
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
«MIND» атты қолданбалы ғылыми зерттеу орталығы ашылды. Maqsut Narikbayev University-де ашылған орталық ғылыми ой мен тәжірибені «Think & do tank» форматында біріктіретін алаң болмақ. Аталған формат тек ұсыныстар берумен ғана шектелмей, әрекет етуге бірегей мүмкіндік жасауды көздейді.
Университет • 27 Ақпан, 2024
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Қазына» этнопедагогика және этнопсихология орталығы ашылды. Аталған орталықта ізденушілер ұлттық тәрбиенің жетістіктерін нақты жағдайда пайдалануға үйренеді.
Шаруашылық • 20 Ақпан, 2024
Отандық ғалымдар қиярдың жаңа сұрпын шығарды. Көкөніс бірнеше өңірдің ауа райына төзімді. Сондықтан бірқатар облыстағы шаруалар арасында сұранысқа ие болғалы тұр.
Білім • 19 Ақпан, 2024
Колледж студенті «Umit» чат-ботын жасады. Чат-бот қала тұрғындарын әлеуметтік жағынан қолдау бағытында қолға алынған. Көмекші құралдың қолданылу аясын кеңейтіп, болашақта ел көлемінде нарыққа шығару жоспарланып отыр.
Қоғам • 05 Ақпан, 2024
Іргетасы сонау 1968 жылы қаланған ауыл мектебінде цирк студиясы жұмыс істейді. Ақмола облысына қарасты Макинка аулындағы жалпы орта білім беретін мектеп жанынан ашылған студияда 20 оқушы шеберлігін шыңдап жүр. Цирк өнерпаздары қазірдің өзінде республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып үлгерген екен.
Медицина • 31 Қаңтар, 2024
Отандық ғалым көз ауруын емдеудің тиімді әдісін ойлап тапты. Көз ауруларын енді көзге арналған линзалар сияқты, бірақ емдейтін қасиеті бар дәрілік пленкалар арқылы емдеуге болады.
Білім • 25 Қаңтар, 2024
Жалақыға қоса шәкіртақы береді
«Teach for Qazaqstan» бағдарламасының екінші легіне іріктеу басталды. Бағдарламаға білім саласында тәжірибесі жоқ мұғалімдер мен осы мамандықты бітіргелі жүрген студенттер ғана емес, педагог болғысы келетін басқа саланың мамандары да қатыса алады.
Технология • 22 Қаңтар, 2024
Батареяңыздың қуаты жылдам таусылатынына шағымданасыз ба? Енді 50 жыл бойы бір батареямен қуаттамай-ақ жүруге болады. Жақында independent.co.uk сайты жарты ғасыр ішінде қуаттауды қажет етпейтін ядролық батарея жасалғанын хабарлады. Ядролық отын, энергия десе, бірден үрке қарайтынымыз рас. Бірақ ғылыми жаңалықтың авторлары бұл батареялардың қауіпсіз екенін айтып отыр.
Білім • 21 Қаңтар, 2024
Ақмола облысы Аршалы ауданының Ж.Тәшенов атындағы орта мектебінің оқушылары өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдарын сатып, табыс тауып отыр. Оларды мұндай пайдалы еңбекке аталған мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ беретін Алмагүл Бейсенбаева баулып келеді.
Пікір • 03 Қаңтар, 2024
Түрлі өмірлік жағдайда төрт алаяқпен сөйлесуге тура келді. Мүмкін мені бұдан да басқа бірнеше алаяқ алдауға тырысқан шығар. Әйтеуір есте қалғаны – сол төрт алаяқтық. Жақында учаскелік полицей WhatsApp әлеуметтік желісіндегі пәтер иелерінің кооперативі құрған чатқа түрлі жазулары бар картиналар жіберді. Үңілсек, алаяқтардан абай болуды меңзеген құлақтандыру екен. Ақпаратты оқығанда, «Мәссаған, мынадай хатты мен де алдым ғой» деп таңғалдым.