Білім • 17 Тамыз, 2022
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Арина атты жайдары мінезді көршіміз бар. Елордадағы клиника-диагностикалық зертханада мейіргер болып істейді. Осы қызметінен алатын жалақысы аздау болған соң, қосымша ресепшн жұмысын да атқаруға сұраныпты. Бірақ қазір қиналып жүр екен. Өйткені келушілер көбіне қазақша сұрайды, ол жауап бере алмайды. Ал кейіпкеріміз қазақ тілін 11 жыл бойы мектепте оқыған. Өзге тілде білім беретін сыныптардың түлектері қазақ тілі пәнін 10-11 жыл оқыса да неге ойын жеткізе алатын деңгейде үйреніп шықпайды? Әдістеме әлсіз бе? Бағдарлама бұрыс па? Оқулық олқы ма? Әлде мәселе кадрдың кәсібилігіне тіреліп тұр ма?
Білім • 14 Тамыз, 2022
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Жаңа оқу маусымы жақындағанда бір жаңалық жылт етті. Балалар жылында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және т.б. санаттағы қолдауды қажет ететін оқушыларға қыркүйектің қарсаңында берілетін материалдық көмек көлемі артты. Әрине, қуанышты жағдай, бірақ мұндай көмек бәріне бірдей берілмейді. Айталық, сондай көмек ала алмайтындардың арасында көпбалалы отбасылар бар. Оның үстіне, жығылғанға жұдырық, қымбатшылық та қатты қысып тұр. Осы орайда мектеп тауарларының құнына шолу жасап, мәселеге тереңдеп көрдік.
Білім • 11 Тамыз, 2022
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Халықтың әлеуметтік осал санатындағы 400 мыңнан аса бала мемлекеттен қаржылай қолдауға ие болмақ. Бұл көмек балаларға «Жалпыға міндетті білім беру» қоры арқылы көрсетіледі. Балалар жылында Мемлекеттен берілетін осы материалдық көмектің көлемі артты.
Білім • 26 Шілде, 2022
Былтыр апалы-сіңлілі екі қызбен бірге тұрдым. Үлкені медициналық университетте, кішісі ұлттық ЖОО-ның саясаттану мамандығында оқиды. Әкеден ерте қалған қыздарға шамам келгенше көмектескім келетін. Өз қолыммен пісірген дәмділерді ұсынып, арнайы кестеміз болса да, есепсіз үй жинай саламын. Кішісі компотымды, үлкені бауырсағымды жақсы көретін. Екеуі де мемлекеттік грантта оқиды.
Білім • 25 Шілде, 2022
Техникалық мамандықтарға грант көп бөлінді
Кәсібің – нәсібің. Бір кәсіпті игеру үшін, әлбетте, оқу орнында оқып, диплом алу керек. Бұл ретте мемлекет жас қазақстандықтарға тегін білім алуына жағдай жасап отыр. Сөзімізге дәлел болсын, биыл жоғары білім алуға бөлінген мемлекеттік грант саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл былтырғымен салыстырғанда шамамен 17 мыңға көп.
Білім • 21 Шілде, 2022
Қосымша білім беру қожырап тұр
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ.Тоқаев қосымша білім беру саласындағы түйткілге тоқталып, бұл – өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама екенін, қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөлінетінін атап көрсеткен еді.
Қоғам • 21 Шілде, 2022
Балабақшалардың бәрі лицензияланады
«Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жастағы балаларды 100 пайыз балабақшамен қамту жоспары жүзеге асырылғаны белгілі. Соның негізінде жеке балабақшалар көптеп ашылды. Жоспар орындалғанымен, сапа нашарлады. Енді лицензия алған балабақшалар ғана жұмыс істемек.
Білім • 21 Шілде, 2022
Алтын медальға – 4,5 млн теңге
Қазақстандық оқушылар халықаралық пән олимпиадаларында ел намысын қорғап, жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Газетіміздің өткен нөмірлерінде физика мен математика пәндерінен халықаралық жарыста топ жарған өрендеріміз туралы жазып, сүйіншілеген едік. Міне, енді дарынды дарабоздарымыздың Географиядан халықаралық олимпиададағы жетістігін сүйіншілеудің сәті түсіп тұр.
Білім • 18 Шілде, 2022
Талғамай оқудың пайдасы бар ма?
Қосымша курсқа жазылғанмын. Кезекті сабаққа уақтылы бардым. Бірақ әлі аудитория біздің алдымыздағы топтан босамапты. Содан сөмкемдегі кітапты суырып алдым да, келген жерімнен жалғастыра оқи кеттім. Малайзиядан оқып келген мұғалім алдыңғы топпен жұмысын аяқтап, маған жақындады да: «Кітапты көп оқисың ба?», деп сұрады.
Білім • 18 Шілде, 2022
Ой жарыстырған оқушылар олжасы
Өткен аптада Қазақстан атынан қатысқан дарынды дарабоздар екі бірдей халықаралық пән олимпиадасынан үздік нәтиже көрсетіп, ел қоржынына алтын, күміс, қола медальдар салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы халыққа Жолдауында дарынды балаларды қолдау шараларын әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай енді жоғарыдағы жарыстардың жеңімпаздары отандық ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай-ақ оқуға түсе алады.