Тағзым • 07 Қазан, 2025
Астананың күзі кейде Есенғали Раушановтың жырларына ұқсап кетеді. Селеудей сарғайып көріседі де, қаулаған оттай күреңітіп, жалқыны талаурап, сөнбей жатып алады. «Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше» деген ақын неге бұлай жырлағаны сонда байқалатындай. Шайырды еске алуға арналған «Ұшты менің құстарым бұлттан әрі» атты поэтикалық кеш К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтіп, қазақ әдебиетінің классигі туралы бірсыпыра естелік айтылып, өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.
Әдебиет • 03 Қазан, 2025
Жүрек не дейді, жұрт не дейді?
Жазбағымыз ет пен сүйек жыры. Абай «ет жүрексіз, ерніңнің айтпа сөзін» деп дүниенің хикметін жалғыз ауыз лепеске арқандап қойғандай көрінеді де тұрады. Осы шумақты оқып, жан-тәнімен сезіну өз алдына, онымен өмір сүрген жанның өмірін біз қазір көрмек түгілі елестете аламыз ба? Қандай да бір мәселе, әлдебір тақырыпты байыптай келгенде, Абайға тіреле беретініміз де осыдан шығар мүмкін.
Таным • 02 Қазан, 2025
«Біржан сал» фильмі қызық басталады ғой. «Әй, біразға барып қалдым-ау мен осы» деп өз буына семіріп жүрген қазіргілер байыбына бара бермейтін ілкідегі қазақ өмірінің баянды-баянсыз, аяулы-аяусыз беттері көз алдыңнан іркес-тіркес сап құра жөнеледі. Бірі бері, бірі кері қараған оқиғалардың жықпылынан қылаң ұрған детальдардың әрқайсысын тамырынан тартып сөйлетер болса, бір-бір серияға жүк екені білінеді.
Қоғам • 01 Қазан, 2025
Елді жаһанға танытатын ерекше жоба
Қазақстан мен Қытайға ортақ халықаралық бұл жобаның бастамашысы әрі атқарушы продюсері – Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген. Жоба елімізде өнер байрағын желбіретіп қана қоймайды, тусыраған туризмге де дем береді. Бұл іс қолға алынғалы елімізге қызығушылық танытқандардың саны артқан және бір тәулік ішінде 400 мыңнан астам шетелдіктен сауалдар түскен. Осыған орай, Астана қаласында Димаш Құдайбергеннің бастамасымен Қытай Халық Республикасының «Hunan Broadcasting System» арнасы әріптес ретінде қолға алған «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Өнер • 30 Қыркүйек, 2025
Третьяков галереясына жол тартты
Қазан айында Ресейде Қазақстан мәдениетінің думаны қызбақшы. Осыған орай, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің коллекциясынан алынған жауһар туындылар Мәскеудегі атақты Третьяков галереясына жол тартты.
Ән • 20 Қыркүйек, 2025
Мәскеуде өтетін халықаралық музыкалық «Интервидение-2025» байқауына Әміре есімімен танылып жүрген әнші Ернар Садырбаев қатысады. Финал бүгін түнгі сағат 22:30-да «Первый канал Евразия» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Мәдениет • 19 Қыркүйек, 2025
Мәскеуде өтетін халықаралық музыкалық «Интервидение-2025» байқауына Әміре есімімен танылып жүрген әнші Ернар Садырбаев қатысады. Финал бүгін түнгі сағат 22:30-да «Первый канал Евразия» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мирас • 16 Қыркүйек, 2025
Қазір де көзге қораш емес, көнерген сөзге айналғанымен, шідер қазақтың ескі тұрмысына әбден сіңісті әбзел емес пе? Ол кездің көлігі жылқы, мінісі ат. Атқа мінгенде таққа мінгендей қазақ баласының сезімін айтып болмайсыз. Тізгінді ұстап, үзеңгіге аяқ іліктірген аттылы адамға қонар жерге жеткенде керегі шідер не арқан. Сондықтан бұларды жортуылшы ертоқыммен бірге қанжығасынан тастамайды.
Театр • 13 Қыркүйек, 2025
«Астана Опера» XIII театр маусымын М.Әуезовтің либреттосына А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсымен ашты. 6-7 қыркүйекте опера солистері, хор, балет және миманс әртістері, симфониялық оркестр музыканттары театрдың бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен өнер көрсетті.
Тағзым • 09 Қыркүйек, 2025
Күйшілер есімі қашалған белгітас
Астананың ортасында ерекше аллея бар. Абылай хан даңғылы мен күйші Дина көшесінің қиылысындағы Күйшілер аллеясының маңдайын жарқыратып, даңқын асырған Дина Нұрпейісова ескерткішінің алаңында екі үлкен ескерткіш тақтаға қазақ күйші-композиторлары мен жырау-жыршыларының есімі жазылған. Домбыра мен қобыз мүсіні және бар. Бұл жерде рухани шаралар өтіп тұрады. Осы жолы мұндағы халық күйші-композиторларының аты-жөндері қашалған үлкен ескерткіш тақтаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор, профессор Орынбай Дүйсен есімі жазылды. Былтыр дүние салған күйшінің қазақ күй өнері мен музыкасына еңбегі сіңгенін көзіқарақты көпшілік білсе керек.