Хоккей • 28 Тамыз, 2024
Шайбалы хоккейден еліміздің ұлттық құрамасы Астанада өткен Президент кубогі жолындағы жарыс аяқталған бетте қысқы Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын турнирге дайындығын бірден бастап кетті.
Шахмат • 28 Тамыз, 2024
Грузияның бас шаһары Тбилисиде ұйымдастырылған ФИДЕ-нің Гран-при турнирі әлемнің атақты шахматшыларының басын қосты. Солардың арасында Бибісара Асаубаева да бар.
Олимпиада • 28 Тамыз, 2024
Бүгін Францияның бас шаһары Парижде XVII жазғы Паралимпия ойындарының алауы тұтанады. 6 қыркүйекке дейін созылатын бәсекелер барысында әлемнің әр қиырынан жиналған 4 400 атлет спорттың 20 түрінен сайысқа түсіп, 549 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Солардың қатарында Қазақстанның да параспортшылары бар.
Спорт • 27 Тамыз, 2024
Иорданияның астанасы Амманда күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы (U-17) әлем біріншілігі аяқталды. Бұл жарысты Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен қорытындылады.
Спорт • 24 Тамыз, 2024
Эфиопияның астанасы Аддис-Абебеде «IBA чемпиондарының түні» деп аталатын дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста 48 кг салмақтағы қазақтың әйгілі кәсіпқой боксшысы, әлем және Азияның екі дүркін чемпионы Теміртас Жүсіпов жұдырықтасты. Ол құрлық біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы, өзбекстандық Нодиржон Мирзаахмедовпен қолғап түйістірді. 8 раундтық сайыс қазақ боксшының жеңісімен аяқталды.
Спорт • 24 Тамыз, 2024
Паралимпиада алауы тұтанатын күн жақын
28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында еліміздің 44 өкілі өнер көрсетеді. Олар спорттың тоғыз түрінен бақ сынайды. Жарыстың ашылу салтанатында мемлекеттік туымызды параволейболшы Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуші Севда Әлиева ұстап шығады.
Теннис • 23 Тамыз, 2024
Теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігінің басталуына санаулы күн ғана қалды. Нақтылай айтсақ, 26 тамызда Нью-Йоркте шымылдығы түрілетін жарыс 8 қыркүйекте өз мәресіне жетеді. «Үлкен дулыға» санатына енген дүбірлі додада әлемнің ең үздік ойыншылары өнер көрсетеді. Бақ сынаушылар қатарында еліміздің де теннисшілері бар. Биыл US Open турнирінің жүлде қоры 75 млн долларды құрап отыр. Бұрын-соңды теннисшілердің бірде-бір бәсекесінде дәл осындай қомақты сыйақы тағайындалмаған еді. Бұл – рекордтық көрсеткіш!
Спорт • 23 Тамыз, 2024
Күрес түрлерінен Йордания астанасы Амманда өтіп жатқан жастар арасындағы (U-17) әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні өрендеріміз қос күміс медальға қол жеткізді.
Спорт • 17 Тамыз, 2024
Қазіргі кезде күллі әлем жұртшылығы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада алауы тұтанатын V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын тағатсыздана күтіп отыр. Бірнеше спорт түрін қамтитын дүбірлі додаданың аса тартысты өтетініне қылаудай да күмән жоқ. Себебі ұйымдастырушылар тарапынан дайындық барысы қарқынды және қатысушы командалардың барлығы да көшпелілердің даналығы мен дәстүрін, мәдениеті мен өнерін көрсететін жауапты жарысқа қызу даярланып жатыр.
Спорт • 10 Тамыз, 2024
Бүгінгі таңда өнер көрсетіп жүрген спортшылар арасындағы ең атақтысы АҚШ-тың өкілі Кэти Лэдекин екені даусыз. Орта және ұзын қашықтыққа жүзетін 27 жастағы Вашингтонның тумасы Парижде 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальды иеленді. Оған дейін ол 2012 жылы Лондон, 2016 жылы Рио-де-Жанейро және 2021 жылы Токиодағы додаларда олжаға кенелді. Қазіргі кезде Кэтидің қоржынында 9 алтын, 4 күміс және 1 қоласы бар. Сөйтіп, Лэдекин Олимпиадада ең көп жүлде алған спортшылар тізімінде үшінші орынға көтерілді. Оның алдында тек америкалық жүзуші Майкл Фелпс (23 алтын+3 күміс+2 қола) пен КСРО гимнасшысы Лариса Латынина (9+5+4) орап тұр.