
Тағзым • 04 Қаңтар, 2024
«Әупілдек», «Әпитөк», «Сәулем-ай», «Құдаша» сынды халық әндерімен қатар Біржанның «Жалғыз арша», «Жонып алды», «Ләйлім шырағын», Ақан серінің «Маңмаңгерін» және Шәмші Қалдаяқовтың әндерін шырқаған қазақ даласының бұлбұлы Рабиға Есімжанованың туғанына бүгін тура 110 жыл толды.
Әдебиет • 28 Желтоқсан, 2023
Әдебиет әлеміне ат байласақ...
Өткен жылға өкпе жоқ. Табиғат тосын мінез танытып, аспан қақырап я жер опырылып ортасына түспесе, жылды қалай өткеру адамдардың өзіне байланысты шығар. Уақыт пен кеңістіктің ауанында өнер жасайсың ба, әдебиет тудырасың ба, жоқ әлде мал тауып, оныңды тойға (желге) шашасың ба, еркің білсін. Әйтеуір әркім ақылы жеткенше іс қылады. Абай: «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ», демекші әдебиет пен өнерде үлгі аларлық дүниелер аз болмады биыл. Мәселе кімнің қалай қабылдап, бағамдап, тани алуында. Сондықтан айтпағымыз ас пен тойдың дақпырты емес, жыл аясында атқарылған жұмыстардың шетін шығару.
Жәдігер • 25 Желтоқсан, 2023
Әлем таныған қазақ балуаны, Ұлы даланың біртуар перзенті, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары 111 жылдан соң Астанадағы Ұлттық музейге тапсырылды. Бұған дейін қолдан-қолға өтіп келген қанжарды әлем жұртшылығын таңғалдырған балуанға 1912 жылы Ыстанбұлдың әкімі Шағыр паша сыйлаған көрінеді.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2023
Елі мен жерінің қайғы-қасіретін жан-жүрегімен терең сезінген ақын Мағжан Жұмабай ХХ ғасыр басында Алаш арыстарымен бірге қалай да ұлтын оятуды көксегені мәлім. Сондағы аса бір қамырықты өлеңі «Қазақ тілі» еді. «Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады» деп басталатын шағын ғана жырда бәрінен күдер үзген ақын ең соңында үмітті ұлттың ана тілінен табады. «...Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа, Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!» деп аяқтайды. Әлкей Марғұланша айтқанда, «Қазақ халқы үшін Мағжан Жұмабайдың маңызы ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің маңызынан кем емес». Демек, осыншама ұлы ақынның бұлай деуінде үлкен мән бар.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2023
Әбіш Кекілбаевтың «бодандық бізді қалай сынаса, бостандық та солай сынайды» деген сөзі бар. Ұстарған ақыл мен ұшталған ой, шыңдалған рухтың сөзі бұл. Елдік пен бостандық, азаттық пен ұлт үшін күресте көресіні көріп, әбден шыңдалып шыққан тәуелсіз сана тудырған сөз қазақтың маңдайына сыйып тұр. Алласы алқап бере салған айналайын азаттықтың Алаш баласына қаншалықты қымбатқа түскенін де осы бірауыз сөзден бағамдаймыз.
Тарих • 15 Желтоқсан, 2023
Кеңестік қиын жылдарда жыраулар рухы, қобыз сарыны бізге Махамбет жырларымен бірге келді. Намыс болмаған жерде, ұлы сүйіспеншілік болмаған жерде ерлік пен елдік те, кеңдік пен теңдік те жоқ-ау, шамасы. Былайынша айтқанда, ештеңе жоқ. Ұлы сүйіспеншілік үлде мен бүлдеге оранған Күнікей қыз болып қана көріне ме? Алтын тақ, хан сарайы сияқты қылаң беруі керек пе әлде?
Руханият • 10 Желтоқсан, 2023
Алаш арыстарының ақталуы, киелі тайқазанның елге қайтуы, қар астында қалғандай Наурыздың қайта тойлануы, Ахмет Ясауи кесенесінің қалпына келтірілуі, тағысын тағы. Осынау ұлттық өреде атқарылған қыруар істің басында Өзбекәлі Жәнібек тұр. Оның басқан қадамы мен жасаған әр ісі ұлт мерейіне айналып отырды. Ол туралы Астанадағы Ұлттық музейде өткен «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты кітаптың таныстырылымында жан-жақты айтылды.
Поэзия • 05 Желтоқсан, 2023
«Таң атады. Түс. Ымырт, түн кіреді.Естіледі Музаның мұңды лебі.Эрмитажда күліп тұр Джоконда,Жылап тұрған шығар ол?Кім біледі...»
Әдебиет • 29 Қараша, 2023
«Сыртым – бір қоңыр бағлан, ішім – бір кекті қабылан. Қабылан айбат шегеді, қабанға азу жаныған. Өз ішін танып-білмеген, өзгені қашан таныған?» (Несіпбек Айтұлы). Бұл жолдарда бәрі өзіңді танудан басталатынын меңзеп қана қоймайды, бүкіл жан дүниесінің қарсылығын әйгілейді. Ал егер ішіне кек қатып ашынса, қабыланың алмайтыны жоқ.
Өнер • 27 Қараша, 2023
Өнерді қадірлейтін өрелі жора қайда?
Өнердің құнын білу қоғамның өзіне байланысты. «Қазаққа өлең деген бір қадірсіз», деп Абай ана заманда күйінген, сол әлі келе жатыр. Бұл – ащы да болса шындық.