Әдебиет • 08 Қазан, 2023
«Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп Мағжан емес, басқа ақын айтса жұрт нанбауы мүмкін. Бәлкім еленбей қалады. Тағдырымен кешпеген адам жазған күнде оны жұртқа дәлелдеу үшін томдықтарын шығарып, ғылыми зерттеулер жазғызып, кітаптарының тұсаукесерін жасап, мерейтойын тойлау керек, тағысын тағы дегендей. Ал Мағжан сендіреді. Ақынды тірі алып қалу үшін жарнама да, өңге әрекеттер де қажет емес.
Таным • 28 Қыркүйек, 2023
«Шыңға шық – өлгің келсе егер, шыңға шық – өлгің келмесе» деп аяқталады Жұматай Жақыпбаевтың бір өлеңі. Бұл қандай шың? Бір шыңға шықса, екіншісін бағындырғысы келіп тұратын адам емес пе? Жүрегін Құдайға байлағандарға шың да күлкілі болып қалуы мүмкін. Өйткені бұл дүниедегі өлшем мен межені белгілеушілердің көбі жұмырбасты пенде. Сондықтан белгілі бір деңгейге барғанда кейбір шығармалар бұлдырап кете барады. Былайша айтқанда, «құйрығын» ұстатпай әртараптанып, нақты бірдеңе деп айту қиынға соғады. Оны автор біліп, бәлкім білмей істеді. Өйткені адам ұстағанымен, қаламды белгілі бір деңгейде бір құдіреттің тербейтінін жоққа шығаруға болмайды. Автор ойламаған жерден бұрылыс жасап, бұрылысынан құбылыс туып, сонысына кейін өзі де сенбей қарап отыруы кәдік.
Ән • 27 Қыркүйек, 2023
Әннен басқа арманы болмаған адамдар бар өмірде. Сонау дәуірлерден, есте жоқ ескі күндерден адамның өзі емес, ән көшеді болашаққа. Бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы халықтың рухы мен жанының көрінісі, сөз бен саздың қосындысы – ән. Ұлттың қаны мен жаны, нәрі мен бары. Одан асқан, одан өткен не бар дүниеде? Нешелеген замандардың иінін талдырып келген ән құдірет кезеңнен кезеңге, уақыттан уақытқа оңай көше ме? Алтын жүректер, кіршіксіз күміс кеуделер арқылы көшпей ме? Кісісін таңдап, тұлпарын талғап қонады.
Басылым • 26 Қыркүйек, 2023
Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қолдауымен шыққан кітапқа байланысты мәслихатты Сенат депутаты, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп жүргізді.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2023
Таласбектің ұлтқа аманаттаған мұрасы
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, күйші Таласбек Әсемқұловтың шығармаларының 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі өтіп, республикалық Таласбек сыйлығының жеңімпаздары жарияланды. Аталған томдықтар – қаламгердің көптомдық шығармаларының жалғасы.
Әдебиет • 25 Қыркүйек, 2023
«Күй алды Бақанастың қара өзегін,Дауылдай бұрқыратып ебелегін,Қара жер қалқып барып қата қалды,Саймақтың суырғанда «Сары өзенін», демей ме қазақ жырының құлагері Ілияс Жансүгіров.
Басылым • 21 Қыркүйек, 2023
Ақын Болат Үсенбаевтың кезекті жыр кітабы қолымызға тиді. Бұл жолғысы «Тәуелсіздік деген не?» аталыпты. Балаларға арналған өлеңдер мен ертегілер топтастырылған жинақ мемлекеттік тапсырыспен былтыр шығыпты.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
О заманда, бұ заман біздің қоғам домбыраны дауға айналдырады деп кім ойлаған? Әйтеуір жаз ортасында әлеуметтік желіні шулатқанын ұмыта қойғанымыз жоқ. Іле-шала, міне, кеше ғана «домбыра харам» деп кергіген діни жат ағымдағылар әлеуметтік желіні тағы шулатты.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2023
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Меценат.кз» тәуелсіз әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты, жазушы, публицист Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесер рәсімі жасалды. Онда автордың аталған шығармасы жан-жақты талданып, әдебиетшілер мен сыншылар пікір бөлісті.
Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2023
«Әсеттей сал ән салсаң...» деп басталатын әннің бірнеше нұсқасы бар. Әсет әндері Арқа жерінен қанат қағып, мынау Семей, сонау Жетісу мен қазір арғы бетте қалып қойған қазақ өлкелеріне түгел жайылған ұлт өнерінің асқақ бейнесі десе болғандай. Кезінде қазақ ән өнеріне қатысты маңызды хабарлар мен бағдарламалар, үлкен ән байқаулары Әсет әнінің атымен «Інжу-маржан» аталып жатты. Қазақ өнерінің алыбы жиып алыңдар дегендей ұлт мәдениетінің небір інжу-маржандарын тастап кетті соңына.