Спорт • 13 Қараша, 2023
Жетпісбаев жүлдесі үшін белдесті
Талдықорғандағы «Жастар» спорт кешенінде дзюдодан атақты балуан, білікті бапкер Берік Жетпісбаевтың жүлдесі үшін республикалық турнир өз мәресіне жетті. Оған еліміздің бірқатар өңірінен келген 550-ден аса балғын балуандар қатысты. Жарысты тамашалауға келгендер арасынан Саят Құдайбергенов, Ержан Кенжебаев, Руслан Сымтықов, Қайрат Күнсафин, Нұрбол Сүлейменов, Ұлан Рысқұл, Мейіржан Қашағанов, Ерлан Тәжіков, Ерлан Сіләмбаев, Батыр Имашев, Дастан Сәдуақасов, Марат Таханов, Айдос Валиев, Бекарыс Сәдуақас сынды танымал жаттықтырушылар мен спортшыларды көзіміз шалды.
Спорт • 13 Қараша, 2023
Самбодан Арменияның бас шаһары Ереванда өткен әлем чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы екі жүлдемен толықты. Анықтап айтсақ, Арайлым Әбенова алтыннан алқа тағып, Әлібек Зекенов қола медальді мойнына ілді.
Футбол • 13 Қараша, 2023
Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Еуро-2024» додасының іріктеу турнирінің алдағы матчтарында мына ойыншыларға сенім артатынын жария етті.
Хоккей • 13 Қараша, 2023
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) қатарынан үш ойында ұтылып, жанкүйерлерді әбден мезі еткен «Барыс» осы жолы әупірімдеп жүріп жеңіске жетті.
Теннис • 13 Қараша, 2023
Теннистен әйелдер арасындағы әлемдік рейтинг қайта жаңартылды. Қазақстанның ойыншылары WTA тізіміндегі өз орындарын сақтап қалды.
Жекпе-жек • 13 Қараша, 2023
Келесі жылдың көктемінде аралас жекпе-жектегі ең белді промоушен – UFC-дің мерейтойлық турнирі өтеді деп жоспарланып отыр. Дәл қазіргі кезде 300 мәрте ұйымдастырылғалы отырған жарыста кімдердің өнер көрсететіні анықталып жатыр.
Футбол • 13 Қараша, 2023
Жастар қарсылық көрсете алмады
Футболдан «Еуро-2024» додасының іріктеу сынына даярланып жатқан Қазақстанның ұлттық құрамасы еліміздің жастар командасына (U-21) қарсы жолдастық кездесу өткізді.
Спорт • 13 Қараша, 2023
Алматыда каратэден Азияның ашық чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Жапония, Германия, Иран, Үндістан, Кувейт, Қырғызстан, Түрікменстан, БАӘ, Сауд Арабиясы және Ресей құрамалары күш сынасты.
Кәсіпқой бокс • 12 Қараша, 2023
Жәнібектің ендігі қарсыласы кім?
Қазан айының бел ортасында АҚШ-тың Техас штатындағы Розенберг қаласында германиялық Винченцо Гуальтьериді алтыншы раундта ұрып жығып, орта салмақта WBO мен IBF секілді екі бірдей белді нұсқаның чемпиондық белбеуін иеленген Жәнібек Әлімханұлы «Top Rank Boxing» промоутерлік компаниясының басшыларына алдағы уақытта Эрисланди Лара немесе Карлос Адаместің бірімен жекпе-жек ұйымдастыру жайында өтініш білдірді. Ал сол боксшылар жайында біз не білеміз?
Спорт • 12 Қараша, 2023
Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде еліміздің мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров табысты өнер көрсетті.