
Әдебиет • 08 Қараша, 2024
Оны жазған күнді ұмытқанды ақын деуге бола ма? Ал ұмытса, басқа емес, ақын «өледі-ау». Сіз өлімді қалай түсінесіз? Физикалық дене тұрғысынан ойласаңыз, қателесуіңіз мүмкін. Жүгін біреуге артып, күні үшін сүйретіліп жүргенді өмір деп кім айтты? Ақын деп кім айтты. «Арғымақтың баласы, Арыған сайын тың жортар, Арқа мен қосым қалар деп. Азамат ердің баласы, Жабыққанын білдірмес, Жамандар мазақ қылар деп» жырлаған Қазтуғанның көзімен қарағанда солай. Ақынның алғашқы өлеңі қазақ рухының ілкідегі бір нұсқасы жыраулар поэзиясындай құбыланама болмаса, оның несі туынды, несі өлең дер едік?
Таным • 01 Қараша, 2024
Қазақта бірлі-жарым ғана әнімен тарихта қалған оқшау тұлғалар бар. Соңыңда ұрпақ шырқап салар жалғыз ауыз әнің қалса, ондай жан бақытсыз деп айта алмас едік. Ол туындың ел аузынан түспей, ұлт руханияты мен мәдениетіне қызмет етіп жатса, Абай айтпақшы, «өлсең де өлмегенмен боласың тең».
Әдебиет • 24 Қазан, 2024
Бабалар тарихының алтын парағы
Осы уақытқа дейін Жошы хан туралы әртүрлі дүниелерді оқып келдік. «Ақсақ құлан – Жошы хан» туралы аңыз бен күй құлағымызға бала күнімізден сіңді. Тіпті мультфильмнен көріп өстік. Ол кезде бір түсті қара сұр экран болса да ұлттық құндылықтар молырақ сияқты еді. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан – Жошы хан» секілді мультфильмдер тамашалайтынбыз. Қазір бұлардың исі де жоқ. Мүмкін дәл сол уақытта телміретін басқа дүние болмады. Айтпағымыз ол да емес, Жошы хан еді ғой.
Талбесік • 19 Қазан, 2024
Қазақ жылқысын қылаң немесе баран деп екі-ақ түске бөледі десем, кейбіреулер жағамнан алуы да мүмкін қазір. Білетіндер «е-е, осы да сөз бе екен?» деп қоя салады. Боз, ақбоз, көк, қызыл, сұр сияқты алыстан көзге түсетіндерін қылаң дейді де, қалған қара, қарагер, торы, шабдар, күреңдерін баран атайды. «Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды» деген жолдар Ілияс Жансүгірдің «Құлагерінде» де бар. Құлагер баран екенін бірден аңғарамыз.
Тағзым • 18 Қазан, 2024
Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қазір Астанада әнші, актер, ақын, драматург Қанат Жүніс шығармашылығының «Қолтаңба» атты онкүндігі өтіп жатыр. Мәселен, ертең 19 қазан күні Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында автордың «Алаш жолы» атты драмасы қойылады.
Тағзым • 17 Қазан, 2024
Қазақ даласында театр өнерінің қазығын қағып, туын көтерген Жұмат Шанин тұлғасы қашан да еске түсіріп отыруға тиісті ардақты есімдер санатында. Театр өнерінің қалыптасып, орнығуына тер төккен Ж.Шаниннің жұбайы, ұлт театрының алғашқы қарлығаштарының бірі – Жанбике де айтулы актриса екені тарихтан мәлім. Халқымыздың маңдайалды перзенттеріне тартып туған ұлдары Қасымхан Шанин де театр мен кино өнерінің қайталанбас жұлдызы, режиссерлігімен қатар әншілігі де бір төбе.
Таным • 16 Қазан, 2024
«Сенің әкең жақсы еді жамбас жеген, Жақсыдан жаман туса оңбас деген» болып келетін шумақ ертеректе ел ішін қыдырып жүретін. Өйтетіні, қазақта табақ тарту, қай мүшені кім ұстауы тиіс сынды жоралғылар аяқасты қалмайтын еді ғой. Ал тиісті жілік, мүше иесін таппай қалды екен немесе ұсынушы дұрыс үлестірмесе, дастарқан басындағы білетіндер әлгіндей шумақтарды мысалға келтіріп, сөзбен қойып қалатын. Айыпты жан алақандай дастарқан басында кірерге тесік таппайды ұяттан. Жамбас сүйектің қадірлі жандарға тартылатыны жоғарыдағы жолдардан белгілі емес пе?
Руханият • 08 Қазан, 2024
Ертеректе, біздің бала күнімізде, «Туған жер» атты ән болатын. Қазақта не көп, осы тақырыпта жазылған ән көп. Біздің құлағымызда қалған әлгі туынды сұмдық зарлы еді.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2024
Qazaqstan республикалық телерадиокорпорациясы жаңа телевизиялық маусымдағы жобаларының таныстырылымын өткізді. Тікелей эфир студиясында өткен іс-шараға шығармашыл қауым, сала ардагерлері, руханият өкілдері қатысты. Соңғы жылдары дәстүрге айналған таныстырылым бір жағынан жаңа өнімдерді насихаттау болса, екіншіден өткенді қорытындылап, болашақ шығармашылық жұмысты пысықтауға саяды.
Таным • 05 Қыркүйек, 2024
Сананы сөз оята ма, іс оята ма? Екеуі де дұрыс орындалғанымен, селт еткізе алмауы мүмкін ғой. Оған бола «мынауың дауасыз екен» деп қоя саламыз ба? Қайткен күнде бір қисыны табылуға тиіс қой.