
Ахмет Байтұрсынұлы • 26 Маусым, 2022
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Өткен аптаның соңындағы жаңалық – Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Nazarbaev University ғимаратында өткен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылған ғылыми конференция болды. Алаш ардақтысына арналған алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің Қазақстандағы елшілері, ректорлар, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиын тізгінін белгілі алаштанушы ғалым, академик Дихан Қамзабекұлы ұстады.
Әдебиет • 26 Маусым, 2022
Шабандоз тақым қысып оқитын жыр
Әдебиетте жаңадан кейіпкер жасап, образ тудыру оңай емес. Небір мен деген ақын-жазушылар кейіпкерсіз кетуі мүмкін. Әрине, кейіпкер тудырмай қоймайды ғой ақын-жазушы, алайда Бейімбеттің «Мырқымбайындай», Жұматайдың «Ләйләсындай» ел арасына кең тарап кеткендері кемде-кем. Қазақ поэзиясындағы кейіпкерлер аллеясына Жұматай Жақыпбаев қадау-қадау кейіпкерлер әкелді. Жаңа образдар тудырды. Ләйлә мен Кенежиренді қосты жыр бәйгесіне. Біреуі адамзат баласында, біреуі жылқы баласында маңдайы жарқырап шыға келді де, ақынды өлместің кемесіне мінгізді де жіберді.
Әдебиет • 20 Маусым, 2022
Бір-ақ күнде шашы ағарған келін
«Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым, күркіреп күндей өтті ғой соғыс» (Қасым Аманжолов) дегенмен, жер бетіндегі кескілескен ұрыстың қай-қайсысы болсын адамзат баласының ой-санасын, ішкі әлемін адам айтса нанғысыз өзгерістерге ұшыратады.
Қазақстан • 15 Маусым, 2022
«Тұранды мақтамаймын тіпті текке, Онсыз да Тұран мәлім талай шетке» (Мағжан) демекші, халық көкке көтерген есімді билік одан әрі асқақтатқаны қандай келісті, қандай жарасымды! Кешелі бері «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілгені туралы хабар ел ішіне жарықтың жылдамдығымен тарады. Халық әлдеқашан мойындап, жүрегіне ұялатқан екі қазақ болса, соның бірі – Шәмші.
Әдебиет • 15 Маусым, 2022
Елдің бәрі Жарасқанның эпиграммаларын айтады. Мен оның «Ақ бұлақтары» мен «Ақын кетіп барады көшеменен», «Портфель», «Ақырғы өлеңін» айтқым келеді. Жұрттың бәрі басын шайқап тыңдайтын «Кенже баласын» қайда қоясыз?
Өнер • 14 Маусым, 2022
«Дос-Мұқасан» десе «Той жыры», «Той жыры» десе «Дос-Мұқасан»... Әрине, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасанның» көкжиегін жалғыз әнге байлап қоюға болмайды. Қаншама халық әні мен ұлт композиторларының шығармаларын шырқаған әйгілі қазақ эстрадалық вокалды аспаптар ансамблінің атын шығарған әндер жетеді. Олар орындаған халық әндері арасынан «Он алты қызды» атаса да жеткілікті шығар. Ал авторлық әндері дегенде әуелі «Той жырына» тоқталмай кете алмаймыз.
Руханият • 13 Маусым, 2022
Таптай берсең, түк қалмайды...
Қарақат та бүлдірген сияқты, шілденің ыстығымен толысып, дөңгеленіп, тамыздың басында піседі де, сол уақытта термесең, ағып түседі. Бүлдірген тіпті ерте, көктемде толысып, жаздың алғашқы ыстықтарында ағып кетеді. Біздің көргеніміз қой қарақат, аю қарақат екені белгісіз, әйтеуір Сарысу өзенін қиып, Нұраға бет алған теміржол бойындағы майда талдарда жыпырлап өсетінін білеміз. Екі ауылды тойдыратын: Өспенді де, Жарықты да. Екі ауыл ел боп теретін тамыздың басында. Осыдан жиырма жыл бұрын сондай еді.
Өнер • 09 Маусым, 2022
Он минут береді, небәрі он-ақ минут. Сол он минутта тұтас опералық шығарманы қойып шығу деген... Не айтқың келді, көрсететін құбылыстарды қалай жеткізесіз, бәрін он минутқа сыйдырып жібере аласыз ба, жоқ па? Сыйдыра алмасаңыз қош айтысасыз. Жалпы, опера режиссері дегенді сіз естігенсіз бе? Бұл кәдімгі драма, кино режиссері емес. Опера өнердегі барлық жанрдың синтезі болғандықтан, Қазақстанда жалғыз, әлемде саусақпен санарлық қана екен олар.
Тарих • 07 Маусым, 2022
Кенесары хан дегенде тарих қана емес, қазақ азаттығы мен тұтастығы, мемлекеттілігі мен рухы қатар жүреді. Тұран даласында өткен Шыңғыс, Жошы бастаған ұлы хандардың соңы Кененің тағдыр-талайы қандай қияпатты болса, рух көтерген алапаты соншалықты болғаны осы жолы да бір мәрте қылаң бергендей.
Тарих • 02 Маусым, 2022
Ол баста солай туған ту көтеріп...
Отырардан көшкен озан, Атыраудан шыққан ұзан. Озан – дауыс, үн болса, ұзан – көне түркі, қыпшақ тілінде ақын, жырау. Озан иесі мен сөз иесі ұзан Алматыда түйіседі сол жылдары. 1950 жылдың соңы, 1960-қа аяқ басқалы тұрғанда.