Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
413 материал табылды

Жәдігер • 08 Ақпан, 2024

Ықыластың қобызы

Домбыра мен қобызсыз қазақтың күні болмаған. Бұл аспаптар елдің есін кіргізеді десе артық емес. Атам заманғыны ғана емес, алдағыны да байыптауға үндейді. Рухтандыру арқылы. Бұдан бес мың жыл бұрын тасқа қашалған таңбалардағы домбыра, қобызды айтпай-ақ қояйық, тіпті Қазақ хандығы заманындағы жырларды қозғамағанның өзінде Абай айтпай ма? «Қобыз бен домбыра алып топта сарнап...» деп. «Қобыздың шанағында есіл «Ерден» (Ғ.Жайлыбай) болып өрби береді. Өлген баласын аза тұтып басын көтермей жатып алған сол Сандыбайдың Ерденін күй тәңірі Ықылас қобызымен барып жұбатқанда бір-ақ тұрғаны туралы дерек жетерлік ел аузында. Әдебиетке де аз енбеген бұл туралы.

Ән • 08 Ақпан, 2024

Зұлқияның әні

Иә, Зұлқияның әнін орындамаған әнші кемде-кем шығар. Сонау Сәкендер заманында да, бүгінгі біздің уақытта да. Әріде Майра Уәлиқызы, беріде Рамазан Стамғазиев салғанынан-ақ ертеден келе жатқан шоқтықты туынды деуге болар. Қателеспесем, бірер бағдарламаға да өзек болған шығарма. Сөз басында Сәкенді де тегін атамадық, ән туралы тұңғыш жазушылардың бірі де осы бабамыз ба екен деген ойға қалдық.

Әдебиет • 06 Ақпан, 2024

Екі ши мен екі-үш үй

Отқа жанған талдың қабығын немесе әлсіз ғана жас бұта, әлде шиді көрген шығарсыз. Ши дегенде, далада түптеліп өсетін табиғиы. Түбіріне ат сүрінеді ондай шидің. Қалың қараған мен тобылғы, небір қия тастан екі аттап аман өтетін кей жүйрік ши түбінен сүрініп кетіп жатады. Жайылып өскен бір түп шиге бір үйір жылқы тояттайды дейтін үлкендер. Мүмкін асырып айтты ма екен, әлде бір түп ши дегені бір түбірден өсіп жетілген бірнеше түптен тұра ма екен, білмеймін.

Сұхбат • 05 Ақпан, 2024

Күмбірлеген күйге елжіремейтін қазақ жоқ

– Төлеген Шаңғытбайұлы, Астанада кейінгі жылдары күй өнеріне баса мән беріліп, «Күй анасы» қорының жұмыстары көзге көріне бастады. Аталған қор туралы айта кет­сеңіз.

Әдебиет • 29 Қаңтар, 2024

Дыбыстар диалогі

«Төбелесті күтпеген жерден бастау керек, сонда қызық болады» депті ақын Тоқаш Бердияров. Тоқаш ағасының осы бір сөзін Есенғали Раушанов эпиграф етіп алып, ол кісінің ішкі даусын керемет өлеңге айналдырған. Бұл – жалғыз Тоқаш ағаға арнау емес, жеке туынды, поэзия. Ішкі даусы, яғни жанының үні болмаса, адамның бары не, жоғы не. Ол неден бас тартып, қалайша тебіндейді – басқа әңгіме. Бар болғаны – адам туғанда дауыс салып туады.

Басылым • 28 Қаңтар, 2024

Шолпандай жарқыраған басылым

Қазақ ақыл-ойы мен зейін-зердесінің шырағы қайбір замандарда сөне жаздап барып, Абай заманында қайта жанып, Алаш арыстары тұсында жанданғанға ұқсайды.

Таным • 25 Қаңтар, 2024

Бұл қай озған?..

Автокөліктің қуатын әлі күнге аттың күшімен есептейді. Ал ақылдың, жанның, рухтың, түйсіктің, сезімнің, ойдың, қуаныш пен қайғының күшін ше? Осы ғажаптың бәрін үйлестіріп, бір нүктеде ұстап тұратын адамның қабілет қуатын ше? Компьютер ме, әлде компьютер басты пенделер ме, мүмкін болашақтың «иесі» роботтар өлшейтін шығар?

Тұлға • 25 Қаңтар, 2024

Қазақ гитарының атасы

Қу тақтайдың бетіне тартып тастап, шертіп кеп жіберсе дың ете қалатын ешкінің ширатылып сымдай тартылған ащы ішегі емес, темір сөйлемесі анық қой тура мағынасында. Ал темірге тіл бітіру әркімдердің қолынан келгенімен, сол жансыз немені қазақша сөйлету екінің бірінің қолынан келмегенін айтқымыз келеді.

Әдебиет • 22 Қаңтар, 2024

Тау құлаған күн

Дүниеде ананың балаға деген махаббатындай махаббат жоқ шығар. Мүмкін дүниені ұстап тұрған да сол болар. Одан озған, оның алдына түскен сезім болса өзіңіз айта жатарсыз. Біздің далада ертеден, тіпті бірнеше мыңжылдықтар бұрын қалыптасқан дәстүрдің озығы – шешелерімізді қастерлеу, қадіріне жету – ең қасиетті іс. Ерте түрік дәуірінен бері келе жатқан тас балбалдардағы әйел-ана бейнелерінен ғана емес, ертегі, аңыз, жыр-дастандарымыздан, қысқасы ұлттық әдебиетімізден анық көрінеді. Әрідегі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларынан басталатын алтын тамырдан жүлге тартқан небір інжу-маржандар тізіле келіп, ұлы рухпен суарылған құндылықтар ырысын еселей түседі.

Әдебиет • 17 Қаңтар, 2024

Шырмау мен ымдау

Қазіргі жастар Ақан серінің «Шырмауығын» қалай қабылдар екен? «Ахау, дүние жалған, бітер ме арман? Сұм тағдыр шырмауықтай, шырмап алған» дейді қайырмасында. Әрине, Ақан өмірінен, қазақ тарихынан хабардар түйсігі ояу жас бірден қабылдап түйсінуі әбден кәдік. Бойына мұндай қасиеттер жұқпаған қазақтың сөзі селт еткізбесе де, әуені баурамай қоймауы керек. Ән соқталы, терең тынысты, батар күннің сәулесіндей салмақты ой мен сезімге құрылған. Бір емес, бірер тыңдау, ол да аз-ау, өмір бақи тыңдап өтер туынды. Сондықтан адам­дар қайда асығып бара жатқандарын да пайымдамай, уақыттың алдына түсіп алып зымырап жүрген мына заманада Ақан, Біржан әндері әр тұстан естіліп тұрса артық емес. Мыңның арасынан бірен-саранының құлағы шалып жатса, ол да олжа.