Мереке • 22 Наурыз, 2024
Биылғы Наурыз Қазақ даласына ерекше жағдайда енді. Елдің басым көпшілігі дәстүрлі де тарихи жаңа жылдың төбесі көрінер Ұлыс тойына аса мән берілерін Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатынан күні бұрын білді. Егер мұндай елдік сана ұлт танымына ертеден сіңісті болмаса, бүгінде бұқараның көкірегінде сайрап тұрмаса, Мемлекет басшысы да «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дүниеге әкелмес еді.
Әдебиет • 11 Наурыз, 2024
Құдай жаратқан, күннен туған, нұрдан жаралған деген сияқты аңыздар көп халықтың ілкі бастауына қатысты. Жер дүниесінде басталған тіршілігі хақындағы мұндай қиял-ғажайыптық әдебиет үлгілерінің алғашқы кейіпкерлерінің пайда болуынан кейін әлдеқандай табиғи апат яки қырғыннан халық құруға айналады да, бір не екі бөбек қалып, оны жануар асырап алады. Барлығында болмаса да, көптеген халықтың ежелгі аңыз-әңгімесінде ұшырасады.
Руханият • 08 Наурыз, 2024
Жер мен көктің қасиетті тылсымы мен мән-мағынасы біртіндеп халықтардың таным-түйсігіне көшіп алған сияқты. Оның кеудесі мен зердесіне сіңісті болған сол ұғымдар мен атаулар әуелі тасқа таңбаланып, одан кітаптарға, кітаптардан қайтадан сана-сезімдерге, олардан газеттер мен экрандарға, олардан электронды әлемді жағалап тағы да елге тарай береді. Ал халықтардың өзі қайдан шықты деген сұрақ тумай ма? Халықтар аналардың құрсағынан өнбей ме?
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2024
«Біздің бала күнімізде» деп бастар еді үлкендердің көбі әңгімесін. Иә, «біздің бала күнімізде...». Соғыс, аштық, жоқтық болса да бала күні қызықты өтіпті ол кісілердің. Қазір Құдайға тәубе, ондай тарығушылық жоқ, сонда да бүгінімізден гөрі бала күнімізді айта береміз. Неге? Өйткені ол кезде әке-шешеміз бар еді жанымызда. Әсіресе, ананың аялы алақаны мен ыстық махаббатынан асқан не тоқшылық, не бақыт керек балаға. Содан кейін, ананың сен деп елжіреген жүрегі мен көңілінен кейін не іздесін бала? Махаббат пен мейірімге малшынып өскен баладан жақсы адам шығады. Дүниені бұзатындар жас күнінде жүрегіне махаббат жетпей қалғандар болса керек.
Әдебиет • 05 Наурыз, 2024
«Ат суара барғанда жылғаға мен, Ашаң жүзің ашылып бір қарап ең. Құлағыңда ай сырғаң дір-дір етіп, Енді үзіліп кетердей тұрған әрең», деп басталар еді Мұқағалидың бір өлеңі.
Әдебиет • 29 Ақпан, 2024
«Еркін бейбіт ауылым-ай,Жас өрім талдай сәулім-ай.Қырдың ерке сұлуыСағындым сені, бауырым-ай», дейді Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» әнінде. Иә, қателескен жоқсыз, сәулем емес, сәулім болса керек. Бұл не сөз деп таңырқайтын шығарсыз, бірақ анығы – осы. Сәулім. Жалғыз-ақ ауыз сөз әннің бүкіл реңін ашқаны өз алдына, қазақтың тілдік қолданысында ертеден бар екеніне көз жеткізген соң барып айтып отырмыз.
Мәдениет • 29 Ақпан, 2024
Құрылғанына бірер айдың жүзі болған «Birlik» ансамблі бүгінгі Алғыс айту күніне орай Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында тұңғыш концертін беріп жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан құрылған ансамбльдің тұсаукесер концертінің бүгінге қойылуы да тегін емес. Кеше шығармашылық ұжымның дайындығынан білгеніміздей, ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай ансамбль біздің елде бұрын-соңды болмаған.
Әдебиет • 25 Ақпан, 2024
Байырғы әдебиетін, аңыз-әңгімелерін, ертегі-мифтерін жаңғыртқан ел жұтамайды. Мұқағали «қуат алып жырына бәз даладан» дегендей, бұрынғы ілкі бастауын қастерлеген ұлт соны жаңғыртып, заманауи жасандырған сайын өркендейтін сияқты болады да тұрады. Қазіргі небір керемет жауһар туындылар, фильмдер (мәселен, «Аватар») ежелгі мифтер мен ертегілерден тамыр тартатыны байқалады. Әлемдік өркениет те ең ежелгі ертегілердің соңынан қуа-қуа, ақыры бүгінде ғылыми техникалық жетістіктер соның бәрін басып озғандай. Ол басқа әңгіме десек те, қандай да бір құндылықтар мен жетістіктердің бастауы ежелгі әдебиет пен ертегі-аңыз әңгімелерге сүйенетіні несі екен?
Поэзия • 22 Ақпан, 2024
Ақ киік, жез киік, қызыл киік туралы аңыз көп ел ішінде. Тек қазақ даласына тән жануар болған соң аңызымен қоса күйі де, әні де мол. Поэзиялық, прозалық шығармалар қаншама. Осылардың арасында алғашқылардың бірі болып құлаққа шалынары көнеден келе жатқан күйлер, олардың арасында Ықыластың «Жезкиігі» болса керек. Құрманғазы шалған «Ақсақ киіктің» жөні басқа. Теріс бұрауда тартылатын Ықыластың «Жезкиігі» қандай кең арналы күй болса, соғұрлым аңыз-әңгімесі де мол.
Әдебиет • 20 Ақпан, 2024
«Күнікейдің жазығында» Жүсіпбек Күнікейдің «жазығын» ғана суреттемейді ғой. Жалғыз-ақ әйел теңсіздігі емес. Адам құқығы, ар бостандығы туралы толғай келе күллі қазақ өмірін суреттейді. Жалпы, шығарманың ауқымы кең, аспаны биік, сондықтан шындығы да жалғыз кейіпкерге байланып қалмаған. Әркім өзінше ұнатып, бойлағанынша ой қорыта береді. Тұтас шығарма былай тұрсын, әр бөліміндегі бір үзіндіні кесіп алып сөйлетсе де көптеген жайтқа куәдар боламыз.