Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
193 материал табылды

Білім • 21 Тамыз, 2024

Оқушының керек-жарағы қанша тұрады?

Әне-міне қыркүйек те келіп қалды. Балалар жаздың соңы жақындағанын ойлағысы да келмей ойнап жүрген шығар, алайда ата-аналар мектепке қамдануды бастап та кеткен. Бұған көпшілік арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде көз жеткіздік. Соған сүйеніп «Бір баланы мектепке да­йындауға қанша қаражат керек?» деген сауалға жауап іздеп көрдік.

Тәрбие • 16 Тамыз, 2024

Интернет: Баланы сақтандыру кеңесі

Оқу жылы жақындап келеді. Бұл күнде балаларды мектепке дәптер-қаламымен ғана емес, жеке техникасын да (телефон, смартфон, планшет, ноутбук, тағысын тағы) сайлап дайындайтын болғанбыз. Себебі баламен байланыс­та болу керек, одан қалды оқушыларға берілетін кейбір тапсырманы орындау техниканы қажет етеді. Әйтеуір әр балада интернетке қосылған бір техника бар. Ал олардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырмыз ба?

Зерде • 15 Тамыз, 2024

Еленбеген ерлік

«Ер есімі – ел есінде» дейміз. Бірақ ерлігі лайықты еленбегендіктен, ерлердің ел есінде қалмағаны көп. Соның бірін бізге жақында редакциямызға хабарласқан оқырманымыз баяндап берді. Әңгімесін тыңдағанда үнсіз қалдық. «Ерлік лайықты бағасын алмай қалса, қандай қиын!» деп күрсіндік.

Пікір • 27 Маусым, 2024

Әкенің орны

Сот залы. Кәмелет жастан енді асқан екі жігіт есірткіні сақтағаны, мұнысы аздай та­рат­қаны үшін соңғы үкімін тыңдағалы тұр. Екеуінің де анасы ботадай боздап отыр. Бұл – алқаби болған танысымыздың әңгі­­месі. Оның сөзінен соң басымызға бір сұ­рақ келді. Жауабын алқабиден есті­ген­де бә­рі­нің басында ненің тұрғанын түсін­ген­дей болдық.

Білім • 14 Маусым, 2024

Үмітті үкілеген ұлттық жоба

Қазақстанда әлі күнге дейін үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер бар. Дәл осы мәселені шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Жоба бойынша 2025 жылдың соңына дейін 401 жайлы мектеп салынып, пайдалануға берілуге тиіс. Бұған бюджеттен тиесілі қаражат, дәлірек айтқанда, 2,6 трлн теңге қарастырылған. Жобаның жүргізілу барысы қалай? Орын тапшылығы шынымен толық жойыла ма? «Жайлы мектеп» қай тілде оқытады? Жауап іздеп көрдік.

Білім • 25 Мамыр, 2024

Бүгін – соңғы қоңырау

Бүгін елімізде соңғы қоңырау соғылады. Жалпы, осы 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтайды. Соның 186 мыңы алтын ұя мектебімен қошта­сып, үлкен өмірге қадам басады. Бір қуаныштысы, көбейіп келеміз. Өйткені былтыр оқу жылын 3,7 млн бала, мектепті 172 мың оқушы бітірген еді.

Білім • 18 Мамыр, 2024

Оқу жылы қалай қорытындыланды?

Оқу жылы қашан аяқталады? Қорытынды емтихандар қай кезде болады? Қанша бала жазғы демалыс орындарымен қамтылады? Енді оқу орнынан қағаз нұсқадағы анықтаманың қажет болмайтыны рас па? Бұл сұрақтарға Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында жауап берілді.

Білім • 01 Мамыр, 2024

Cу тасқыны: университеттер де шет қалмады

Қазіргідей қысылтаяң шақта елдің бар назары су басқан өңірлерге ауып тұр. Материалдық, моральдық тұрғыда көмек беруге жүрегі бар жанның бәрі әзір. Сондай жанашырлық пен азаматтықты еліміздегі жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен студенттерінің де нақты әрі нәтижелі әрекетінен байқадық.

Тәрбие • 23 Сәуір, 2024

Телефонға телінген тәрбие

Ащы да болса шындық, балаларды телефон тәрбиелеп жатыр. Балалардың не қалайтыны, нені қызықтайтынынан бастап, қай сұрақтың жауабын таппай жүргенін, қандай мәселе мазалайтынына дейін – бәрін ата-анадан гөрі қолындағы смартфоны, соның ішіндегі «гугл» бастаған, түрлі қосымшасы қостаған «достары» көбірек білетін сияқты. Баланың санасында не болып жатқанынан хабардармыз ба?

Сұхбат • 19 Сәуір, 2024

Ахметқал Медеу: Табиғи апаттың себебі мен салдарын зерттеуге дайынбыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында ғылымның әлеуетін табиғи апаттарды болжауда барынша пайдалану маңызды екенін атап өтті. Осы орайда біз География және су қауіпсіздігі институтының басшысы, география ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ахметқал Медеу мырзамен әңгімелескен едік.