Спорт • 13 Маусым, 2025
Нысананы көздеуден Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінде Валерий Рақымжан күміс медаль иеленді. Мерген жігіт 10 метрден пневматикалық тапаншамен атуда 241.9 ұпай жиды. Бірінші, екінші орындарға қытайлық Ху Кай (242.3) мен германиялық Кристиан Рейтц (220.8) ие болды.
Спорт • 12 Маусым, 2025
13–19 маусым аралығында Мажарстанның бас шаһары – Будапеште дзюдодан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Оған жер жаһанның 92 мемлекетінен келген 566 татами шебері қатысады. Еліміздің құрамасы сапында Елдос Сметов қана жоқ. Қазіргі кезде даңқты спортшымыз Ұлыбританияда білімін жетілдіріп жүр. Басқа белді балуандарымыз бұл күндері Дунай өзенінің жағалауында өтетін дүниежүзілік додаға қызу даярланып жатыр.
Спорт • 11 Маусым, 2025
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласындағы «Jecheon Gymnasium» аренасында спорттық гимнастикадан ерлер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Бокс • 11 Маусым, 2025
Нидерландтың Эйндховен қаласында өткен халықаралық турнирде еліміздің боксшылары табысты өнер көрсетті. Финалға шыққан бес жігітіміз де қарсыластарын еркін ұтып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Теннис • 11 Маусым, 2025
«Ролан Гаррос» турнирі аяқталды
Францияның астанасы – Парижде «Ролан Гаррос» турнирі мәреге жетті. Еліміздің теннисшілері арасынан Анна Данилина ең жақсы нәтиже көрсетті. Сербияның сымбаттысы Александра Круничпен жұптасқан жерлесіміз финалға дейін жетті. Алайда шешуші бәсекеде жолы болмады.
Спорт • 11 Маусым, 2025
27 шілдеде Жапонияның Сайтама қаласында аралас жекпе-жектен өтетін RIZIN 4 турнирінде Қаршыға Дәуітбек Киома Акимотомен айқасады. 19 жастағы жергілікті жас жұлдыз осыған дейін тоғыз мәрте октагонға шығып, сегіз сайыста басымдық танытты. Кезінде «Алаш Прайдтың» сапында болған Қаршыға 21 бәсекенің 18-інде жеңіске жетті. Бір айта кетерлігі, 31 жастағы қазақ файтері кейінгі алты жылдан аса уақыт аралығында бірде-бір рет жеңілген жоқ, қатарынан 10 жекпе-жекте жеңіс тойын тойлады.
Спорт • 10 Маусым, 2025
Қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан «АТР 250» турнирінің негізгі бөлігіне шыға алмады. Іріктеу сайысында ол швейцариялық Марк-Андреа Хуслерді ұтты. 1 сағат 44 минутқа созылған бәсеке 6:3, 5:7, 6:4 есебімен аяқталды. Бірақ шешуші бәсекеде Бейбіт мажарстандық Мартон Фучовичқа есе жіберді – 7:6, 3:6, 2:6.
Күрес • 06 Маусым, 2025
Ел кубогінің иегерлері анықталды
Астанада өткен ел кубогін грек-рим күресі шеберлері қорытындылады. Жарыстың жалпыкомандалық есебінде жергілікті балуандар көш бастады. Алматы облысы екінші, қостанайлықтар үшінші орынға ие болды.
Теннис • 04 Маусым, 2025
Парижде Ролан Гаррос додасы бел ортасына таяды. «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің жүлде қоры – 56 352 000 еуро. Францияның бас шаһарындағы дүбірлі додада сәтті ойнаған теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылап қана қоймай, материалдық тұрғыдан да мол олжаға кенеледі.
Спорт • 04 Маусым, 2025
Азия чемпионатынан – алты жүлде
Оңтүстік Кореяның Куми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Сары құрлықтың мықтылары жиналған жарыста еліміздің құрамасы алты жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте төртінші орынға табан тіреді. Алдымызда – Қытай (19 алтын, 9 күміс, 4 қола), Үндістан (8+9+6), Жапония (5+11+12).