
Ғылым • 03 Шілде, 2025
Елімізде ауызсу мәселесі өзекті. Кейінгі жылдары бұл үлкен мінберлерден де айтылып, нәтижесінде, салалық министрлік пен арнайы университет те ашылды. Түптеп келгенде, әр түйткілдің түйіні – ғылымда. Осы орайда отандық ғалымдар таза сумен қамту жағдайын жақсартуға қандай қадамдар жасап жүр?
Өндіріс • 19 Маусым, 2025
Отандық ғалымдар балқытылған күкіртті құнды өнімге айналдырмақ. Осыған қажетті технологияны олар АҚШ-тың Аризона университетінің зерттеушілерімен бірлесіп әзірледі.
Білім • 18 Маусым, 2025
Оқушылар тағатсыздана күткен каникулына жеткеніне де біршама уақыт болып қалды. Балалар үшін демалыстың қауіпсіз, пайдалы әрі қызық өтуі ерекше маңызды. Елімізде жазғы лагерьлер маусымы басталды. Бұл жұмыс қалай ұйымдастырылды, талапқа сай іске асып жатыр ма, жас өрендер жанына азық болар дүние алатындай сапалы ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Білім • 14 Маусым, 2025
Қазір білім аламын деген адамға шекара да, шектеу де жоқ. Үйде отырып-ақ, елден шықпай-ақ әлемге әйгілі жоғары оқу орындарының курстарынан өтіп, сертификат иеленіп, тіпті диплом алуға болады. Бұған ашық университеттер жобасы мен онлайн білім бағытының қалыптасып, дами түскені ықпал етті.
Білім • 13 Маусым, 2025
Магистратураға құжат қабылдайды
1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының «App.testcenter.kz» сайтында алдағы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
Білім • 05 Маусым, 2025
Магистратураға құжат қабылданады
1 маусымнан магистратураға кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының «app.testcenter.kz» сайтында 2025 жылғы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
Сұхбат • 05 Маусым, 2025
Қазір елімізде негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өтіп жатыр. Талапкерлер өзара «Нағыз ҰБТ» атап кеткен тестілеудің нәтижесімен білім гранты конкурсына қатысады. Сондықтан да дәл бұл кезеңнің үміткерлер мен олардың ата-анасы үшін маңызы зор. Осыған орай біз Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек СЕРІКБАЙҰЛЫмен сұхбат құрған едік.
Сұхбат • 05 Маусым, 2025
Ғылым саласында нәтиже көрсету қажырлы еңбек пен терең білімді қажет етеді. Сондай жолды таңдаған ҰҒА академигі Дөрбетқан СҰРАҒАН – Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың, «Ferran Sunyer i Balaguer Prize» халықаралық сыйлығының лауреаты. Ол – дүниежүзі бойынша еңбектеріне келтірілген сілтемелер саны ең көп қазақ ғалымдарының бірі. Назарбаев университетінде оқытушылық қызмет атқаратын ғалым қазір іргелі іс-шараны ұйымдастырудың басы-қасында жүр.
Балалар • 31 Мамыр, 2025
Ұрпаққа қамқорлық – басты назарда
Ұрпағына барын берген ұлтымыз баланы өмірдің мәні мен сәні, жалғасы көреді. Бұл мұрат мемлекет миссиясында көрініс тауып отыр ма? Үкімет деңгейінде еліміздің ертеңі болар бүгінгі буынға қандай жағдай жасалып жатыр? Нәтижелер нені көрсетеді? Балалар күні қарсаңында шағын шолу арқылы жоғарыдағы сұрақтарға жауап табуға тырыстық.
Білім • 29 Мамыр, 2025
Негізгі ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) 16 мамыр күні басталған. Содан бері 52 мың адам тест тапсырып үлгерді. Олардың ішінде 163-і – ерекше білім беруді қажет ететін тестіленушілер. Үміткерлердің 66%-ы қазақ тілінде, 33%-ы орыс тілінде және қалған пайызы, нақтырақ айтқанда, 65-і ағылшын тілінде тестілеуден өтті.