қателеспесем, бірер бағдарламаға да өзек болған шығарма. Сөз басында Сәкенді де тегін атамадық, ән туралы тұңғыш жазушылардың бірі де осы бабамыз ба екен деген ойға қалдық.
Әдебиет • 06 Ақпан, 2024
Отқа жанған талдың қабығын немесе әлсіз ғана жас бұта, әлде шиді көрген шығарсыз. Ши дегенде, далада түптеліп өсетін табиғиы. Түбіріне ат сүрінеді ондай шидің. Қалың қараған мен тобылғы, небір қия тастан екі аттап аман өтетін кей жүйрік ши түбінен сүрініп кетіп жатады. Жайылып өскен бір түп шиге бір үйір жылқы тояттайды дейтін үлкендер. Мүмкін асырып айтты ма екен, әлде бір түп ши дегені бір түбірден өсіп жетілген бірнеше түптен тұра ма екен, білмеймін.
Сұхбат • 05 Ақпан, 2024
Күмбірлеген күйге елжіремейтін қазақ жоқ
– Төлеген Шаңғытбайұлы, Астанада кейінгі жылдары күй өнеріне баса мән беріліп, «Күй анасы» қорының жұмыстары көзге көріне бастады. Аталған қор туралы айта кетсеңіз.
Әдебиет • 29 Қаңтар, 2024
«Төбелесті күтпеген жерден бастау керек, сонда қызық болады» депті ақын Тоқаш Бердияров. Тоқаш ағасының осы бір сөзін Есенғали Раушанов эпиграф етіп алып, ол кісінің ішкі даусын керемет өлеңге айналдырған. Бұл – жалғыз Тоқаш ағаға арнау емес, жеке туынды, поэзия. Ішкі даусы, яғни жанының үні болмаса, адамның бары не, жоғы не. Ол неден бас тартып, қалайша тебіндейді – басқа әңгіме. Бар болғаны – адам туғанда дауыс салып туады.
Басылым • 28 Қаңтар, 2024
Қазақ ақыл-ойы мен зейін-зердесінің шырағы қайбір замандарда сөне жаздап барып, Абай заманында қайта жанып, Алаш арыстары тұсында жанданғанға ұқсайды.
Таным • 25 Қаңтар, 2024
Автокөліктің қуатын әлі күнге аттың күшімен есептейді. Ал ақылдың, жанның, рухтың, түйсіктің, сезімнің, ойдың, қуаныш пен қайғының күшін ше? Осы ғажаптың бәрін үйлестіріп, бір нүктеде ұстап тұратын адамның қабілет қуатын ше? Компьютер ме, әлде компьютер басты пенделер ме, мүмкін болашақтың «иесі» роботтар өлшейтін шығар?