Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
391 материал табылды

Спорт • Бүгін, 07:48

Жарыс күнделігі

Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) жаңартылған рейтингін жариялады. Үздіктер қатарында еліміздің бірнеше спортшысы бар. Әлем, құрлық чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Мөлдір Жаңбырбай 50 кг салмақ дәрежесінде жеке-дара көш бастап тұр. Талай байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілген Әсел Қанай (61 кг) мен София Берульцева (+68 кг) екінші орынға табан тіреді.

Спорт • 26 Желтоқсан, 2025

Әбиба көш бастап тұр

Дзюдошылардың әлемдік рейтингі жаңартылды. Бір қуаныштысы, Әбиба Әбужақынова биылғы жылдың қорытындысы бойынша 48 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген балуандар арасынан ең үздік деп танылды.

Спорт • 26 Желтоқсан, 2025

Жарыс күнделігі

«Sofascore» порталы 2025 жылдың қорытындысы бойын­ша ең жақсы нәтиже көрсеткен еліміз футболшылары- ның есімдерін атады. Үздіктер тізімін тасқамал қорғаушы Нұралы Әліп бастап тұр. Ұлттық құрама мен Ресей премьер-лигасындағы Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының намысын қорғап жүрген қандасымыз әр ойын барысында орта есеппен 7,35 ұпай жинады.

Қоғам • 22 Қараша, 2025

Рейтинг көңіл көншітпейді

ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстанның футболшылары өзінің 115-орнын сақтап қалды. Жерлес­теріміз Мавритания мен Малайзияның ортасында тұр.

Спорт • 22 Қараша, 2025

Бекзат пен Асу айқасады

22 қарашада Қатардың бас шаһары Дохада UFC-дің кезекті турнирі өтеді. Сол кеште аса жеңіл салмақ дәрежесінде күш сынасып жүрген Бекзат Алмахан испаниялық Александр Топуриямен айқасады.

Спорт • 15 Қараша, 2025

Жарыс күнделігі

20 қарашада шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Азия чем­пионатының шымылдығы түріледі. Бұл бәсекеде сары құр­лықтың ең үздік төрт командасы айналмалы жүйе бойынша сайысқа түседі. Олар – Қытай, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Жапония. Еске сала кетейік, был­тыр Алматыда өткен жарыста жерлестеріміз бас жүлдені олжалады.

Бокс • 14 Қараша, 2025

Ағайындылар атой салғанда

Осыдан біраз уақыт бұрын Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында ел спорты тарихында бірнеше тарихи оқиға тіркелді. Аталған жарыста ағайынды 24 жастағы Махмұд пен 19 жастағы Төрехан Сабырхан бас жүлдені олжалады. Ағасының бұл екінші атағы болса, інісі алғаш рет осындай биікке көтерілді. Тұманды Альбион елінде Айбек Оралбай да теңдессіз деп танылды. Оның сыңары Нұрбек осыдан екі жыл бұрын Ташкентте қарсылас шақ келтірмеген еді. Олар – 25 жастағы жалындап тұрған жігіттер. Осылайша, қазақтың киелі шаңырағынан әлем чем­пион­дары қос-қостан шығып жатыр. Осындай мерейлі сәтте қазақ спортының тарихына үңіліп, бір әулеттен шыққан чемпиондарды түгендеп шығуды жөн көрдік.

Спорт • 13 Қараша, 2025

Жеңісті жол жалғасады

Эр-Риядта өтіп жат­қан Ислам ынты­мақ­тастығы ойын­дарында еліміз құра­ма­сының қор­жыны тағы бір­неше жүл­демен то­лық­ты.

Спорт • 12 Қараша, 2025

Жарыс күнделігі

WTA-ның қорытынды турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакина әлемнің ең үздік теннисшілерінің ТОП-5-тігіне енді. Еліміздің бірінші ракеткасы тек беларусьтық Арина Соболенко, польшалық Ига Швентек, америкалық Коко Гауфф пен Аманда Анисимовадан қалып келеді. Бір ғажабы, отандасымыз Эр-Риядтағы жарыста әлемдік рейтингте өзінен жоғары тұрған осы төрт ойыншының үшеуін (Соболенко, Швентек, Анисимова) ұтты.

Футбол • 12 Қараша, 2025

Соңғы сынақ

Еліміздің құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы соңғы матчын 15 қарашада «Астана Аренада» Бельгияға қарсы ойнайды. 18 қарашада Хорватияда Фаррер аралдарымен жолдастық кездесу өткізеді.

Яндекс.Метрика