
Аймақтар • 13 Сәуір, 2025
Әкімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік сатып алу порталына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде саладағы бірқатар кемшілік анықталып, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2025
Инватакси қызметінде де құқықбұзушылық бар
Жамбыл ауданының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау мақсатында талдау жұмысын жүргізіп, нәтижесінде инватакси қызметін ұйымдастыру бойынша елеулі құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарайды Egemen.kz Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2025
Конго-Қырым қызбасы: 46 елді мекен табиғи ошақта орналасқан
Жамбыл облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 11 Сәуір, 2025
Мезгіл әуені. Сартап дала сары жапырақ жамылып, айнала алтын түспен көмкерілгенде, кісі көңілін әлдебір сағыныш сазы тербей жөнелетіні бар. Күзгі пейзаж жүрекке ұмытылмас күндердегі есті естеліктердің шоғын үрлейтіндей. Әйтеуір өткен шаққа деген іңкәрлік жаныңды жылыта түседі. Онға бөлінген ойыңды, мұңтұнба қарашықтағы мұңыңды әдемі әуен әлдилей жөнеледі.
Талбесік • 11 Сәуір, 2025
Қойнауы қазынаға толы Берікқара
Қойнауы сырға толы киелі жерлер Жамбыл өңірінде аз емес. Олардың санатында республикалық маңызы бар табиғи кешенге айналғандары да жеткілікті. Күнделікті күйкі тірліктен жабыққан жұрт Шақпақтың салқын самалына кекілін таратқысы келген кезде Берікқара қорығына ат басын бұрып жатады. Мұндағы табиғат тамашасы адам жанын жадыратады. Төңіректегі тұнған сұлулықты көргенде көз тойып, көңіл тояттайды.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2025
Заңсыз алынған 12 пәтер анықталды
Тараз прокурорларының 2024-2025 жылдары жүргізген талдау жұмысының нәтижесі белгілі болды. Зерделеу жұмысының нәтижесінде заңсыз сатып алынған 13 пәтер мен 2 жер учаскесі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Есірткі • 05 Сәуір, 2025
Дәрмек: Бірнеше килограмм есірткі тәркіленді
Өңірде өткізіліп жатқан «Дәрмек» жедел алдын-алу іс-шарасының алғашқы аптасында 5 келіден астам түрлі есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 05 Сәуір, 2025
Қазақ өнерінің қайталанбас құбылысы, ән мен күйдің айбозына айналған әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның ұйытқы болуымен «Ән мен күйдің әсемқоңыры – Нұрғиса» атты концерт ұйымдастырылды.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2025
2003 жылғы зілзала құландықтардың жадынан өшпесе керек. 28 наурыз күні түн жарымында болған жер сілкінісі Меркі, Тұрар Рысқұлов, Қордай, Мойынқұм аудандары мен Тараз, Шу қаласы аумағына дейін жетсе де, меркіліктер мен құландықтар кәдімгідей даурығып кетті. Себебі жер дүмпуінің жоғары қарқыны аталған екі ауданда тіркеліп, халықты қатты әбігерге түсірді.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2025
Блогер көлік басқару құқығынан айырылды
Хайп пен лайк іздеген тараздық блогердің бейнеролик түсірмек әрекетін полиция қызметкерлері тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.