
Мектеп • 24 Сәуір, 2025
Мектептерде бірыңғай ас мәзірі болады
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі. Енді еліміздегі барлық орта білім ұйымында ғылыми негізделген бірыңғай ас мәзірі болады. Бұл оқушылардың денсаулығын сақтау және сапалы білім алуға жағдай жасау үшін қолға алынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 17 Сәуір, 2025
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті үндеу жолдады
Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда балалардың терезеден құлау көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Әсіресе, 2-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер үшін бұл аса қауіпті. Мұндай қайғылы жағдайлар көбіне ересектердің бейқамдығынан және терезеге арнайы қорғаныс құралдарының орнатылмауынан болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 10 Сәуір, 2025
Жас ұстаз әдебиетті комикспен оқытып жүр
Телефонға телмірген жас буынды кітап оқуға баулу табандылықты, заманға ілесе білетін тапқырлықты талап етеді. Осы үдеден шыға білген жас мұғалім әдеби туындыларды комикс арқылы оқытады. Ол оқулықтағы шығармаларды жасанды интеллектінің көмегімен балаларға қызық жанрға айналдырған. Жаңа әдісті енгізгелі оқушылардың пәнге бұрынғыдан көбірек қызығатыны байқалыпты.
Білім • 28 Қаңтар, 2025
Қаңтардағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтіп жатыр. 13 қаңтарда басталған тестілеуді 2 аптада 79 мыңнан аса адам, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 203 талапкер (оларға қосымша 40 минут беріледі) тапсырған. Тестіленушілердің 30 пайызы шекті балл жинай алмаса, 111 адамның нәтижесі жойылған.
Білім • 09 Қаңтар, 2025
Тестілеуге 167 мың талапкер қатысады
Алдағы аптадан Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталады. Жаңа жылдағы алғашқы тестілеуге қатысу үшін 167 мың талапкер өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мыңға көп.
Ғылым • 07 Қаңтар, 2025
Ділгір мамандарды даярлау мәселесі
Елордада әлеуметтік сала мамандарын даярлау мәселесі талқыланды. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Ғылым • 10 Желтоқсан, 2024
Осындай тақырыппен Астанада ғылыми форум өтті. Жас ғалымдар альянсы (YRA – Young Researchers Alliance) Назарбаев университетінің қолдауымен биыл 4-рет ұйымдастырып жатқан ауқымды жиынға жалпы саны 500-ге жуық Қазақстан мен шетелден келген жас ғалым, билік, ғылым мен бизнес өкілі қатысты. Олардың қатарында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Парламент депутаттары бар.
Білім • 03 Желтоқсан, 2024
Ауыл балалары олимпиадасы аяқталды. Елордада елді мекендерде орналасқан мектептердің оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды. Қорытындылау жиынына Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, педагогтер, білім бәйгесінің жүлдегерлері мен ата-аналар қатысты.
Білім • 30 Қараша, 2024
Магистратураға құжат қабылдайды
Биыл жазда магистратураға тест тапсырған 10 мыңға жуық адамның 32%-ы ғана шекті балл жинады. Демек тестіленушілердің 70 пайызға жуығы оқуға түсе алмаған. Сол талапкерлерге және уақытында құжат тапсырып үлгере алмаған үміткерлерге тағы бір мүмкіндік туып тұр.
Білім • 29 Қараша, 2024
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Министр техникалық және кәсіби білім саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелермен танысып, қытайлық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді. Осы арқылы Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіби білім саласында ынтымақтастық артпақ.