Banner
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
212 материал табылды

Инвестиция • 30 Қыркүйек, 2025

Инвестиция тартудағы тұрақтылық

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда жаһанда инвестиция үшін тартыс күшейіп бара жатқанын, сондықтан елімізде жаңа инвестициялық кезеңді жүйелі түрде жүзеге асырудың маңызы зор екенін атап өткені белгілі. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өңірде ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Кейінгі жылдары жалпы құны 289 млрд теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба пайдалануға берілген. Жергілікті атқарушы билік өкілдері келтірген ресми дерекке жүгінсек, 2023 жылы 13 өндіріс ошағы іске қосылып, 577 жаңа жұмыс орны құрылған. Ал өткен жылы 35 кәсіпорын ашылып, 1 453 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ілкімді жобалардың қатарында «Шатыркөл» кен байыту фабрикасы, «Korcem» цемент зауыты, «Karatau Chemicals» секілді іргелі кәсіпорындар бар.

Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2025

Құмшағал халқының қуанышы

Соңғы жылдары Тараз қаласында көптеген әлеуметтік нысан салынды. Өңір, қала басшылығы тұр­ғын­дармен кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешуге қатысты жүйелі жұмыс атқарып жатыр.

Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025

18 тоннадан астам өнім сатылды

Тараз қаласында ауыл шаруашылығы тауар­ларының жәрмеңкесі жиі ұйымдас­тырылады. Шаһарлық­тар күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтағы саудадан 15-20% төмен бағамен ұсынылатын жәрмеңкеге жапа-тармағай ағылады.

Туризм • 20 Қыркүйек, 2025

Күре жол бойындағы қонақүй

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгеріс­тер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көлік логис­тикасын дамытуға айрықша басымдық берілгені белгілі. Пре­зидент тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыру мақса­тында Жамбыл өңірінде тиісті жұмыстар қолға алынып жатыр.

Мәселе • 17 Қыркүйек, 2025

Балалар арасындағы қатыгездік

Жамбыл өңірінде бірнеше күннің бедерінде екі бірдей мектеп оқушысы көз жұмды. Жалпы алғанда жаңа оқу жылы басталғалы үш мектеп оқушысы бұзақылық салдары­нан бақилық болды. Өкініштісі сол, кейінгі екі оқушы қатар­ластарының қолынан қаза тапқан.

Сұхбат • 05 Қыркүйек, 2025

Көне Тараз түрленіп келеді

Қарт тарихтың куәсі, талайғы Тараз қаласы кейінгі бірнеше жылдың бедерінде тотыдай таранып, түрлене түсті. Биыл іргедегі Байзақ, Жамбыл аудандарынан бірнеше елді мекен қала аумағына қосылып, Таразда тұратын тұрғындар саны жарты миллионға жуықтады. Нәтижесінде облыс орталығында «Әулиеата», «Жібек жолы» аудандары құрылды. Дамудың жаңа сатысына қадам басқан Тараз қаласында атқарылған жұмыс аз емес. Осы орайда шаһар басшысы Бақытжан ОРЫНБЕКОВ Тараз қаласында іске асырылған ілкімді істер мен алдағы уақытта атқарылатын межелі міндеттер туралы айтып берді.

Еңбек • 04 Қыркүйек, 2025

Еңбек адамына құрмет толастамайды

Жұмысшы мамандықтары жылына қатысты Президент тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында облыс аумағында түрлі іс-шара өткізіліп жатыр. Жергілікті атқарушы билік өкілдері еңбек адамына құрмет көрсетуге барынша басымдық беріп отыр.

Әдебиет • 29 Тамыз, 2025

«Ауыл ғана ауыспайтын астана»

Ол үшін Қаратаудың сайын даласынан асқан жер жоқ еді. Туған жердің саф ауасымен мәңгі тыныстады. Ауылын айрықша қадір тұтқаннан болар, Астана аспады, алысқа қашпады.

Талбесік • 26 Тамыз, 2025

Меркі – жердің көркі

Асқақ Алатаудың саф ауасы биікке көтерілген сайын жан сарайыңды ашады. Жасыл кілемдей жайқал­ған байтақтың көз жауын алатын пейзаж жаныңа ғажап күй сыйлайтыны анық.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Тозған саябақты түлеткен

Тәуелсіздіктің елең-ала­ңында тараздықтар орта­­лықтағы сиқы қаш­­­қан Тұрар Рысқұлов атын­дағы саябақ уақыт өте келе адам танымастай өзге­реді деп ойламаған ­болар. Биік ағаштар әудем жерден көзге түскенімен, қоршауы жоқ болған соң, бұл саябақ қожасы жоқ мекендей көзге қораш көрінетін. Қаланың қақ ортасында орналасқан саябақты кім қамқорлығына алып, демалыс орнына айнал­дыратыны да белгісіз еді.

Яндекс.Метрика