
Әдебиет • 29 Қараша, 2022
Бұл да бір қызық әңгіме, оқырман! Бұл да бір қызық сұрақ. Менімен келіспеуіңізге де, келісуіңізге де болады. Әлемді құтқаратын адамзаттың аяулы сезімдерінің бірі десек, ол – түпсенімі шығар. Әрине, сіз бұған дейін өткен ғұламалардың сөздерін келтіріп, бірнеше қисынға жыққаныңызбен, оларға да неше түрлі уәж бен дау айтылып, жазылып жүргенін білеміз. Мәселен, Достоевскийдің «әлемді құтқаратын сұлулық» деген сөзі кең таралғанымен, оған да әркім әртүрлі дау айтады. Біреулері «сұлулық емес, мейірім, махаббат құтқаратынын» дәйектейді. Ақыры әлемді қандай қасиет, нендей сезім құтқарады деген сұрақ сол қалпы жауапсыз қалғанға ұқсайды. Анығында әлемді адамзат баласы құтқарып қала алмайтын сияқты көрінеді. Тіпті адамзаттың кейбір сезімдерін техникалық құбылыстар жалмап бара жатқанда мұндай әңгіме айтудың өзі... Күлкілі сияқты сезіледі, кейде. Ал әдебиеттегі кейіпкерлер әлемі арқылы саралай бастасақ, біраз жайдың беті ашылардай көрінеді.
Әдебиет • 28 Қараша, 2022
Басынан өтпей, жүрегіне жетпей жазбайтын сияқты болады да тұрады. Мүмкін бір кезеңнің айтулы оқиғасы шығар, заманның зеріктірген жаттанды әңгімесі ме екен, бәлкім жалғыз ғана сәті не мезеті делік, бәрі бір адамның басына тап келе беруі мүмкін емес қой. Солай бола тұра, әңгімелеріне әулиенің айтқанындай сенесіз. Қалтқысыз сенесіз, қапысыз танисыз табиғатын. Бастан кешіргендей әсерленесіз. Жып-жылы жүректің буындай баурайтынын қайтерсіз және. Сондықтан біз таныған Мархабат Байғұт әңгімеші болып туған, жүре қалыптаспаған дер едік.
Руханият • 24 Қараша, 2022
«Концертіміз осымен аяқталды» дейтін еді ғой әдетте. Концерт аяқталады, ән мен күй аяқталмайды, бірақ. Біреудің жүрегінен шыққан сәуле біреудің жүрегіне от болып түсе ме, шоқ болып түсе ме, әйтеуір тыңдағанның жанын қозғай алса, өнер иесінің парызы өтелгені де. Демек ән жарыққа шығып, көпшілікке жария болғасын, сүйіп қалған демей-ақ қояйық, сол туындыны ұнатып қалғандардың жанында, көңілінде жасай беруі бек мүмкін.
Кино • 13 Қараша, 2022
«Қара Қабылан» қазақша сөйледі
Бұдан былай қазақ көрермендері MARVEL-дің фантастикалық блокбастері «Қара Қабылан: Ваканда жасасын» фильмін қазақ тілінде тамашалай алады. Күні кеше ғана Астанадағы «Сарыарқа» ойын-сауық орталығындағы Kinopark-та әйгілі туындының қазақша дыбысталған нұсқасы алғаш көрсетілді.
Сұхбат • 10 Қараша, 2022
Сұхбат • 08 Қараша, 2022
Руханият • 07 Қараша, 2022
Қатталған қалың тарих ел мұрасы
«Қабат-қабат қаттама, ақылың болса – аттама» деген сөз басқа емес, осы архив ісіне байланысты айтылғандай. «Біздің тарих деп жүргеніміз – бір кездердегі саясаттың көлеңкесі түскен көшірмелерге келіңкірейді» депті бір ғұлама. Ал оқырманға халықтың тағдыр жолынан алынған шын тарих жетуі керек. Осы жолда мемлекет қолға алған «Архив-2025» жобасы негізінде ұлт тарихына қатысты қаншама құжат елге қайтып, ғылыми айналымға түсудің алдында тұр. Шетелдерден келген тарихи құжаттардың бірсыпырасы өткен жұма күні елорда төрінде ұйымдастырылған «Архив – ел тарихының қазынасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда мәлімделді.
Руханият • 04 Қараша, 2022
Өмір ұйықтап көрген түсіңнің жалғасындай болса ғой. Расында кейде түсіңде бақыт құшағында тербеліп бара жатып оянып кетесің. Адамдар әдетте жұмақ бағы дегенде, ғаламат жұпар аңқып, гүлге оранған ғажайып мекенді елестететіндей сезіледі. Ойлай берсең, оған да жетерсің. Бірақ әуелі сол ғажайыптың бәрі сана-сезімде гүлдеуі керек шығар. Сондықтан біз бүгін гүл туралы айтамыз. Атақты «Миллион раушан гүл» туралы қазағы былай тұрсын, әлемнің біраз жұртшылығы білсе керек.
Руханият • 01 Қараша, 2022
«Бекежан мырза, сөзді бөле бердің ғой» дегеннен шығады бәрі. Сонау «Қыз Жібек» фильміндегі осы бір тіркес орайы келгенде, сөзіміздің ләміне айналып кетті. Қазақтың әңгіме арасына килігіп, әдептен аса қоймағаны осындай кесек туындылардан байқалады. Әдебиетінен, киносынан, тағы басқаларынан айқұлақтанып көрінеді. Бұл – сөзді бөлмеу, әңгімеге орынсыз килікпеу болса, ән-күй тыңдаушылар мәдениеті де бар емес пе?
Руханият • 27 Қазан, 2022
Жиырма тілде сөйлеген «Жер иісі»
Жиырма тілге аударылған Баянғали Әлімжановтың жырлары жарты әлемге аттанып барады. Соңына із тастап ағады. Жырлар да жұлдыздар сияқты. Қанша көп болсын, мейлі қай аспанға барып жарқырасын, жұлдызды ешкім көп демейді. Жұлдыздар сияқты жыр да жарық шашады, сәуле түсіреді. Көзбен көріп, қолмен ұстамасаңыз да жан дүниеңізге рухтың сәулесін себезгілейді. Егер санаңызда саңылау болса түседі, әрине. Ал ақын Баянғали Әлімжанов қазақ даласына жырдан шашу шашқалы қашан!