
Ғылым • 27 Маусым, 2022
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының (ҰҒА) 75 жылдығында аталған ұйымға мемлекеттік мәртебе берілетінін мәлімдеді. Бұл – отандық ғылымға жасалған зор қолдау. Мұндай мүмкіндікті қалай пайдаланған тиімді? Академияның алдағы бағыты мен міндеттері қандай болмақ? Құқықтық мәртебесін ғана емес, бұрынғы беделін қайтару үшін не істемек керек? Ендігі мәселе осы секілді. Осы ретте біз салмақты сауалдарға жауап берген ғалымдардың ой-пікірін жариялауды жөн көрдік.
Білім • 27 Маусым, 2022
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Халықаралық Түркі академиясының бастамасымен түркі әлеміне ортақ 3 түрлі оқулық әзірленді. Бауырлас елдер арасындағы білім саласы бойынша ынтымақтастықты арттыруға бағытталған оқулықтар Түркі елдерінің мемлекет басшылары қатысқан Саммиттегі тапсырмаға сәйкес басталған еді. Сараптамадан сәтті өткен кітаптар енді еліміздегі мектептерге таратыла бастайды. Сондай-ақ Қазақстан Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесіне төрағалық етпек. Бұл туралы елордада өткен кеңестің V отырысында айтылды.
Білім • 23 Маусым, 2022
Үздік ұстаздарға арналған арнайы бағдарлама
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалім тапшы өңірлердің мәселесін шешуді тапсырған еді. Осыған орай жауапты ведомство арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Жақында Оқу-ағарту министрлігі аталған жобаның іске қосылғанын хабарлады.
Білім • 22 Маусым, 2022
Қазақстандық мұғалім – Apple компаниясының тренері
Әлемге әйгілі Apple компаниясы жыл сайын оқытушыларға арналған Apple Certified Trainer курстарын өткізеді. Биыл аталған курстан өткендер қатарында Германия, Ирландия, БАӘ, Мысыр, Үндістан секілді елдердің педагогтерінен бөлек қазақстандық мұғалім де бар.
Қоғам • 20 Маусым, 2022
Ата-ана мен баланы жақындататын жарыс
Елордада Балалар жылына орай өткізілген FAMILY STEAM CHALLENGE-2022 отбасылық сайысының финалдық кезеңі қорытындыланды. Байқауды «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен STEAM LAB компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Ғылым • 15 Маусым, 2022
Артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісі
Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияларды емдеудің жаңа әдістерін ойлап тапты. Зерттеушілер жаңа әдістер мен осыған қатысты құрылғыларға отандық және халықаралық патент алды. Оны енді практикада қолдануға болады.
Ғылым • 14 Маусым, 2022
Өткен аптаның соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Маңызды құжатта «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын» делінген. Ғылымның маңыздылығына коронавируспен күрес және кейінгі кездердегі технологиядағы жетістіктер көзімізді анық жеткізді. Сондықтан да Президенттің бұл қадамы қоғамның зор қолдауына ие болғаны сөзсіз.
Білім • 13 Маусым, 2022
Магистратураға құжат қабылдау басталды
Кешенді тестілеуге қатысу үшін берілетін өтініштер 2022 жылғы 15-шілдеге дейін қабылданады. Тіркеу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.
Білім • 09 Маусым, 2022
Жоғары нәтиже көрсеткендер де, ереже бұзғандар да бар
Қазіргі уақытта елімізде биылғы ең негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы өтіп жатыр. Талапкерлердің арасында жоғары нәтиже көрсеткендер де, ереже бұзғандар да бар.
Білім • 07 Маусым, 2022
«Егемен» көтерген мәселе оң шешімін тапты
Ел газетінде көтеріліп, оң шешімін тапқан мәселе көп-ақ. Соның жарияланып жатқаны аз. Бірақ мына бір жаңалықты ауыз толтырып айтуға болатындай. Себебі қаншама ата-ана мен оқырманымызды қуантатын шешім секілді.