Келешек мектептері • 30 Қазан, 2025
Екі ауыл балаларының қуанышы ерекше
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасы аясында Жамбыл облысында бұған дейін төрт мектептің іргесі қаланса, Республика күні мерекесі аясында Қордай ауданында тағы екі білім ұясы шәкірттерге есігін айқара ашты. Заманауи жабдықтармен қамтылған жаңа мектептер уақыт сұранысына сай бой көтерген.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Республика күні мерекесінде Жамбыл ауданында бірнеше әлеуметтік нысан ашылды. Олардың қатарында заманауи мәдени кешен де бар. Аудан орталығы Аса ауылында өткен ресми іс-шараға өңір басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты.
Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Мыңжылдықтардың куәсіне айналған қарт Тараз жыл өткен сайын жаңарып, жаңғырып келеді. Кейінгі бірнеше жылдың бедерінде облыс орталығында жаңа шағын аудандар бой көтеріп, инфрақұрылым жаңғыртылып жатыр. Жергілікті атқарушы билік өкілдері тұрғындарды әлеуметтік тұрғын үймен, сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге айрықша назар аударып отыр.
Ән • 17 Қазан, 2025
Баланың кіршіксіз, риясыз күлкісінен асқан қуаныш та, бақыт та жоқ шығар. Құлындай құлдыраңдап шапқылап жүрген бейкүнә періштенің жүзіндегі жылылық әке біткенді қанаттандыратыны, шабыттандыратыны анық. Көзінің ағы мен қарасындай болған ұлына кім де болса тек жақсылық тілейтініне ешкімнің таласы жоқ. Балаға арналған әдемі әндер аз емес. Солардың ішінде Ғазизхан Шекербектің орындауында «Ұлыма ақыл» әні кімді де болсын ойландырмай, толғандырмай қоймайды.
Аймақтар • 16 Қазан, 2025
Кейінгі екі жыл бедерінде Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Еліміздегі жасыл қалалардың санатына жататын Тараз шаһарында да төңіректі тегіс таза ұстау мақсатында біршама іс тындырылды. Ең бастысы, шаһар халқы экологиялық мәдениетке баса назар аудара бастағаны көңіл қуантады.
Құрылыс • 15 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге ауқымды инвестиция тарту туралы тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында Жамбыл өңірінде айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр. Таяуда Байзақ ауданында уақыт сұранысына сай қант зауытының, облыс орталығы Тараз қаласының индустриялық аймағында ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға маманданған кәсіпорынның құрылысы басталды.
Аймақтар • 10 Қазан, 2025
51 мың гектар алқап қайтарылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде өңірлерде ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Біраз уақыт бұрын басталған жұмыс Жамбыл облысында да айтарлықтай нәтиже бере бастады.
Аймақтар • 07 Қазан, 2025
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен уақытында Шераға, Шерхан Мұртазаның өзі шығармашылығын жоғары бағалаған Елен Әлімжанның 80 жасқа толған мерейтойы Әулиеата топырағында кеңінен тойланды. Алдымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде өткен конференцияда зиялы қауым өкілдері мен әдебиетшілер қаламгердің шығармалары туралы өз ойларын ортаға салды.
Ұстаз • 03 Қазан, 2025
Жауапкершілік жүгін сезінген ұстаз
Өз уақытын аямай, шәкіртінің уақытын аялай білген ұстаздың орны – қашанда төр. Оқушының зейінін ашу жолында бар күш-жігерін сарқа жұмсап жүрген педагог мамандар өңірімізде аз емес. Олардың қатарында жұмысына жаңашылдықпен қарап, ізденіс ізіне түскен азаматтар да баршылық. Солардың бірі – Мұхтар Талқанбаев.
Тағзым • 03 Қазан, 2025
Ақиқаттың алдаспаны, шындықтың шырақшысына айналған Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туған ауылы Талаптыда «Шерағаның шекпенінен шыққандар» атты жаңа кітап таныстырылды. Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болған іс-шараға еліміздің әр қиырында тұратын Шерағаның шәкірттері жиналды.