Аймақтар • Бүгін, 08:07

Көне Тараз көркейіп келеді

10 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Кейінгі екі жыл бедерінде Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Еліміздегі жасыл қалалардың санатына жататын Тараз шаһарында да төңіректі тегіс таза ұстау мақсатында біршама іс тындырылды. Ең бастысы, шаһар халқы экологиялық мәдениетке баса назар аудара бастағаны көңіл қуантады.

Көне Тараз көркейіп келеді

Облыс әкімі Ербол Қа­ра­­шө­кеев бастап, Тараз қаласының әкімі Бақыт­жан Орынбеков қош­тап, облыс орталығын көр­­кейту, қоршаған ортаны қор­ғау бағытында облыс орта­лы­ғын­да тұрақты түрде сенбі­лік­­тер, түрлі акция ұйым­дас­­ты­­ры­лып отырады. Бұдан бөлек, Тараз қаласында жасыл же­лек­­ті тү­гендеу, цифрландыру жұ­мы­­­сы қарқынды түрде жүр­гізі­ліп жа­тыр. Ресми дерекке жү­гін­­­сек, алдағы күндері ар­найы сайт іске қосылады. Мұнда облыс орта­лығындағы дерек­қор­дың бірың­ғай жүйесі қалып­тастырылады.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері Тараз қаласында жаңа­дан құрылған екі ауданды көр­кейту жұмысына айрықша назар аударып отыр. Осы орайда «Жібек жолы» ауданына қарас­ты «Қызылабад» тұрғын ала­бында арнайы сенбілік ұйым­дастырылып, алғашқы кезең­де 10 мың түп қарағаш көшеті егілді.

Жаңа ауданның келбетін қалыптастыруға ден қойған жұрт елдік іске жұмылған жұдырық­тай ұйымшылдықпен кірісті. Іс-шараға атсалысқандардың қата­­рын­да мемлекеттік мекеме­нің қызметкерлері, жас­тар, еріктілер бар. Жалпы са­ны үш мыңға жуық адам қаты­сып, белсенділік көрсетті. Эколо­гиялық акцияға өңір басшысы Ербол Қарашөкеев пен Тараз қаласының әкімі Бақыт­жан Орынбеков те қатысты.

Экологиялық акция Тараз қаласының өзге де шағын аудан­дарында ұйымдастырылды. Атап айтсақ, қала аумағында жарияланған санитарлық-таза­лықтың екі айлығы аясында «Жан­сая» шағын ауданында жалпы­қалалық сенбілік өтті. Сен­білікке 250-ге жуық адам, 7 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 70 текше метрге жуық қоқыс сыртқа шығарылды. Қаладағы өзге де учаскелерде таза­лық жұмыстары жүйелі түрде атқарылды.

Жалпы, акция аясында жыл басынан бері шаһар аумағында сенбіліктер тұрақты түрде ұйым­дас­тырылып келеді. Іс-шара барысында кәсіпорындар мен мекемелерге, барлық бизнес өкілдеріне тазалық жұмыстарын жүргізетін аумақтар бекітіліп, 30 мыңға жуық адам атсалыс­ты. Нәтижесінде, бүгінге дейін жоспарланған 15 шақырым арық жүйесі, 230 шақырымдай көше, 400 мың шаршы метрге жуық саябақ алаңдары тазаланды.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері Тараз қаласының абаттандыру жұмысына айрықша көңіл бөліп отыр. Осы мақсатта көгалдандыру, жасыл аймақ құру жоспарына сәйкес «Жа­сыл белдеу» бағдарламасы қабыл­данған. Бұл бағдарлама аясында 2023–2024 жылдары жыл са­йын 20 га жерге 20 мың көшеті отырғызылды. 2025 жылдың көктем айларында 10 мың түп ағаш егілді, күз айларында тағы да 10 мың түп егу жоспарланған. Бұған қоса, қаланың орталық көшелеріне, саябақтарға, басқа да аллеялар мен скверлерге 2023 жылы 4,5 мың, 2024 жылы 5 мың түп әртүрлі ағаш егілсе, биылғы жылы жоспардағы 10 мың ағаштың 5 мыңы егілді.

Өңір басшысы Ербол Қара­шөкеев облыс орталығында жаңа­дан құрылған екі ауданның таза­лығына, абаттандыру жұмы­сына айрықша назар аударып отыр. Қалада ауқымды жұмыс­тар атқа­рылып жатыр. Әуелден жасыл қала ретінде танылған Та­раз­ды одан әрі көркейту ісі алда­ғы уа­қыт­та да жалғасын табады.

«Аудан аумағын абаттандыру, санитарлық тазалық жұмысын жүргізу мақсатында біршама тірлік тындырылды. Көшелер мен аулаларда тұрмыстық қат­­ты қалдықтарды шығару, жи­нақ­тау, тиісті орындарға жет­кізу жұмыстары, көпшілік орын­дар­да санитарлық тазалық іс-шаралары ұйымдастырылып, заң­сыз төгілген құрылыс қал­дық­­­­­­тары шығарылды. Есепті ке­­зе­­ңде барлығы 24 сенбілік ­ұйым­­­дастырылып, оларға 10 мың­­­­­­­нан аса адам қатысты, ­­150-ден аса техника тартылды. ­Аудан аума­­ғына қарасты көшелер ­мен арық жүйелері, саябақтар мен қоғамдық орындар таза­лан­ды. Нәтижесінде, 690 тонна ­күл-қоқыс қала аумағынан тыс арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар тамыз айында «Ақбұлақ», «Қаратау», «Жай­лау», «Салтанат», «Қарасу», «Самал» шағын аудандарында жалпы қалалық сен­білік ұйымдастырылды. Оған бар­лық қала әкімдігіне қарас­ты мекемелер қатысып, арық-канал­дар тазаланып, талдардың түптері әктелді», деді «Әулие­ата» ауданының әкімі Барлық Төреханов.

Облыс орталығында жаңадан құрылған «Жібек жолы» ауданында да санитарлық-тазалық жұмысы талапқа сай атқарылып жатыр. Аудан басшылары акция аясында тұрақты түрде сенбілік ұйымдастыруды қолға алған.

«Аудан аумағындағы аялда­ма­лар, көшелер бойы, аулалар­да тұрақты түрде тазалық жұ­мы­­сы жүргізіліп жатыр. Қыр­­күйек айының басынан бері шы­ға­рылған жалпы қоқыс көле­мі – 710 тонна. Сондай-ақ аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандар, мемлекеттік мекемелер өз аумақтарында тазалық жұмыстарын күнделікті атқарып отырады. Көпқабатты тұрғын үй­лердің тұрғындарына апта сайын­ғы сенбілік жөніндегі түсіндіру жұмыстарын дер кезін­де қолға алдық», дейді «Жі­бек жолы» ауда­ны әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Олжабаев.

Экологиялық акцияға тараз­дық оқушылар да бір кісідей үлес қосып жатыр. Жақында Тараз қаласындағы №66 «Келе­шек мектебінің» 7-сынып оқу­шысы Інжу Дәулет тың бастама көтеріп, қала күні мерекесіне орай өз қолымен өсірген 2 900 түп ағашты тарту етті. Оқушы­ның бұл ісі көпке үлгі болатыны анық.

 

Тараз